Белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы “1001 түн” бағдарламасында берген сұхбатында жақын арада АҚШ-қа аттанатынын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
“Тарихта алғаш рет Америка жерінде Наурыз тойы тойланбақ. Соған орай шақырту алдым. Елдің атынан барып, Америкада Наурыз тойлаудың өзі әрбір әртіс үшін мәртебе шығар деп ойлаймын”, – дейді өнер иесі.
Сондай-ақ әнші бағдарлама жүргізушісінің отбасылық өміріне қатысты қойған сұрағын да жауапсыз қалдырмады. “Қандай қайын атасыз?” деген сауалға Жұбаныш Жексенұлы:
“Менің бір емес, екі келінім бар. Өзім туралы “осындай қайын атамын” деп айтқаным ыңғайсыз болар. Екі келінімді де өте жақсы көремін. Біз кез келген толқында сөйлесе алатын адамдармыз. Мен атадан бұрын оларға әкемін. Формалды түрде қайын атасы болғаныммен, оларға әкесіндеймін”, – деп жауап берді ол.