Жетімдерді баспанамен қамтудың тың жолдары бар ма?

Жетімдерді баспанамен қамтудың тың жолдары бар ма?


Сәуле БЕКЕТАЕВА, Алматы қаласы балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:
– Жалпы, қазіргі таңда жетімдерге қатысты мынадай мәселе мықтап қолға алынуда: еліміз­дегі жетімдердің барлығын асырап алушы және патронат отбасыларға беру мәселесі. Осы мақ­сатта атқарылып жатқан шаралардың нәтиже­сі­не қарасақ, өткен жылмен салыстырғанда же­тім­дердің саны 150-ге дейін азайыпты. Негізі, сол қалған жетімдердің басым бөлігін әлеуметтік же­тім­дер құрап отыр. Сондықтан отбасы­ларға көмек беруші орталықтардың санын арттыр­ғаны­мыз да жөн болады. Ал кезекте тұрған жетімдер бас­паналы болуы үшін жылдап күттіретін кезектің ақыры жеткенше паналайтын жастар үйін, жатақ­ха­наларды көптеп ашу қажет деп ойлаймын. Білуім­ше, Қазақстанда екі жастар үйі бар.


Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
– Жетімдерді баспанамен қамту мәселесі жүйелі түрде қолға алынатын болса ғана шешімін табады. Аймақтың әкімдері ұсынып отырған іс-шаралар мен жүзеге асып жатқан жобалар бүкіл республиканың мәселесін шеше алмайды. Сондықтан жетімдердің 1 мен 18, 18 бен 23 жас аралығындағы категориясы қаралғандай, 23 пен 29-30 жас аралығындағы жетімдердің категориясы бөлек қаралуы тиіс. Жұмыс істейтіндердің өзі мемлекеттік бағдарламамен үй ала алмай жүргенде 23 жастағы не әкесі, не шешесі, не жоғарыда отырған көкесі мен танысы, не жұмысы жоқ жетім қайдан үй алсын?! Ал 30 жасқа толғанша әр азамат өз бетінше күнін көре алатындай деңгейге жетеді. Қазір жасөспірімдер үйі деген бар. Бірақ ешбір заңнамада жетімдердің ол үйлерде қай уақытқа дейін тұруына болатындығы көрсетілмеген. Әр аймақтың әкімі әртүрлі. Бірі кетсе, орнына бірі келеді. Тіпті сол арада да өз танысын сол үйлерге орналастыруға талпынатындар табылуы мүмкін. Сондықтан жетім бала­лардың жасөспірімдер үйлерінен себепсіз қуылуына жол бермеу керек. Тағы бір жолы: жетімдерді баспанамен қамту бағдарламасын жасау керек. Егер мың үй тұрғызсақ, соның әрбір 200-ін жетімдерге тапсыру арқылы бұл мәселені тезірек шешер едік.


Алтай ТАЙЖАНОВ, философия ғылымының докторы, профессор:
– Қазіргі заманның жетіміне қазіргі заманауи та­лап­тарға сәйкес қамқорлық қажет. Заманауи талап де­геннің өзі – қазіргі қоғамның талабымен құралған заң, ереже, тәртіп. Себебі біз бұрынғы дәстүрлі қо­ғам­да өмір сүріп жатқан жоқпыз. Қазақ ұлтында же­тім мен жесір атаулы болмаған. Оның есесіне әмең­герлік институты болды. Бұл институт жетімі мен же­сі­рін жылатпай, оларды қамқорлығына алды. Біз бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз ел ретінде сол дәс­түр­ді жалғастыруға міндеттіміз. Менің ойымша, же­тім­дерді баспанамен қамту мәселесін тек қатаң заңмен бекіту арқылы ғана шешуге болады. Егер жетім­дердің құқығын қорғауға шамасы жететін жаңа заң құ­рас­ты­рылса, бұл сұрақтарға әлдеқашан нүкте қойылар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста