Жас отбасылар арасындағы ажырасу фактілерінің көбею сыры неде деп ойлайсыз?

Жас отбасылар арасындағы ажырасу фактілерінің көбею сыры неде деп ойлайсыз?


Маргарита ӨСКЕМБАЕВА, Қазақстандағы Тең құқық пен мүмкіндіктер институтының директоры, балалар психологі:
– Жас отбасылар арасындағы ажырасу фактілерінің жиілеуін олардың баспанасының жоқтығынан деп түсінемін. Қазір баспана мәселесі қоғамдағы №1 мәселеге айналды. Сатып алуға тым қымбат. Жас отбасылар шаңырақ құра сала, көшіп-қонып жүреді. Жалға берілетін пәтерлердің де бағасы көп жағдайда қалтаға сай емес болып жатады. Бар тапқан-таянғанын пәтерақысына берген соң, ерлі-зайып­тылар арасында әлеуметтік жетіспеушілік салдарынан ұрыс-керіс басталады. Мұның соңы олардың тіл табыса алмай, суысып, екі жаққа кетуіне себеп болады. Сондықтан мүмкіндігінше жалға берілетін жатақханалар санын көбейтіп, олардың ақысының жас отбасылардың қалтасына сай болуын қамтамасыз ететін мемлекет тарапынан бағдарлама қабылданса, талай шаңырақтың сақталуына себеп болар едік. Мейлі, ең болмаса, ол жерде жас отбасылар белгілі бір уақыт қана тұрып, кейін өзінен кейінгі жас отбасыларға босатып беретіндей болса да болар еді. Өйткені ұзақ уақыт тұрған сайын ерлі-зайыптылар арасы беки түсіп, ажырасу қаупі сейілер еді. Мені жас отбасылардың ажырасу кезінде балаларын да ойламауы қиналтады. Өйткені ерлі-зайыптылардың ажырасуы ең алдымен олардың балаларының тәрбиесіне, психо­логиясына кері әсер етеді.


Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
– Қазір баланы балабақшаға орналастыру, баспаналы болу, қызметке тұру, қоғамдағы азық-түлік қымбатшылығы – бәрі-бәрі қоғам­да­ғы күнкөрістің оңай еместігін көрсетеді. «Отбасы – шағын мемлекет» десек, осы шағын мемле­кет­ке мемлекет тарапынан қамқорлық керек. Өйткені шағын мемлекеттер мықты болмай, іргетасы мықты мемлекет құру мүмкін емес. Алғаш екі жас шаңырақ құрғанда жеңілдетілген несие беру, пәтерақысы арзан жатақханалармен қам­тамасыз ету секілді қамқорлықтар жасалуы керек. Қазір алиментін төлей алмай, қашып жүр­ген ер-азаматтар өте көп. Бұл ер-азаматтардың дәр­менсіздігін көрсетеді. Сондықтан отбасылар­дың ажырасуының алдын алуды мемлекет тара­пынан ойластыру керек.


Гүлмира СЕРІКБАЙҚЫЗЫ, «Ер-азамат» дағдарыс орталығының кеңесшісі, саяси ғылымдар докторы, профессор:
– Шынын айту керек, жыл санап елімізде ажырасушылар саны артып бара жатса да, мемлекет тарапынан оның алдын алу үшін атқарылып жат­қан іс-шаралар жоқтың қасы. Жастардың ажырасу мәселесінің түп төркініне те­рең үңіліп, оны шешуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Қо­ға­мымызда отбасылық құндылықтың құны төмендеп кетті. Некені жастар жеңіл-желпі нәрсеге айналдырып алды. Азаматтық некенің пайда болуы, жас­тардың арасында жеңіл-желпі қарым-қатынастардың қалыптасуы – осы­ның дәлелі. Сондықтан мемлекет тарапынан отбасылық құндылықтарды арт­­тыруға бағытталған іс-әрекеттер бастау алып, үкіметтік емес ұйымдар та­ра­пынан қолдау тапса, дұрыс болар еді. Сондай-ақ отбасын құратын жас­тар­­ды психологиялық тұрғыдан дайындайтын орталықтар жұмыс жасауы ке­рек. Жалпы, көбінесе жастардың ажырасуына олардың әлеуметтік жағ­дайы әсер етіп жатады. Жұмыссыздық, баспанасының болмауы, төмен та­быс – жастардың ажырасуының негізгі себептері. Сондықтан қоғамдағы осы мәселелерді шешуге ұмтылуымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста