Астаналықтар белгілері коронавирусқа ұқсас инфекцияны жаппай жұқтыра бастады

Астаналықтар белгілері коронавирусқа ұқсас инфекцияны жаппай жұқтыра бастады

Астаналықтардың дене қызуы көтеріліп, олардан құсу, іш өту сияқты белгілер байқалып жатыр. Адамдар энтеровирустық инфекциямен бүкіл отбасы болып, ауыра бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігерлері бір күнде осындай белгілермен 5 адам келгенін айтты.

 

Вирус ағзаға ауа тамшылары арқылы, ластанған суда шомылу кезінде, сонымен қатар фильтрден өтпеген су, жуылмаған көкөністер мен жемістер арқылы тарайды.

 

Нақты емдеу әлі әзірленбеген. Асқынған жағдайда өлімге апарып соқтыруы мүмкін.

 

Гүлжанат Шершікбаева, Астана қаласы бойынша МСК ауа-тамшылы инфекциялар бөлімінің меңгерушісі:

 

– Нақты емі жоқ, нақты вакцина әзірге жоқ. Негізінен емдеу симптоматикалық. Асқынулары бар - менингит. Бұл жерде менингит, менингоэнцефалит, әрине ауыр жағдайлар болады. Кейде өлім-жітім де болады.

 

Биыл 5 айда энтеровирусты инфекцияның 569 жағдайы тіркелген. Ал былтыр ауру жұқтырғандар екі есе аз болған, 283 адам.

 

"Негізінен ауру ұйымдаспаған, бірге жүрмеген балалар арасында тіркеліп отыр. Бұл дегеніміз 66% яғни, балабақшаға бармайтын балалар, үйдегі балалар ауырып жатыр. Ауыз суға, субұрқақтарға, су қоймаларына, ашық су қоймаларына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Бүгінге дейін зертханалық зерттеулерде оң нәтиже табылған жоқ", - деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.

 

Клиникалық белгілері кем дегенде коронавирусқа ұқсас, бірақ бұл мүлдем басқа ауру дейді дәрігерлер. Ал менингитпен ауыратын науқастар ауруханадағы көршілеріен ұқсас белгілерді байқайтынын айтады.

 

Нұрмұхан Мирсағатов, науқас:

 

– Температура көтерілді, бас ауырды, жүрегім айныды. Тест нәтижесі шыққанда вирус табылғанын айтып, осында ауруханаға жіберді.

 

Дәрігерлер өзіңізді және балаларыңызды қорғау үшін жалпы қарапайым нәрселерді істеу керек екенін - қолды жиі жуып, тазартылған суды ішу керек екенін еске салады. Жазда ашық су қоймаларына барудан бас тартуға кеңес береді.

 

Энтеровирусты инфекциялар – энтеровирустар тудыратын және тек адамдарда болатын аурулар тобы.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста