Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндігі мол

Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндігі мол

Адамзат баласы қанша ғасыр өмір сүріп келе жатса, сонша уақыт бойы азық-түліктің жеткілікті, мол болуы үшін еңбек етіп, ғасырлар бойы азық-түлік өндірісі саласын дамытып келеді. Егін, мал шаруашылығын, жалпы агроөнеркәсіп өндірісін, ғылыми-техникалық өркениетті дамыту әлі талай жүз жылдықтарға жалғаса беретін үрдіс дейді мамандар. Қазіргі таңда жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін небәрі бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 11 миллиард гектардай. Кезінде белгілі ғалым К.Тимирязев: «Жер бетіндегі адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді» деп айтып кеткен екен. Ал жерді адамзаттың игілігіне пайдалану үшін әлеуметтік-эканомикалық және саяси жағдай керек.
Әлемдегі дамыған елдер ауыл шаруашылығы көлемінің 55 пайыздан астамын қамтып отыр. Мысалы, АҚШ 21 пайызға жуық, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 20 пайызға жуық, Жапония шамамен 5 пайыз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Ал біздің елде жағдай қалай?
Қазақстан – 18,5 миллион халқы бар Орталық Азиядағы ірі ел. Мұнда көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар. Сандарды сөйлетсек, ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Еліміз жылына орта есеппен 7 тонна астық экпорттайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.
Егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттық аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциялының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктерді жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөгнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды тереңдету және кеңейту қажеттілігі туып отыр.
Ауыл шаруашылығы – бұл материалдық өндірістің ерекше саласы және басқа да салаларымен қатар ұлттық шаруашылық, яғни ұлттық экономика құрылымына жатады.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына мемлекеттік шаруашылықтардың барлық түрлері, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, өзге де ауыл шаруашылық құрылымдары жатады. Инновациялық экономиканың құрылуы – елдің одан әрі дамуының басты бағыты. Бұл орайда, инновациялық саясаттың құрылуына жүйелі жол салу маңызды. Қысқа тарихи мерзім кезінде ұлттық инновациялық жүйелерді құрған елдер ішкі өнімнің өсуіне қол жеткізген.
Ұлттық инновациялық жүйені құру үшін ғылыми-техникалық потенциалды дамытып қана қоймай, сонымен қоса қолданбалы зерттеу аймағын дамыту керек. Бүл үшін кез келген идеяны коммерциялық табысқа айналдыратын жаңа инфрақұрылымды орта қажет. Сондықтан елдің алдыңда инновациялық бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің шебін құру мақсаты тұр. Олар білімдерін, идеяларын, патенттерді нарыққа ұсынуға қабілетті болуы тиіс. Инновациялық кәсіпкерлік ғылыми-техникалық және өндірістік аймақтар арасында делдалдық рөлдің дамуын қарастырады.
Экономист-ғалым А. Жақыпованың айтуынша, инновациялық кәсіпкерліктің соңғы мақсаты – әлемдік нарықта бәсекеқабілеттілігі жоғары болатын ғылыми сыйымды өнімді шығаруды тез жасайтын кең кәсіпорындар жүйесін құру. «Жаңа технологияларды енгізу қиын мәселе. Оның шешімін іздегенде әр түрлі елдер әртүрлі жолдарды таңдайды. Дамыған елдерде жасалынған зерттеу жұмыстары барысында кіші инновациялық кәсіпорындар шығындардың 1%-а ірі кәсіпорындарға қарағанда 17 есе артық жаңа енгізулер мен ғылыми өңдеулерді енгізеді. Дамыған елдердің инновациялық саясатын зерттегенде ұлттық инновациялық жүйелерді құру тұрақты жұмыс істейтін ірі коорпорациялар болғанда ғана тиімді болатыны байқалды» дейді ол.
Шағын кәсіпкерлікте инновациялық технологиялардың жоғары тиімділігіне ғалым келесі ерекшеліктерді жатқызады:
- нарықтық қатынастарға шағын бизнес тез үйренеді. Бұл оның прогрессивті технологиялардың тұрақты және ұзақ мерзімді тұтынушысы болуына мүмкіндік береді;
- ол мобильді, яғни оларды әрдайым аккумулирлеуге ынталы; - өндірістің көлемі аз болуынан жаңа технологияларға көшемен байланысты жоғалту қауіпі төмен;
- шағын кәсіпорындардың жеке өндірістік буындарда орындалатын инновациялар ірі қаржылы шығындарды талап етпейді;
- шағын кәсіпкерлік құрылымдарды тез басқару жаңа технологияларды тез жетілдіруге және енгізуге мүмкіндік береді. Прогрессивті технологияларды үйренуді өңдеу үшін ғылыми қызметкерлері бар жақсы лабороториялық-зерттеу базасының болуын талап етеді. Кәсіпорындар өз жағынан жаңа технологияларды құруға, кең ауқымды қолданыста болатын және өндірістің өсуіне ықпалын тигізетін зерттеу және өңдеу жұмыстарына инвестициялық көмек көрсетулеріне болады. Егер шағын кәсіпорындар ішкі нарыққа импортың орнын басатын бәсекеқабілетті тауарды шығарса бұндай мүмкіндіктер көбейеді, табыстардың бір бөлігін зерттеу және өңдеу жұмыстарын қаржыландыруға жіберуге болады. Дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметтің инновациялық секторына жағымды жағдайлар жасалынады. 


Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын шет елдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалалық сәйкессіздіктер көзге бірден көрінеді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ, жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешенінде (АӨК) кейінгі жылдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-8 пайызы қалыптасады, яғни еліміздің сыртқы тауар айналымының орта есеппен 4 пайызға жуығы АӨК үлесінде өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып отыратын. Еңбекке жарамды халықтың үштен бір бөлігінен астамы осы аграрлық салада қызмет етеді. Ұлттық индустриалдық-инновациялық экономиканы қалыптастыруда АӨК-нің стратегиялық рөлі айтарлықтай орасан. Алайда, инвестициялардың ұлғая түсуіне қарамастан, АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігі төмен деңгейде қалып отыр. Өндірістік қуаттарды жаңғыртудың, отандық және шетелдік ең озық технологияларды ауыл шаруашылығы өнімінің отандық индустриясына енгізудің баяулығы аграрлық саланың технологиялық тұрғыда артта қалуына негізгі себептердің біріне айналған.
Аграрлық секторы дамыған елдер жоғары экономикалық дамуға ие. Мысалы: АҚШ, Австралия, Дания, Голландия, Аргентина, Бразилия және Канада. ХХІ ғасырдағы әлемдік ауыл шаруашылығы өндірілетін өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыруға бағытталған. Бұл арқылы әлемдік деңгейдегі ауыл шаруашылығы ұйымдары ішкі азық-түлік нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін тұрақтандыруға, әлемдегі озық нарықтарға оңай енуге және ұлттық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ығыстырып шығаруға мүмкіндік алмақ. Яғни, осыған орай, Қазақстан да аграрлық секторды инновациялық тұрғыда дамыту міндеттерін ұтымды шешуге талпынуы қажет. Ғылыми-зерттеу үдерісі мен инновациялық қызмет АӨК-ні дамытудың маңызды бағыттары болып табылады, олар ғылым мен техника жетістіктерін қолданудың негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін үздіксіз жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта елімізде экономиканы дамытудың маңызды факторы ретінде ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар айрықша рөлге ие. Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондайақ топырақ құнарлылығын сақтап қалпына келтіру мәселелері егіншіліктің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Мұндай технологиялар топырақты өңдеу әдісін қолданудан бас тартуға негізделген. Ресурс үнемдейтін технологиялардың шешуші қағидаларының бірі рентабелді ауыл шаруашылығы дақылдарын және топырақ құнарлылығын жақсартатын дақылдарды қамтитын ауыспалы егісті қолдану болып табылады. 

Технологияларды қолдану арқылы топырақтың құнарлылығын арттыру – ең тиімді экономикалық бағыт. Әртүрлі табиғаттық-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін өңірлерде өндірістің тұрақтылығын жақсарту, топырақтың жел арқылы немесе су арқылы тозуын болдырмау, су ресурстарын пайдалануды және бүкіл экологияны жақсарту, қаржы және энергетика ресурстарын үнемдеу – егіншілікте ресурс үнемдейтін технологияларды енгізудің артықшылықтары ретінде танылған. Егіншіліктегі ресурс үнемдейтін технологиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге экологиялық және экономикалық әртүрлі жағдайларда қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығын арттыратын егіншіліктің икемді жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді.Ол үшін, ең алдымен, ресурс үнемдейтін технологияларға арналған қазіргі заманға лайық, бәсекеге қабілетті техника өндіруді қолдау қажет. Ауыл шаруашылығының жаңа техникаларын, сонымен бірге тұқым себетін кешендік машиналар сатып алуды қаржыландыруға,  агротехнологияларды игерген білікті  мамандар даярлауға  мемлекеттік қолдау қажет. Шетелдік ең озық технологияларды ауыл шаруашылығына тарту саладағы өнімді молайтуға ықпал етеді. 

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста