Ауа сапасын жаңа технологияларды пайдалану арқылы анықтау қолға алынбақ

Ауа сапасын жаңа технологияларды пайдалану арқылы анықтау қолға алынбақ

Табиғат ананы қорғау бағытындағы жұмыстар арнайы мекемелердің жіті қадағалуында. Адам денсулығының басты кепілі тазалық. Денсаулығын күткен адам өз бойының тазалығымен қатар қоршаған ортаның тазалығына да көп көңіл бөлуі тиіс. Сондықтан еліміздің әрбір саналы азаматы айналасының ластануына жол бермеуі керек. Өйткені біздің айналамыздағы әлем өзгеріп отырады. Ол уақыттың заңдылығы. Соңғы жүз жылда адамзат баласының ой-санасымен қатар қоршаған орта да үлкен өзгерістерге ұшырады. Нақты айтсақ, адамзат тарихындағы мыңдаған жылдар бойы болмаған өзгерістер болды. Адам табиғатта бұрын болмаған жаңа физикалық және химиялық факторларға ұшырады. Өйткені, иондаушы сәулелер, электромагниттік толқындар мен өрістер, ультрадыбыстық діріл, аэрозольдер, айналамыздағы шуылдың деңгейі қазір өте жоғары. Соңғы жүз жылда ғалымдар біздің күнделікті өмірімізге қаншама жаңалықтар енгізді. Оның бәрі қоршаған орта мен адамға тікелей әсер етіп жатыр. 

Техникалық жетістіктерді былай қойғанда тамақ өнеркәсібінің өзінде адам айтса сенгізсіз өзгерістер болған. Ал ата-бабамыз ауру астан екенін баяғыда-ақ айтып кеткен. Осы ретте айта кеткен жөн болар, Британияның Оксфорд университеті мен Америкалық Миннесота университетінің бір топ ғалымдары тамақ пен тамақ өндірісінің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы кең көлемді зерттеулер жүргізді. Ғалымдар өнімнің денсаулыққа және қоршаған ортаға орташа әсерін бес көрсеткіш бойынша анықтады. Олар өндірістен шыққан газдардың ауаға таралуы, өндіріс үшін қолданылатын алаң, суға деген сұраныс, қоршаған ортаның ластануы және басқа да қоршаған ортаға әсер етуі. Сол кезде анықталғандай, денсаулыққа зияны жоқ өнімдердің қоршаған ортаға кері әсері де төмен болады, ал керісінше, өнім денсаулыққа қаншалықты зиянды болса, табиғатқа да соншалықты зиянын тигізеді екен. Міне көріп отырғанымыздай адам денсаулығы мен табиғат ананың үндестігін осы жерден тағы да байқаймыз. Екеуі ажырмас тұтас дүние деп айтуға болады.
Біз әдетте ғылымның жаңа жетістіктеріне қуанамыз, адамзаттың табиғатты игерудегі жеңістерімен мақтанамыз. Бірақ барлық жағдайда тепе-теңдік заңдылығын сақтай бермейміз. Табиғаттың байлығын адамның игілігіне айналдыру үлкен жетістік. Бірақ оның екінші жағы да бар. Жаратылыс заңдылығы бұзылған соң тозу, тоқырау басталады. Ал табиғаттың тозуы адам баласы үшін апатқа айналуы мүмкін.
Еліміздегі өндіріс ошақтары шоғырланған немесе көлік құралы көп жүретін Алматы, Қарағанды, Өскемен, Тараз Жезқазған, Екібастұз, Теміртау сияқты көптеген қалалардың басты мәселесі ауаның тазалығы. Бұл мәселеге үкімет пен жергілікті атқарушы билік жіті көңіл бөліп, көптеген бағдарламалар бойынша жұмыс атқарылуда. Әлем елдерінің басты түйткіліне айналған бұндай мәселе бірден шешілмейтіні белгілі. Бірақ та атқарылған жұмыстардың арқасында мәселенің ушығып, күрделене түсуіне жол берілмей келеді. Ауаға, қоршаған ортаға зиянын тигізген кез келген мекеме жауапқа тартылып, олқылықтың орыны толтырылып жатыр. Болашақта жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі тәсілдер ойластырылып, оны іске асырудың тетіктері саралануда.
Бірнеше мыңжылдықтар бойынша жүргізілген кейбір зерттеулерде адамның денесінде кадмий, қорғасын, сынап мөлшері артқаны анықталған. Осыдан барып аурулар мен уланудың жаңа түрлері пайда болды. Қоршаған ортаның ластануы аурудың көбеюі мен өмір сүру ұзақтығын төмендетудің негізгі себептерінің бірі екені сөзсіз. Қоршаған ортаның жиі ластануы адам денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Ғалымдар өндірістен бөлінген көзге көрінбейтін газдар мен электромагниттік өрістерден, микротолқынды пештерден адамның денсаулығына және қоршаған ортағы зиянды бірқатар улы химикаттар бөлінетінін айтады. Ал бұған адам ағзасы уақытша бейімделіп, ұзақ уақыт бойы олардан ештеңе байқалмайды. Бірақ, оның жасырын әсері жинақтала келіп ерте ме, кеш пе қоршаған ортаның бұзылуына соқтырады, сондай-ақ адамда белгілі бір аурулар пайда бола бастайды. Сондықтан қоршаған ортаны ластайтын кəсіпорындарды ірі қалалардан тыс жерлерге көшіру немесе өндірісті бір жерге шоғырландырған шағын қалалар салу көптеген елдерде қолға алынды.
Ғылыми жетістіктер арқылы өндіріс ошақтары дамып, адамзат игілігіне жұмыс істеуімен қатар зиянын да тигізіп жатқанын айтып өттік. Қазіргі дамыған заманда кез келген түйткілді мәселе де ғылым жолымен шешіледі.
Күнделікті қажеттілігімізге айналған автокөліктердің және басқа да техникалардың кең көлемде қолданылуы, өнеркәсіптің дамуы біз өмір сүріп отырған қоршаған ортаның физикалық және химиялық қасиеттеріне айтарлықтай өзгерістер әкелді. Сондықтан, еліміздегі экологиялық мәселенің шешілу жолын іздеуде де жаңа технологияларды пайдалануға ден қойылуда. Кеше, яғни 18 наурызда осы мәселемен Алматы қалалық экология департаментінің басшысы Қонысбек Ескендірұлы Байеділов «Нархоз» Университеті жанындағы «Тұрақты даму Қазақстан» ғылыми-зерттеу институтының директоры Брендан Дюпремен кездесу өткізді. Басқосуда институт директоры Алматы қаласы ауасының ластануына жол бермеуді жаңа технологияларды пайдалану арқылы шешуді қарастыру жөніндегі жобасымен таныстырды. Егер жоба ойдағыдай іске асса ауаның құрамын жаңа технологияларды пайдалану арқылы анықтауға болады. Жобаны қоршаған орта жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасына сәйкес, Хельсинки мен «Нархоз» университеттерінің және Алматы қаласы әкімшілігі мен азаматтық қоғамның қатысуымен іске асыру қолға алынбақ.
Жобамен танысқан департамент басшысы Қонысбек Ескендірұлы ауа сапасын бақылау қондырғыларын пайдалану, сапалы әрі жылдам мониторинг жүргізу үшін тиімді болатынына тоқталды. Сонымен қатар университетте Іс-әрекет студиясының орналасуы Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсартуда үлкен қызмет атқаратынына сенім білдірді. Бұндай ынтымақтаса атқарған жұмыстар оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Осындай жоспарлы жұмыстардың арқасында Алматы қаласында қоршаған ортаның тазалығы үшін атқарылған істер көңіл көншітеді. Жақында ғана Алматы қаласында кәдеге жаратылмаған медициналық қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізуде деп дабыл қағылған. Әр түрлі қалдықтар атмосфераға, су бассейндеріне, жер асты суларына кері әсер етіп жатыр. Оларды есепке алу және бақылау қиын және табиғат пен адамға әсері де үнемі айқын бола бермейді. Бұл мәселе бойынша қалалық экология департаментінің мамандары полиция қызметкерлерімен, әкімдік өкілдерімен және экопатруль белсенділерімен бірлесіп тексеру, зерттеу жұмыстарын жасады. Тексеріс нәтижесінде шынымен де қаланың медициналық мекемелерінен шығарылған қалдықтар табылды. Сол үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылып бұл деректі сараптап және нақты шешімдер қабылданды.
Алып шаһардың мәселесі де үлкен, тіршілігі де қауырт болатыны анық. Мегополистің экологиялық ахуалы да күрделі. Сондықтан қалалық экология департаменті көптеген ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен келісім шарт жасасып, ынтымақтасып қимылдау жағына да мән береді. Осы мақсатта экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов «Мен Алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.В.Авершин мырзамен де кездесу өткізді. Бірлестік төрағасы шаһар ауасының сапасы, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау, жалпы қоршаған ортаны қорғау жөнінде толғандырған мәселелерді қозғап, ағынан жарылды.
Жүздесуде төраға Алматының экологиясын жақсарту жолында қоғамдық бірлестіктің өткізген әртүрлі іс-шаралары мен атқарған істерін, болашақ жоспарларын баяндады.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 15 мамыр мен 5 маусым аралығына жоспарланған іс-шараларды өткізу жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Кездесу соңында қалалық экология департаменті мен қоғамдық бірлестік тізе қоса қимылдап, шаһар тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолында экологиялық жұмыстарды бірлесе отырып атқаруға келісті.
Осы ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары келтірген мәліметтерге зер салсақ, қоршаған ортаның бұзылуынан болатын дерт, адамның барлық ауруларының жиырма үш пайызын құрайды екен. Арнайы зерттеулер ауаның ластануынан созылмалы аурулар пайда болатынын нақты дәлелдеді. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ кейбір ірі қалаларда ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жеткендіктен жолдарда көлік қозғалысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болуда. Сондықтан мамандар үлкен қалалардың орталық көшелерінде ұзақ болудан аулақ болыңыз, саябақтарда немесе аулаларда ашық ауада серуендеңіз және демалыс күндерін қаладан тыс жерде өткізуге тырысыңыз деп кеңес береді. Өйткені шетелдік медицина мамандары тәжірибе жасау үшін қала тұрғындарының мәйіттерін ашқанда өкпелері қарайып тұратынын, ал ауылдық жерде өмір сүрген адамның денесіне зерттеу жүргізгенде өкпелері салыстырмалы түрде таза болатынын дәлелдеген. Бұл деректен алып қаланың түйткілді мәселесі де күрделі екенін, тұрғындарына қауіп-қатердің көп болатынын түйсінуге болады. Сондықтан халық ең көп шоғырланған қаланың экологиясы өте маңызды екеніне тағы да көз жеткіземіз. Осы жолда атқарылып жатқан ірілі-ұсақты әр іс, әр шешім маңызды.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста