Кемеңгер ақынның мұрасы кемелдендіре түседі

Кемеңгер ақынның мұрасы кемелдендіре түседі

Абай мұрасы тұңғиық әлем. Оның терең ойлы даналық сөздері адамзатты әлі де тамсандырып келеді. Кейде Абайды қайталап оқыған сайын, жаңаша түсінік пен көзқарас пайда болып, өсе түскенінді сезінесін. Даланың дана ойшылы жүріп өткен із біз үшін таусылмас мол қазына.
Кейде маған Абай мұрасы әлі де толық зерттеліп бітпеген қазыналы арладай тылсым көрінетіні де бар. Тылсым дүниеге адам баласы қызығушылықпен қарайды ғой. Әрине Мұхтар Әуезовтан бастап қаншама ғалымдарымыз, кемеңгердің мұрасын зеттеп құнды шығармалар жазды. Бірақ бәрі бір ұлы тұлғаны зерттеп зерделеу әлі де аз, жеткіліксіз сияқты.
Өмір деген қызық қой, неше түрлі оқиғаларды бастан кешіріп жатасын. Сол кезде болып жатқан оқиғаға орай Абай өлеңі немесе қара сөзі тілге орала қалады. Міне бұл ақын мұрасы қазақтың, тіпті адамзаттың деп айтуға да болар бүкіл болмысын қамтып жатқандай көрінеді. Абай әлемі, мұрасы дегенде осындай ойлар келеді.
Кеше Елордамызда қазақтың бас ақынының өмір жолы мен шығармаларына арналған көрме өтеді дегенді естігенде барып көруге асықтым. Бірден қай жерде өтетінін, кімдер ұйымдастырып жатқанын біліп алдым.
Көрме Елордада Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығында ашылды. Данышпанға, оның мол мұрасына арналған көрменің аты да керемет, «Ұлы даланың Ұлы ақыны» деп аталады. Ерекше әсер етеді екен атауының өзі. Мені қуантқаны бұл көрменің осы жылдың 25 маусымына дейін жалғасатыны болды. Бұл қайталап көремін деушілер үшін жасалған үлкен мүмкіндік қой.
Көрменің ашылу салтанатына жиналған қауымның қарасы көп болды. Бірден көзге түскендері танымал тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары. Салтанатты жиында сөз алған Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев хакімнің жүріп өткен жолы мен мол мұрасы – жұртымыздың санасына серпіліс жасап рухани жаңғырып түлей түсуіне ықпал ететінін және қоғамның өркениетке қарай қадам басуына бастар жол екенін тілге тиек етті. Құрметті қонақтардың ішінде еліміздің ұлттық архивінің директоры Жангелді Махашов, Иран Ислам республикасы елшілігінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбековтер бар. Олар өз кезегінде сөз алып, шараның маңызы мен мағынасы, ұйымдастырылуы жөнінде ой-толғап, көрмені көруге келгендерге разылықтары мен алғыстарын айтты.
Әнші Гүлмира Сарина орындаған Абай әндері көрменің сәнін кіргізіп, мәнін арттыра түскендей. Гүлмира орындаған әндердің соншалықты әсерлі болуы, әншінің де Абай туған өлкеде дүниеге келіп, Шыңғыстау топырағында өскендігінен емес пе екен деген ой болды бізде. Өйткені туған топырақта дүниеге келген туындыны орындаудың жөні бөлек қой.
Өтіп жатқан шара туралы мәліметтерге көз жүгірткенде көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойына байланысты және Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылғанын білдік.
Көрмені тамашалап жүріп, Абай тұтынған заттарды ұстап көру адамды ерекше күйге бөлейді екен. Жұртшылыққа қызықты боларлық жәдігерлер мен деректер молшылық. Шыңғыстау өңіріне кең тараған үш ішекті домбыра көзіме ыстық көрінді. Бұндай үш ішекті домбыраны қазір елімізге танымал дәстүрлі әншілер де киелі сахналарға алып шығып, ән айтып жүргенін көріп жүрміз.
Дана Абай оқыған кітаптарды парақтап көргін келеді. Тіпті қарай бересін. Ішінде ұлылыққа бастар ойлар тұнып тұрғандай сезіледі. Сонымен бірге, Абайдың ұлы Мағышқа жазған хаты, Құнанбай қажының бас киімі, Шәкерім қажы тұтынған заттар сияқты көптеген құнды дүниелерді көріп, ерекше күйге бөлендік.
Көрмені тамашалап болып қайтар кезде кейбір заттарды көзіме сіңіріп, санамызға жаттап алу үшін қайталап қарап шықтым. Өйткені ұлылар тұтынған әрбір зат кейінгі жұртқа, нақтырақ айтсақ оның мұрасымен сусындап жүрген оқырманға қымбат. Осындай жәдігерлерді көріп, біліп жүрсен сол заманның келбетін, тұрмыс-тіршілігін сезігендей боласын.
Жұртшылыққа берері мол осындай іс-шаралар, көрмелер көптеп ұйымдастырылса, рухани байлығымыз арта түсер еді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан әрбі іс-шара осынысымен қымбат.

Нұрлы Еділов

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста