Ақтөбе облысында қызылша инфекциясымен ауырған балалар саны артты

Ақтөбе облысында қызылша инфекциясымен ауырған балалар саны артты

Ақтөбе облысында қызылша инфекциясымен ауырып жатқандар саны көбейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақтөбедегі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары дабыл қағып отыр. Себебі бүгінде қызылшамен ауырып жатқандар саны артқан.

 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Райхан Қошанованың айтуынша, қазір өңірде қызылша ауруына күдікті 45 жағдай тіркеліп отыр. Оның 41-і облыс орталығында болса, үшеуі Алға ауданында, ал біреуі — Мәртөк ауданында.

 

Қазір Ақтөбе облысында қызылша инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр. Олай дейтініміз, биылғы жылдың 16 ақпаны мен 5 шілде аралығында Ақтөбе облысы тұрғындарының арасында қызылша жұқтырған 45 адам тіркеуге алынды. Қазір осы науқастардың ішінде 29-ының ауруы зертханалық жолмен расталды. 29 адамның ішінде 27-сі — 14 жасқа дейінгі балалар, — дейді ол.

 

Департамент басшысының айтуынша, ауруы зертханалық жолмен расталған 29 науқастың 10-ы инфекцияны шетелге барып, жұқтырып келген. Ал 7 адам науқаспен қарым-қатынаста болып, жұқтырып отыр. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

 

Облысымызда тіркелген қызылша ауруымен ауырып жатқандардың 90 пайызы осы індетке қарсы екпе алмаған балалар. Яғни, уақытында ата-аналар балаларына қызылшаға қарсы вакцина салдырмаған. Соның салдарынан осындай жағдай орын алып отыр. Осы тұста айта кеткім келеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы иммунитетті тұрақты қалыптастыру үшін балаларға бір жасында екпе салынады. Сондай-ақ олар 6 жаста ревакцинациядан өтеді. Ал қызылшамен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған, бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған 30 жасқа дейінгі адамдар осы жасқа келгенше вакцина алуы керек, — дейді ол.

 

Зерттеп білгеніміздей, Ақтөбеге қызылша инфекциясы Түркия және Египет елдерінен келіп жатыр екен. Себебі қазір ақтөбеліктердің арасында осы екі елге баратындар саны артқан.

 

Ең алғаш рет бұл індет облыста 16 ақпанда тіркеліпті. Сол кезде Ақтөбе қаласының тұрғындары Түркия еліне барып, елге келген соң отбасында екі баланың инфекция жұқтырғаны анықталған. Ал дәрігерлер болса бұл індеттің алдын алуда қауқарсыз болып отыр. Себебі бірқатар ата-аналар белгісіз себептермен балаларына қызылшаға қарсы екпе салдырмай отыр.

 

Жоғарыда атап өткендей, шетелден келген он адам қазір ауырып жатыр. Олардың арасында көбі — балалар. Жалпы бұл ауру ауа-тамшы жолы арқылы жұғады. Қызылшаға қарсы егілмеген адам осы аурумен тез ауырады. Бұл аурудың инкубациялық кезеңі 21 күнге созылады. Ал алғашқы белгілері бөртпе немесе температура болуы мүмкін. Жалпы бөртпе шыққан соң ауру бес күн ішінде адамға өте қауіпті, — дейді Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Мұрат Мирманов.

 

Бұған дейін Ақтөбе облысында діни жат ағымда жүргендер балаларына екпе салдырмайтыны жиі айтылатын. Қазір мұндайлардың қатары азайған сияқты. Дегенмен әлі де болса өңірде балаларына екпе салдыруға қарсы ата-аналар саны азаймай отыр. Мамандар болса оларға ештеңе жасай алмайтынын айтады. Тіпті, денсаулық сақтау саласының адамдары оларға тек кеңес берумен шектелетінін жеткізіп отыр. Сонда оларды «тәртіпке» салатын ешкім болмағаны ма? Бұл мәселе қазір қоғамда ешбір жауапсыз қалуда.

 

Мұрат Мирмановтың айтуынша, облыста жыл басынан бері департамент тарапынан бұл бағытта ата-аналарға түсіндіру шаралары жүргізілуде. Дегенмен нәтиже аз.

 

Департамент мамандары берген деректерге сүйенсек, жыл басынан бері облыста инфекция жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 2177 адам анықталған. Оның ішінде эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундауға жататындарының саны 91 болса, екпемен қамтылғаны – 28, ал медициналық қарсы көрсетілім бойынша екпе алмағандардың саны — 63.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста