2024 жылдан бастап 11-12 жастағы қыздарға вакцина салынады

2024 жылдан бастап 11-12 жастағы қыздарға вакцина салынады

Қазақстанда келесі жылдан бастап қыз балаларға жатыр мойыны обырына қарсы вакцина салына бастайды. Препаратты 11-12 жас аралығындағы қыздар тегін алады. Екпе тек ата-ананың қалауымен жасалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Райхан Болатбекқызы, Алматы онкология орталығының бөлім меңгерушісі:

 

- Он жыл бұрын жатыр мойыны обыры көбінесе 50 жастан асқан әйелдерде пайда болатын. Бірақ бүгінгі күнге концрегистр бойынша айта аламыз, жатыр мойыны обыры жасарып бара жатыр. Бүгінгі күнде 40-тан асқан әйелдерде пайда болатын болды. Сондықтан жатыр мойынына қарсы вакцинация мен скрининг өте маңызды болып саналады. Біз осындай жолмен жатыр мойынын тоқтатуға әсер етуіміз керекпіз.

 

Елімізде жыл сайын 1700-ден астам келіншек осы онкологиялық ауруға шалдықса, оның алты жүзі көз жұмады екен.

 

Жатыр мойыны обырымен күресіп жүрген әйелдердің бәрінен бірдей папиллома вирусы анықталады. Яғни, ол қауіпті дерттің басты қоздырғышы. Бұл вирус жыныстық қатынас арқылы таралады.

 

Жатыр мойыны обыры әйелдер 40 жастан асқан кезде асқына бастайды.

 

2024 жылдан бастап елімізде 11-12 жас аралығындағы қыздарға салынатын америкалық вакцинаны 90 мемлекет ұлттық иммунизация бағдарламасына енгізген. 16 ел аурудың алдын алу үшін осы екпені салып жатыр.

 

Медицина мамандары аталған препарат кәмелеттке толмаған қыздардың денсаулығына ешқандай зияны жоқ деп отыр.

 

Парта Басу, ДДСҰ обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі скрининг топтың басшысы:

 

- Вакцина салынған соң адамның дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бұл екпені әлем бойынша миллиондаған ұл-қыз алған. Препарат бала тууға ешқандай кері әсерін тигізбейді. Ол 100 пайыз дәлелденген. Вакцина қауіпті дерттің алдын алуға көмектеседі. Екпеден қорқып, уайымдауға негіз жоқ.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста