Ұлттық ойыншықтарымызды сувенир қалпынан шығарудың қандай жолдары бар?

Ұлттық ойыншықтарымызды сувенир қалпынан шығарудың қандай жолдары бар?

hairolla-gabjalilov

Хайролла Ғабжалилов, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының директоры:

– Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан Ұлы Дала конституциясын кезіндегі Кеңес өкіметі құртып тынды. Оның негізгі принциптерінің бірі ұлттық салт-сананы дамытып, қалыптастыру еді. Біздің тарихымызда қалған қаншама батыр, би-шешендеріміз, қисса-дастандар мен батырлар жырында, аңыз-әфсана, ертегілерімізде кездесетін қаншама кейіпкерлеріміз бүгінгі ұрпақтан алшақтап кетті!? Кеңес өкіметі болса біздің рухымызды төмендету үшін тарихи тұлғаларымыз бен әдеби кейіпкерлерімізді әжуалап, ақымақ, әлжуаз етіп көрсетті. Олар кеңес адамын тәрбиелеу үшін орыс дүниесін көтермелеп, қазақ сияқты ұлттардың рухани құндылықтарын теріс жағынан көрсетіп келді. Ендігі кезекте осы олқылықтардың орнын толтыру үшін, еңсеміз биік ел боламыз десек, біріншіден, бесігімізді түзеуіміз керек. Ал бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру үшін біз қазақ баласы көретін мультфильмдерді, қазақ баласы ойнайтын ойыншықтарды шығаруды үлкен өндіріске айналдыруымыз қажет. Сонда ұрпағымыздың ұлттық санасы өзіміз ойлағандай қалыптасады.

tokkoja-mukajanuly-1

Тоққожа Қожағұлов, педагогика ғылымының кандидаты, суретші:

– Біз көп жағдайда ұлттық ойындарды дамытуды ойлаймыз да, ұлттық ойыншықтар мәселесіне келгенде қарекетсіз қаламыз. Ойыншық мәселесі ойыншық емес. Баланы жастайынан ұлттық құндылықтарға бейімдеп өсіру оның өз ана тілінде сөйлейтін, түрі де киімі де қазақша ойыншықтары болуы шарт. Бізге шетелдік суретшілер сияқты аннан-мұннан құрап, жаңа кейіпкерлер ойлап табудың да қажеті жоқ. Мультфильмдерге, кітаптарға, ойыншықтарға қажетті кейіпкерлер бізде дайын. Ұлттық ойыншықтар еліміздің әр отбасында, әр балабақшасында болуға тиіс. Өкінішке қарай, бұл жағы бізде мүлде қолға алынбаған. Қазір қарасаңыздар, ұлттық ойыншықтарымыз тек сувенир деңгейінде ғана жасалады. Онымен бала ойнай алмайды, бағасы да қымбат. Сондықтан арзан-құрзан шетелдің жаман ойыншықтарына қол созамыз. Олардың насихаты да мықты. Осының салдарынан қазақтың балалары өздерінің табиғатына етене жақын ұлттық кейіпкерлерді танымай өсіп келеді.

esei-jenisuly

Есей Жеңісұлы, ақын, Республикалық «Ұлан» газетінің бас редакторы:

– Біздің редакциямызға балалардан көптеген хаттар келеді. Олар да «өзіміз ойнайтын өз ойыншықтарымыз неге жоқ?» деген сауал қояды бізге. Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда ұлттық ойыншықтар шығаратын бірде-бір зауыт не фабрика жоқ. Жалпы, елімізде осы саланы дамытатын индустрия қалыптаспаған. Бұл мәселеге келгенде біз тек тұтынушы ғанамыз. Осыдан келіп біз өз балаларымызға қажетті ойыншық атаулыны көршілес Ресей мен Қытайдан алып келеміз. Қытайдың ұтып отырған тұсы – әлемнің қай елінде қандай тауар сұранысқа ие – соны өндіреді. Егер де ұлттық ойыншықтарымызды өзіміз жасай алмасақ, тым құрығанда іргедегі Қытайға тапсырыс беріп шығартуға болады. Тау көтерген Толағай, Көлтауысар, Желаяқтарымыз Шрэктерден мың есе артық емес пе!? Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев сынды балаларға жазатын қаламгерлер шығармаларында қаншама жақсы кейіпкерлер бар!? Мысалы, «Менің атым Қожаның» мультфильмін жасап, компьютерлік ойындарын ойластырып, түрлі-түсті кітабын шығарып, Сұлтан мен Қожаның ойыншықтарын шығарса, қай қазақтың баласы қызықпайды?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста