Жаңа жыл қарсаңында шырша кесуге мүлдем тыйым салу керек пе?

Жаңа жыл қарсаңында шырша кесуге мүлдем тыйым салу керек пе?


Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Әрине, тыйым салу керек. Өйткені қылқан жапы­рақты ағаштар басқа ағаштарға қарағанда экологиялық ахуалды жақсартуға септігі мол. Енді Алматы қаласы дүниежүзіндегі 215 қаланың ішінде ластану бойынша 9-ыншы орында тұр. Осыдан-ақ шыршаны қорғаудың қаншалықты ма­ңыз­ды екендігін аңғаруға болады. Оның үстіне қылқан жапырақты ағаштарды табиғат жылдар бойы өсіреді. Ал кесілген ағашты біз бар болғаны бірнеше сағат, бірнеше күн ғана пайдаланамыз. Содан кейін лақтырып тастаймыз. Бірнеше ондаған жылдар бойы өскен бір түп шыршаның тамырына бір-екі күндік қуанышқа бола балта шабуымыз жөн бе?! Онсыз да Алматының Іле Алатауында орын ал­ған табиғи апаттың салдарынан қаншама шырша қырқы­лып қалды. Енді шырша кесуге мүлдем тыйым салу арқылы оның орнын толтыруымыз керек.

Салтанат ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің бастығы:
– Міндетті түрде тыйым салуымыз керек. Шыршаны тек арнайы лицензиясы бар, рұқсат қағазы бар кәсіпкерлер ғана кесуі тиіс. Өйткені олар бұл кәсібіне салық төлейді және шырша кесудің белгіленген ережелерін сақтайды. Алматы қалалық Іш­кі істер департаменті жаңа жыл қарсаңында заңсыз шырша кесуге байланысты рейдтерді күнбе-күн жүргізуде. Патрульдік полиция жасақтары саябақтарда, көгал алаңдарында, тұрғын үйлердің аулаларында шыршаларды кесуді болдырмауға күш салуда. Шыны керек, бұрындары осы негізде рейд жүргізгенде заңсыз, орынсыз шырша кесу фактілері көп кездесіп, көптеген жеке тұлғалар жауапкершілікке тартылатын. Қазір олай емес. Халық шыршаны сақтаудың маңыздылығын түсініп келеді. Бірақ елдің бәрі шырша кесуді қойды деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Дегенмен соңғы уақытта Жаңа жыл мерекесінде жұртшылықтың жасанды шыршаларды пайдалануға бет бұруы қуантарлық жайт.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР Парламенті Мә­­жі­­­лі­сі ІV ша­қы­­­­­рылымының депутаты:
– Шырша – табиғат байлығы. Оның экологиялық ахуалды жақсартуға тигізер пайдасы өте зор. Енді бір күндік қызық үшін ұзақ жылдар өсетін шыршаның түбіне балта шапқанымыз дұрыс емес. Бұл табиғатқа, қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Мен өзім 31 желтоқсанды мереке деп есептемеймін. Егер Жаңа жылды атап өтемін, шырша құра­мын деген адамдар болса, онда базарға, сауда нүктелеріне барса, неше түрлі жасанды шыршалар қаптап тұр. Соларды неге пайдаланбасқа? Менің­ше, шырша кесуге мен ғана емес, көпшілік қарсы болады деп есеп­теймін. Жеке кәсіпкерлер осындай шырша өсіріп, оны күтіп-бап­тайтын арнайы питомниктер жасаса дұрыс-ақ болар еді. Сонда шыршаны өздері өсіріп, оны сатып, кәсіпке айналдырып, табыс табады. Бүгінгі таңда жасанды шыршалардың түр-түрі бар. Бір емес, бірнеше рет пайдалануға болатын шыршалар отбасылық мерекеге әлдеқайда тиімді әрі оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Сондықтан да тұрғын­дардың осы бір тәсілді қолданғандары жақсы болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста