Ұлттық тәрбиеге негізделмейінше, жастардың бойында отандық патриотизмді қалыптастыра аламыз ба?

Ұлттық тәрбиеге негізделмейінше, жастардың бойында отандық патриотизмді қалыптастыра аламыз ба?


Намазалы ОМАШЕВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы:
– Ұлы Мұқаң «ел боламын десең, бесігіңді түзе» де­ген­де нені айтқысы келді? Оның негізгі айтпақ ойы әр ба­ла ең алдымен өз отбасы, ошақ қасында тәрбие алып, өсуі керек дегенге саяды. Яғни әр адам өз үйін­де дұрыс тәр­бие алатын болса, ол болашақта өз елі­нің де сүйікті аза­матына айналады. Тәрбиенің ішінде ең маңыздысы – ұлт­тық тәр­бие. Себебі ұлт­тық тәр­бие­ні ешкім қолдан ұйым­дас­тыр­ып, не болмаса ас­­паннан ала салған жоқ. Ол – атадан балаға тарап, бү­гін­ге дейін жасап келе жат­қан құн­ды­лық­тардың бірі және ең маңыздысы. Әр ұлттың тәрбиеге қа­тысты өзіндік ерек­шеліктері бар. Қазақи тәрбиедегі басты ерек­­шелік деп ба­ланы бесіктен бас­тап кіші­пейіл­дікке, батыр­лыққа, бі­лім­ділікке, өнер­ге үйрету дер едім. Егер біз жастарға ұлттық тәрбие бер­месек, олар­дың бойында отандық патриотизмді қа­­лып­тас­­ты­ра алмаймыз. Ал ұлттық патриотизм шы­найы­лық­қа, әді­­леттілікке негізделеді.

Манарбек ІЗБАСАРҰЛЫ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аппарат жетекшісі, Жазушылар одағының мүшесі:
– Бұл сұраққа «жоқ» деп кесімді жауап беруге болады. Себебі ұлттық тәр­биеге негізделмейінше, отандық патриотизмді қалыптастыра ал­май­ты­нымыз – ақиқат. Әрине, қазіргі кезде кейбір мамандарымыз «ұлттық тәрбиеден ажы­рап бара жатырмыз» деген пікір айтады. Бұл пікірге келісуге де, келіспеуге де бо­лады. Бірақ өз басым екінші жақты қолдаймын. Өйткені егер түп-та­мы­ры­мыздан ажырап кеткен болсақ, бүгінде қазақша сөйлеп, ұлттық дәстүрімізді мүл­­дем ұмытып кеткен болар едік. Аллаға шүкір, қазір біз өзіміздің дәс­тү­рі­міз­ді, ата дінімізді берік ұстанып келе жатырмыз. Тек өз балаларымыз ғана емес, өзге ұлттың бүлдіршіндері де қазақ тілінде еркін сөйлейді. Қазір біздің ал­­дымыздағы негізгі мақсат – осы өзге ұлттың балаларын қазақ мәдениетін, қазақ дәстүрін терең түсініп, сыйлауға үйрету жұмыстарын қолға алу. Ал өз ба­лаларымыз қай уақытта болса да туған тамырынан ажырап кетпейді. Қа­зіргі күні «отандық тәрбие» және »ұлттық тәрбие» деген ұғымдардың жеке-жеке қол­­да­нылып жүргені белгілі. Менің ойымша, осы екі ұғымды бір-біріне жа­қын­датып, тек ұлттық тәрбиеге негіздеу керек. Себебі тек ұлттық рухпен, ұлт­тық тәр­бие­мен сусындаған бала ғана өз елінің нағыз патриоты бола алады.

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры:
– Отаным дейтін адамның бойында ұлттық рух, ұлттық на­мыс болуы керек. Ұлттық рух әр баланың бойына өз от­ба­сында себілуі қажет. Менің ойымша, отаншылдық баланың кішкене күнінен отбасында алған тәрбиесінен қалыптасады. Оны ақша немесе басқа қымбат дүниеге сатып ала алмайсың. Біздің «патриотизм» деген ұғымды шынайы түсінетін уақы­тымыз жеткен сияқты. Сондай-ақ тек «патриот» қана емес, «ұлттық патриот» деген ұғымды әр баланың санасына құюымыз керек. Бұл үшін, әрине, әр балаға ұлттық тәрбие берудің маңызы ерек­ше. Біз ірі ұлтқа айналуымыз қажет. Бұл қазақ ұлтын өзге ұлттардан биік қою деген сөз емес, оның мағынасы бізден озып кеткен елдердің деңгейіне жету дегенді білдіреді. Ал мық­ты, патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін, қайталап айтайын, бізге ұлттық тәрбиеге көп мән беру қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста