Украина. Бір елдің тууы мен өлуі...

«Мұндай ел болмаған. Сталиннің тұсында жасанды құрылған». Бұл сөз – күні кешеге дейін Ресейден іргесін ажыратқан елдің түгеліне қарата айтылатын. Ал дәл қазір тұқыртпа сөз өз адресатын тапқандай. Ресей саясаткерлері бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, Украинаны, ол елдің тарихын күстаналаумен әуре болып жатыр.
Иә, қазіргі украин жұртының тағдырын ешкімнің басына бермесін. Айдарлы ел Еуропаға қатты иек артып еді. Болысады, көмектеседі деген. Еуропа «әй, қойсаңшы» деуден ары аса алмады. Бірді-екілі санкция жасағансыды. Онысы: «Жалғыз емессің. Жаныңдамыз», – деген емексіту.
Еуропа Ресеймен осылай көз арбасып отырғанда, Мәскеудің мүддесін орындаушы әскерилер Украинаның шығысында Үкіметін құрып алды. «Батыр, әділдік орнатушы» деп теледидарында мақтағанымен, ресми Мәскеу бұл қарулы топқа еш қатысымыз жоқ деп отыр.
Бір қызықты айтайын. Осыдан тура 100 жыл бұрын, Украинада осындай жағдай қалыптасқаны бар. 1917 жылы Ресей патшалығы құлаған бетте, Орталық Рада Украин халық Республикасын құрған еді. Іле-шала Ресейдің сол кездегі Уақытша Үкіметі жазалаушы әскер жіберді. Украиндар бұлармен бір соғысты, соңынан большевиктермен тағы қырқысты.
Украина қалай тәуелсіз елге айналып еді?
Бірінші жаһан соғысы үшінші жылға созылып барады. Миллиондардың түбіне жеткен соғысты ұйымдастырушы екі тарап та, Антанта мен Үштік Одақты айтамын, Украинаны өз жағына тартуға тырысты. Керек десеңіз, Американың өзі Киевте елшілігін ашып қойды. Мүшелігінде Ресей империясы болғандықтан да, Антанта ұйымы Украина біз жақта соғысады дегенге бек сенді. Бірақ, олар бейтараппыз, ешкімге болыспаймыз дегенге салды.
Ресейдің құрамынан толық ажырап болмаса да, Украина үшін сол кездегі Германия мен Австро-Венгрия империясы үлкен рөл ойнады. Неміс генералдары Шығыс майданда соғысып жүрген армиясын айдап әкеп, украин жеріне төгіп, орыс мәселесін осында шешіп тастамақ болды.
Батырға да жан керек. Большевиктік Ресей «бейбіт келісімге» келейік деп жанталасты. Сонымен, 1917 жылдың желтоқсанында Брест-Литовск шаһарында алпауыт елдердің отырысы өтті.
Қызығы сол, бұл талқыға украин жұртының өкілдері де келді. Келді де, автономиялық құқық беруді талап етті. «Егер жартылай тәуелсіздікке қол жеткізсек, Еуропаға нан, бидай жеткіземіз» деп ант-су ішті украин делегаттары. Не керек, бірнеше аптаға созылған келісімдерден соң, 4 ірі империя 1918 жылы, ақпанның 9-ында Украинаны тәуелсіз ел деп таныды. Ресей амалсыз мойындауға мәжбүр болды.
Негізі большевиктер Украин халықтық республикасын 1917 жылдың 17 желтоқсанында-ақ мойындап қойған. Лениннің әйгілі манифесті бар еді ғой, міне, сол қағазда Украинаға жартылай егемендік берілген. Тек Украин үкіметіне қатысты ауырлау талаптары болатын. Қақ төбесіне айдар таққан ел бұл талаптарды орындамай қойған. Кеңестік Ресей Украинаға соғыс жариялады.
Киев большевиктердің бомбасының астында қалғанда кезде, алпауыт империялар Украинаны қолдауды қыздыра түсті. Бұған себеп – соғысушы мемлекеттердің азық-түлікке деген қажеттілігі ғана емес еді. Украинаны бөліп алсақ, бейбіт келісімге келмей, қитыққа тиіп отырған Ресейді сабасына келтіреміз дегенге сенді олар.
Не керек, неміс солдаттары Украин жерінен орыс әскерін тықсырып шығарды. Сөйтіп, Украинаны Орталық империялар дейтін мемлекеттер 8 айға оккупациялады.
Негізі бар емес пе, бұл баса-көктеп кіру операциясын немістер тыңғылықты ойластырмаған еді. Үлкен елді басып алуға Германияның бір өзінің шамасы келмейді. Сондықтан Австро-Венгрия болысуы керек деп, ресми Берлин көмек сұраған. Бірақ Вена сылтау айтып, сарбаздар бермеді. Германия мұнан әрі күтуге болмайды деді де, Дунай мен Дон аралығына әскер кіргізді. Кеше ғана өздерімен бейбітшілік, автономия туралы келісімге қол қойған Украин Үкіметін алып тастап, орнына Павел Скоропадский дейтін «қуыршақ» басшыны қойды.
Әуелгіде Ресейден тәуелсіздік алып беріп, артынша өзі жаулап алды. Украин жұрты немістер хақында осындай ойда болды. Содан 1918 жылы Украинаның бар жерінде бүлік бұрқ етіп, Киевте немістер қойған әскери басшы өлтірілді. Іле-шала украин жасақтары Орталық державалардың әскерін талқандап, елден түре қуып шықты.
Иә, украиндар тәуелсіз мемлекет құрды. Бірақ бұл егемендігі бар-жоғы 1 жылға созылды. Содан соң большевиктер басып кірді. Енді есін жия бергені сол еді, Батыс өңірде кеңес әскері поляк армиясымен қақтығысып қалып, 1920 жылы Украин жері Кеңес-Поляк армиясына майдан даласы болды.
Тәуелсіз украин мемлекеті аз уақыт өмір сүргенімен, сол мемлекетті жасаған адамдар кейінгі ұрпағы үшін көп еңбек жасап кетті. Сол қайраткерлердің арқасында Кеңестер Одағы Украинаға Социалистік Республика мәртебесін берді. Бір жылдық тәуелсіздік кезіндегі ғалым, қайраткерлердің арқасында Парламент пен ғылым академиясының іргесі қаланып еді.
Ұзын сөздің қысқасы, қазіргі Украина 100 жыл бұрынғы тағдырын қайта кешуде. Украин саясаткерлері сол тарихтан сабақ алды ма? Ол кезде де украин қайраткерлері Еуропаның алыптарына арқа сүйеп еді. Болысады деген. Жәрдем береді деген. Жоқ. Кеше ғана Ресейден жұлып алып, тәуелсіздік әперген елдер ертеңіне өзін жаулап алған еді. Қазір де сол. Ешкім ешкімге көмектеспейді. Украинаға салиқалы ойланатын саясаткер, мен болмасам басқа ешкім мұны жасамайды деген өлермендік ұмтылысы бар азаматтар керек. Сонда ғана Украина Окраина (бір елдің шеті) болудан арылады.
Ресейдің не көксегені бар?
Ресей 2015 жылы Қазақстан, Беларусь және Украинаның басын қосып, экономикалық одақ құрмақ болған. КСРО-ны қайта қалпына келтіру емес. Батыс мемлекеттерімен тіресу үшін де емес. Оған балтыры шыдамайды. Мәскеудің көксегені – үш ел де шикізатқа бай, соларды бір қолға жинап, сыртқа өзінің әмірімен сатқызу. Одан қалды, Еуразиялық деп аталатын одаққа мүше болатын елдер сол Еуразия даласында жатыр. Батысқа Қытайдың тауары, Шығысқа Еуропаның технологиясы керек. Теңіз жолы ұзақ.
Міне, біздің жерімізді кесіп өтер, жолды қолда демек еді. Тек АҚШ бастаған Батыс саясаткерлері алдын орап кетті. Еуромайдан деген бәлекетті бастады. Украина көзден бал-бұл ұшып, жырақтап бара жатыр еді. Украинасыз Еуразиялық Одақ – бір аяғынан айырылған қазан-ошақ секілді. Бір күні құлайды. Ішіндегі ас төгіледі. Ресейдің ашуға булығуына осы себеп болып еді.
Не керек, Мәскеу – маған бұйырмасаң, онда.... Стоп! Ақбілек романын оқығаныңыз бар ма? Орыс офицері кейіпкерді алып қашып, біраз уақыт қалыңдығы етеді. Сосын қызылдардан жеңіліп қап, қашу керек болатын жері. Ақбілекті өзімен әкете алмайды. Сол кезде офицер тапаншаны алып «Маған бұйырмасаң, ешкімге де бұйырмауың керек», – дейді емес пе? Мәскеудің қазіргі пейілі – тура сол офицердікіндей.
Бірауыз сөз. Немесе Украина тағдырынан бір сабақ...
Украина мәселесіне украин жұртынан басқа ешкімді жазғыра алмайсың! Ресейді? Ол империя. Оның өмірлік миссиясы сол. Әлсізді арп етіп, қылғыта салу. Иә, Украинаның өзі іштей бүлінді. Бүлік болды. Жаман да болса, Президенті бар еді. Елді біртұтас етіп, ұстап отырған еді. Төңкеріп тастады.
Жамандықтың балалайтын жаман қасиеті бар. Ресейдің көмегімен дейсің бе, басқалай ма, әйтеуір Украина шығысында шырғалаң басталды. Олар да ақталып жатыр. Дәлелдері тізеңді дірілдетеді. «Олар заңды президентін заңсыз жолмен төңкерді», - дейді. «Заңсыз билікке бағынғымыз келмейді», - дейді. Егер олар заңсыз жолмен билікті ауыстыра алса, әрі онысы қалыпты саналса, онда біздің бөлінеміз деп, өз Үкіметімізді жасақтауымыз заңды дегенді айтады. Ал бұған не дейсің?
Иә, революция жасап, ұшпаққа шыққан бір ел жоқ. Алда-жалда біздегі қайбір «дырдубастар» күш алып, күшенер болса, Ресей тура Украинаға жасағанын қайталайды. Солтүстіктегі 5 облысыңды астына басады. Ел ішінде «Америка көмектеседі, Еуропа болысады» дегенге шын сенетіндер, елді сендіргісі келетіндер бар. Украиналықтар кезінде сенген, кеше де сеніп еді. Кәне, немен көмектесті? Әскери кафедрада оқығанымызда, бір офицердің айтқаны бар еді. «Автоматтың бір оғы – 50 доллар тұрады».
Осыған салсақ, зеңбіректің бұрқ еткізіп бір атқаны пәленбай доллар шығын. Америка сен үшін неге шығын болуы керек? Сен үшін неге әскерін қыруы керек? (Ресей әлемдегі әскери қуаты орасан ел екенін ескеріп айтқанымыз). Жоқ, Обама Путинмен мәмілеге келе салады. Ресейге 4 облысың кетеді. АҚШ – Ақтау, Атырауыңды алады. Мынау жақтан Қытай қутыңдайды. Семей, Алматы облысың түгел соның құлқынында кетеді. Ең соңғысы мұрын шүйіріп қарайтын, қара табан өзбегің де, дәмесін білдіреді.
Украин жұрты бізден қарағанда бақытты екен. Жан саны 48 миллионға жетеғабыл. Орталық және батыс облыстарында тығыз болып отыр. Ең соңғысы, тұяқ серпи алар қауқары бар. Ал 17 миллиондық жұртыңмен (оның 10 миллионы ғана қазақ) не істемексің? Бір миллион болып тығыз отырған 2, ары кетсе 3 қана облысың бар шығар? Америка, Ресей талап жатқанда, еншіңе сол үшеуі қалса, рақмет де.
Ұзын сөздің қысқасы, Украин сценарийінен сабақ алайық. Қазаққа жаны ашып тұрған ешкім жоқ. Қазаққа дос – қазақ қана. Итерсе де далаға! Осыны ұғайық!

jaqsy.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста