Тауардың сапасы, тиімділігі жайлы жалған жарнама берген компанияларға айыппұл салу керек пе?

Тауардың сапасы, тиімділігі жайлы жалған жарнама берген компанияларға айыппұл салу керек пе?


Артық СЕЙІТҚАЛИЕВА, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрайымы:
– Әрине, тауардың сапасы мен тиімділігі туралы жалған жарнама беріп, халықты алдап өздеріне тарту арқылы қыруар пайда табуды көздеген компанияларға айыппұл салынуы керек. Біздің елімізде мұндай жағдайда компанияға әкімшілік кодекс арқылы жаза қолданып, айыппұл өндіру қарастырылған. Алайда аталмыш заң өз деңгейінде жұмыс жасап жатқан жоқ. Мәселен, теледидардан бетке арналған кремнің үш күннің ішінде бетті тегістеп, әжімді мүлдем жоятыны жайлы немесе шашқа арналған сусабынның қайызғақты кетіріп, шашты жылтырататыны жайлы оңды-солды әсіре, жалған жарнамалар беріліп жатады. Алайда оларды қолданып отырған тұтынушылар тауардың сапасы жарнамасына сай еместігін айтып шағымданбайды. Халық тарапынан наразылық болмағаннан кейін тиісті орындар да компания жарнамаларының қаншалықты шынайылығын тексеруге құлықсыз. Біздің ұйым тұтынушылардың құқын қорғайтын ұйым болғанымен, осы уақытқа дейін жалған жарнамаға наразылық танытқан тұтынушы болмапты. Егер тұтынушылар арызданатын болса, жарнаманың жалғандығы анықталып жатса, компания жазаланып, арызданған тұтынушыға өтемақы төленіп, өндірушінің жалған жарнама арқылы тапқан пайдасын мемлекет қоржынына қайтаруға болады.

Тимур НАЗХАНОВ, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті:
– Елімізде жарнамасы жер жарған кейбір тауарлардың са­пасы талапқа сай болмайтыны рас. Тұтынушы тарапынан талап болмағаннан кейін өндірушілер «соқыр тауыққа бәрі бидай» деп ойларына келгенін істей береді. Ал компаниялар жалған жарнамасы арқылы қыруар қаржы тауып, пайда­сын еселей түсуде. Сондықтан алдымен тұтынушылар тара­пы­нан өндірушілерге талап күшеюі тиіс. Егер бір рет ком­па­ния­ның жалған жарнамасын әшкерелеу арқылы айыппұл төлетсек, қалғандары жарнамаларын абайлап жасауға ты­ры­сар еді. Айта кетер жайт, бізде өндірушілер аз бол­ғаннан кейін, бәсекелестік те мәз емес. Көбіне өнімдер сырт­тан келіп жатады да, сырттан келетін өнімнің сапасын дәлелдеп шығу да қиынға соғады. Шыны керек, жарнамасының қан­шалықты шынайылығын біле алмаған соң, өнімдердің баға­сының да қаншалықты дұрыс екенін анықтай ал­майсың.

Бақберген ДОСПАНБЕТОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Елімізде өнім сатылымға шықпас бұрын стандарттау орталығында толықтай сүзгіден өтеді. Аталмыш орталықта тіркеу кезінде тауардың сапасы, жасалған ма­териалы, қасиеті, қаншалықты пайдалылығы тексеріледі. Егер компания осы қалыптан асып, теледидар немесе көшедегі бил­бордтар арқылы жалған жарнама беруге тырысса, заңсыздық ретінде танылып, қомақты мөлшерде айыппұл төлеуі тиіс. Біз сондай жолмен ғана халықты, тұтынушыны жалған өнімге жем болудан арашалап аламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста