Жол-көлік апаттарының алдын алудың қандай кешенді шараларын ұсынасыз?

Жол-көлік апаттарының алдын алудың қандай кешенді шараларын ұсынасыз?

Хайролла ҒАБЖӘЛЕЛОВ, «Алаш» тарихи ғылыми- зерттеу орталығының президенті:
– Бұрын кеңес өкіметі кезінде бірінші категориялы автобус жүргізетін куәлік 50-60 жастағы адамдардың қолдарына зорға тиетін. Ал қазіргі күні оны кез келген жас жігіттің қолынан көре аласың. Көлік жүргізудің қыр-сырын білмейтін, автобусты бір-екі жыл ғана басқарған адамдардың өздері бүгінгі күні қалада жолаушыларды тасымалдайтын болып жүр. Міне, осындай келеңсіздіктің салдарынан елімізде жол апаттары көбейіп отыр. Менің ойымша, жол оқиғаларын шектеу үшін, ең алдымен, жауапкершілікті күшейту керек. Қазір тек жүргізушілер ғана емес, жол полицейлері де өз міндетін жіті түсінбейді. Олар көлік жүргізу құжатын оңды-солды сата береді. Шетелдерде жол ережелерін сақтауға үлкен мән берілген. Мәселен, Лондонда көліктер Алматыдан бірнеше есе көп, бірақ онда жол оқиғалары өте сирек кездеседі. Неге? Себебі – жол полицейлері де, жолаушылар да жауапкершілікті түсінеді. Бізге де осындай жауапкершілік қажет.

Ақбота Әзірбекова, Алматы қалалық ІІД жол полициясы басқармасының насихат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бөлімінің аға инспекторы:
 – Жол апаттарының алдын алудың ең басты жолы – арнайы кешенді шаралар, рейдтер, жүргізушілерге арналған түрлі бағдарламалар ұйымдастыру болып табылады. Мәселен, егер қоғамдық көліктермен жұмыс жүргізу керек болса, «Автобус» деген шараны қолға алу қажет. Менің ойымша, осындай ең тиімді шаралар өзінің оң нәтижесін береді. Екіншіден, жүргізушілер өте мұқият болғаны жөн. Кейбіреулер көлік апаттарына қаладағы жолдардың тарлығы себеп дегенді айтады. Бірақ бұл – дәлелді пікір емес. Өйткені қай жерде болса да жүргізуші ең әуелі жылдамдықты арттырмай, жол ережесін сақтауы керек.

Элдор Райымбеков, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі:
– Жол-көлік апаттарының алдын алу үшін, ең алдымен, тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуі керек. Дәлірек айтқанда, еліміздің телерадио арналарынан халыққа ой саларлық ірі жол-көлік апаттарының салдарын көрсететін видео-аудио роликтер берілуі тиіс. Сол сияқты мұндай төтенше оқиғалардың алдын алуға арнайы буклеттер мен кітапшалардың да көмегі тиеді. Екінші кезекте атқарылуы тиіс шаралар ретінде жолдардың сапасын көтеру керек дер едім. Әрине, қазір бұл жағынан біраз жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Дегенмен осы жұмыстарды қатаң бақылауға алған дұрыс. Кей жол апаттарына көліктің техникалық ақауы себеп болған деп жатады. Көлікте ақаудың пайда болуының өзі осы жолдың сапасына тікелей байланысты емес пе? Жол оқиғалары барысында адамдар өлімін азайтудың тағы бір амалы – жолдарды жылжымалы медициналық бекеттермен қамтамасыз ету. Мұның апаттан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалуға ықпал етері сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста