Аллергия ғасыр дертіне айналып барады

Аллергия ғасыр дертіне айналып барады

Дәрігерлердің пікірінше ХХІ ғасырда ең көп таралған аурулардың ішінде аллергия бірінші орынға шығуы мүмкін. Өйткені бүгінде онымен жер шарындағы 2 миллионнан астам адам зардап шегеді. Дәріханаларда аллергияға қарсы дәрілерге сұраныс көбейген. Көп ретте стресс, экологиялық ахуал, дұрыс тамақтанбау аталған дерттің пайда болуына жағдай туғызады. Жеміс ағаштарының бүршік жаруы, шаң тозаң, гүлдер мен өсімдіктердің өткір иісі де аллергия тудыратын негізгі факторлардың бірі. Әр аймақтың өзіне тән аллергия тудыратын өсімдіктері болады. 

Мәселен, жапондықтар балқарағай, киевтіктер каштан гүлдегенде көп зардап шегеді. Ортаазиялықтар жусанның әр түрінен туындайтын аллергия ауруларымен жиі науқастанады. Біздің елімізде де аллергия тудыратын ағаштар аз емес. Біреулер шие ағашы гүлдегенде, енді біреулер хош иісті акация гүлдегенде аллергиялық ауруларға шалдығады. Аллерголог мамандарда барлық өсімдіктердің тозаңдану кестесі бар. Олар осы кесте арқылы аллергияның себептерін анықтай алады. Одан соң зертханада аллергенді табу қиынға соқпайды. Бүгінде аллергияны анықтаудың ресейлік үлгісі еліміздегі аллергиялық орталықтарда кеңінен таралған. Оны анықтағаннан кейін де осы ресейлік препараттармен емдейді. Шеттен әкелінгеннен кейін әрине бағасы да қымбат. Әзірге оны өз елімізде өндіру мүмкін болмай отыр. 21 күн бойы аллергияға қарсы дәрі салған соң оның осы аллергия тудыратын заттарға қарсы иммунитеті көбейіп, бұрынғыдай қиналмайтын болады. Аллергияны анықтаудың түрлі жолдары бар. Ең тиімді тәсіл теріге проба салу. Аллергиялық ауру кезінде бөгде заттарға ағза қарсы шығады. Соны қабылдағысы келмейді. Біреулер түшкіреді, енді біреулердің терісінде өзгерістер пайда болады. Әлемде адамдардың 40 пайызы аллергиялық аурулардан зардап шегеді. Аллергиялық аурулардың қай қайсысына да жеңіл қарауға болмайды. Егер дер кезінде емдемесе арты ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін. Астманың өзі аллергиялық ауру. Егер қандай да бір иіс жақпаса бронхтардың бәрі жабылып қалады. Тұншығу ұстамасы аллергиялық астма деп аталады. Айналып келгенде аллергиялық аурулардың барлығы да бронхиальді астамаға ауысады. Бұл ауру жыл сайын көбейіп келеді.
Сәрсенкүл Сауғабаева, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ клиникасының аллергология-пульмонология бөлімінің меңгерушісі:
Кеңес заманында бұл дерт аз болған. Неге? Өйткені ол кездері шетелден келетін азық-түлік, әртүрлі тұрмыстық қолданыстағы заттар жоққа тән болатын. Табиғи таза тағамдар мол еді. Ал, қазір құрамында улы заттар бар жеміс-жидектер көп. Жемістерге пестицидтерді көп егеді. 90-шы жылдары сөрелерден құнарлы тағамдар жым-жылас жоғалып кеткенде қытайлық азық-түліктер орнын басып үлгерді. Арада аз уақтыт өтпей ақ түрлі аурулар өршіп кетті. Бүгінде күрт көбейіп кеткен дерттің бірі – аллергиялық дерматид. Қытай бояуымен шашын бояғандар шашы түсіп қалып дерті асқынып ауруханаға түсіп жатыр. Аптасына үш адам осы ауру түрінен көмек сұрап келеді. Бұрын ыдыс аяқты ешқандай қоспасыз таза суға жуса, бүгінде нешетүрлі химиялық қоспалар көбейіп кетті. Олар да аллергиялық дерматидтің өршуіне сеп болады. Соңғы әлетте дәрілік аллергиялық аурулар да асқынып барады. Тәулігіне 20-30 науқас осы диагнозбен түседі. Бұл дерт тез дамып, өршіп кетеді. Кейде науқас бірнеше секундытың ішінде өліп кетуі де бек мүмкін. Аллергияға қарсы дәрілер елімізде шығарылмайды. Мәселен науқастың шаңнан аллергиясы ұстайтын болса онда оған шаңнан жасалған аллергендерді егеміз. Оның дозасын аздан бастап бірте бірте көбейтіп 21 күн бойы дәрі салынады. Бұрын науқас шаңнан тұншығатын болса емнен кейін оның ағзасы шаңға үйрене бастайды. Тұншықпайтын болады. Арнайы иммуннотерапия жақсы көмектеседі. Бұл емді 3-4 жыл қатарынан үзбей алу керек. Сонда 10-15 жылға дейін тұншығуынан айығады. Шымкенттегі орталық 40 орынға лайықталған. Мұнда Жамбыл, Қызылорда облыстарынан да келіп емделеді. Үш облысқа бір ақ орталық. Жылына 2 300 науқас емделеді. Өкінішке орай аллергиялық аурумен ауыратындар өте көп. Олардың барлығын қамти алмаймыз. Сонықтан да тек ауыр науқастарды ғана қабылдаймыз.
Аурудың анықтамалығы
Егер жүрегі ауыратын, қан қысымы көтеріліп кеткен және астмадан тұншықпасы ұстап жатқан адамның қайсысына бірінші көмек көрсету керек болса дәрігерлер ең бірінші астматикке дейді. Өйткені ауа жетпей сырылдап, тұншығып жатқан науқас бір демде үзіліп кетуі де мүмкін. Осыдан-ақ астма ауруының қаншалықты қауіпті екендігін бағамдауға болады.
Дәрігер кеңесі
Көктем мен күз айларында мүмкіндік болса аллергиялық өсімдіктер өспейтін аймаққа «жер ауыстырған» дұрыс. Аллергия ұстағанда экзотикалық жемістерден – киви, ананас, бананнан бас тартқан жөн. «Гиппоаллергенді» деген жазуы бар косметикалық өнімдерді пайдаланбаған дұрыс. Күн ыстық кездері үнемі көзілдірік тағу керек. Өсімдік гүлдеген кезде далада көп жүрмей, терезелерді жабық ұстау қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста