Әлеуметтік желіде қызымен қоштасқан әкенің видеосы тарап кетті. Автор бейнежазбаның Украинада түсірілгенін жазған деп хабарлайды stan.kz.
Видео Greek Reporter халықаралық грек жаңалық ұйымының парақшасында жарияланды.
"Украинада әке кішкентай қызымен қоштасуда. Қызы автобусқа отырып, қауіпсіз жерге аттанып, ал әкесі соғысқа кетті. Бұдан кейін қайта кездесе ме, жоқ па, білмегендіктен, әкесі оған кірес белгісін естелікке берді", – деп жазылған видео сипаттамасында.