Астанадағы онкологиялық орталық, аурухана мен емхана сенімді басқаруға берілмек
Елорда әкімдігі қаланың бірқатар медициналық мекемесін сенімді басқаруға беруді жоспарлауда.
Бұл жайында қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келесі денсаулық сақтау нысанын сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылданды: «Демеу» отбасылық медициналық оқу-тәжірибелік орталығы» МКК, «Окологиялық орталық» МКК, «№1 қалалық емхана» МКК (бұл нысандар үшін JCI халықаралық стандартын енгізу міндетті шарт саналады), «№6 емхана» МКК», - делінген хабарламада.
Мұнан бөлек, ағымдағы жылы «Стомотология» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС-ін жекешелендіріп, бастапқы медициналық көмектің қол жетімділігін 20 минуттың ішінде қамтамасыз ету үшін «Үй дәрігері» ауқымды жобасын бастау жоспарланған.
Айта кетейік, Астана әкімдігі «Демеу» отбасылық медицина орталығының ғана сенімді басқаруға берілетіндігін хабарлаған болатын.