Тіл тағдырына қатысты түйткілді мәселелерде бір кісідей ұйымдасып жұмыс істеуге неге дәрменсізбіз?

Тіл тағдырына қатысты түйткілді мәселелерде бір кісідей ұйымдасып жұмыс істеуге неге дәрменсізбіз?


Смағұл Елубай, жазушы:
– Талқыланып жатқан заң жобасының қазақ тілінің дамуына оң қадам жасайтынына сенеміз. Көктемде мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммедпен кездесуде осы мәселені айтқанбыз. Не­гі­зінен, тіл туралы заң нақты жұмыс істеуі үшін «Қазақстанның бар­лық азаматтары мемлекеттік тілді меңгеруі міндетті» деген конс­ти­туциялық өзгерістер енгізу керек. Қазақ тілінің мем­лекеттік мәр­тебесіне сай болмауы біздің әлсіздігімізден. Бая­ғы­да Франция Пре­зиденті Ф.Миттеран Қытайға барған са­па­рында: «Қытай тілінің болашағы зор, бірақ әзірше француз ті­ліне қауіп төндіре алмайды», – деген болатын. Біз дәрменсіз емеспіз. Айналайын-ау, бар қазақ, бүкіл ұлт баспасөзі тілдің зарын зар­лап, шулап келе жат­қа­нымызға 20 жыл, ар жағы 70 жыл бол­ды ғой. Мұның арты үл­кен әрекетке, ашу-ызаға ай­на­лып кетуі мүмкін. Сондықтан тілге жа­уапты адамдарды сақтан­ды­рамыз. Әлдебір зейнеткерлер, орыс­тілді БАҚ шулады екен деп мемлекеттің, қазақ тілінің тағ­дырын бейжай қалдыра ал­май­мыз. Соңғы бес жылда қазақ­тілді БАҚ әр санын тілге арнап ке­леді. Сондықтан тіл мәселесінде ұйымдаспай, тегеурін та­ныт­пай отыр деуге болмайды.

Қазыбек Дауталиев, заң ғылымының кандидаты:
– Мемлекеттік тіл мемлекеттің институты ретінде мем­ле­кеттік басқаруды қажет етеді. Ал мемлекеттік басқару екі түрлі әдіс арқылы іске асады: біріншісі – иландыру әдісі, екіншісі – мәж­бүрлеу әдісі. Бірден екінші әдісті пайдалануға болмайды. Егер иландыру әдісі әлсіз, нәтижесіз болған жағдайда мәжбүрлеу әді­сін қолдану керек. Осы мәжбүрлеу әдісінің құқықтық жағынан төрт түрі бар: қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, аза­маттық-құқықтық және тәртіптік-құқықтық. Бізде мемлекеттік тілді білуді мәжбүрлеудің ғылыми теориялық-тәжірибелік ме­ханизмі әлі әзірленген жоқ. Қоғамдық сананың қозғаушысы ре­­тінде бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тілге қар­сы­лықты жан-жақты талқылап, өз үнін білдіруі керек. Мемлекеттік тіл­ қазақтың ғана емес, алдымен мемлекеттің құқығы болып та­бы­лады. Сондықтан мемлекеттік тілдің жайына билік ор­ган­да­ры алаңдауы керек, тілдік саясатқа қарсы пікірлерге бай­ла­ныс­ты нақты құзыреті, бұлтартпайтын аргументтері болуы және тү­сіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. «Ана тілдерің ғой, мем­лекеттік тіл етіп жасадық, ары қарай өздерің қорғап алыңдар» деп халыққа ысырып тастауға болмайды. Мемлекет қоғам ал­дында мем­лекеттік тілді, яғни өз құқығын қорғай алмай отыр.

Дидахмет Әшімхан, жазушы-публицист:
– «БАҚ кімнің қолында болса, билік сонда» деген сөз бар. Сол рас. Былтырлары ел бірлігі доктринасын қабылдайын деп жатқан кезде зиялы қауым, қазақтілді БАҚ қарсылық білдіріп, өре түрегелді. Ақырында билікке алған бетінен қайтуға тура келді. Өйткені БАҚ – халықтың сөзі, билік халықтың назасынан сескенді. Бұл жерде халыққа өкпе айту қиын, қарапайым халық бірі тауда, бірі қалада, бірі далада дегендей. Ең бастысы, халық пен қазаққа жаны ашитын зиялы қауымның мүддесі, тілегі бір, осы бірлік пен ұйымдасудың басында қазақтілді БАҚ тұр. Бізде ұлттық партия жоқ. Ұлттық партияның рөлін қазақ баспасөзі, ұлт журналистикасы атқарып жатыр. Ұлттың, ел азаматтарының қазақ тілінің төңірегіне топтасуы, бір-біріне хабарласуы қуанышты жағдай. Дәл қазіргі сын сағатта «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» керек. Осындай кезде елдегі жастар ұйымдары, әртүрлі клуб мүшелері бірігіп, бірдей үн қосатын болса, онда жалған ұран үшін емес, ұлт үшін жұмыс істеп жатқаны деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста