Сот шешімінің шыққанына қарамастан, қарызын өтемейтіндерді қылмыстық жазаға тарту керек пе?

Сот шешімінің шыққанына қарамастан, қарызын өтемейтіндерді қылмыстық жазаға тарту керек пе?


Ербол ҚҰТПАНБАЕВ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық №2 сотының төрағасы:
– Әрине, керек. Сот шешімі орындалуымен құнды. Сондықтан заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс. Алайда, өкінішке қарай, бізде сот шешімі шығып, заңды күшіне енгенімен, оның орындалуы көңіл қуантпайды. Борышкерлердің көбі сот шешімі шықпай жатып-ақ өздерінің аттарындағы дүние-мүліктерін өзге туыстарының атына жаздырып, жауапкершіліктен қашады. Сондықтан біз, ең бірінші, сот орындаушыларының мәр­те­бесін, құзыретін көтеруіміз керек. Қазір Әділет министрлігі қаражаты бар болғанымен, қарызын өтемейтіндердің тізімін жа­сақтап, олардың еркін жүріп-тұруына, шетелге шығуына шектеулер қоюда. Сонымен қатар егер борышкер өзінің дүние-мүлкі бола тұра, сот шешімін орындаудан әдейі, қасақана жалтаратын болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша қылмыстық жауап­кершілікке тартылады. Ол үшін борышкердің сот шешімін қасақана орын­дамай отырғанын дәлелдеуіміз керек. Сонда ғана біз осы бап бойынша борышкерді кінәлі деп таба аламыз. Қазір бұл сот тәжірибесінде қолданылып отыр. Алайда осы санаттағы қылмыстық істер көп емес. 


Артықбек ПАШАЕВ, Түркістан қаласының прокуроры:
– Мен бір мысал айтайын, Түркістан қаласында бір апа 380 мың теңге қарызын жеті жылдан бері әлі ала алмай жүр. Борышкерден қарызды өндіру туралы сот шешімі шыққан, сот орындаушылары оны бірнеше рет әкімшілік жазаға тартқан, тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылды, алайда қарыз өндірілмей жатыр. Өйткені борышкердің атында ешқандай дүние-мүлік жоқ. Ол жалақы да алмайды, тек базарда делдал болып жұмыс істейді. Енді осыдан шығудың жолы, борышкерді қоғамдық жұмысқа тартып, қарызын өтегенше жұмыс істетуіміз керек. Міне, заңға осындай өзгерістер енгізіп, осы тәжірибені қолданысқа енгізгеніміз жөн. Әрине, борышкерлерге құқықтық әсер ету тетіктерінің бірі – қылмыстық жауапкершілікке тарту. Бірақ сот актілерін орындаудан қасақана жалтару туралы қылмыстық істерді тергеудің жағдайы да күрделі болып отыр. Қылмыстық қудалау органдары сот актілерін қасақана орындамау фактілері бойынша қылмыстық істі өте аз қозғайды. Мәселен, ҚР Бас прокуратурасының дерегі бойынша, ағымдағы жылдың бірінші жартысында сот орындаушылары 850 040 атқарушылық құжаттан тек 392 051 құжатты немесе 46,1 пайызын ғана өндіріспен аяқтаған. Бюджетке өндірілуге жататын 1,5 трлн теңгеден 73 млрд теңге өндірілген. Бұл ретте мен сот шешімін орындамайтындарды қылмыстық жазаға тарту керек деп есептеймін.


Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Сон­­дықтан әрбір азамат мемлекет заңдарын сақ­тау­ға, сот шешімін орындауға міндетті. Егер сот ше­ші­мі заңды күшіне еніп, ол қасақана орындалмаса, он­­да жауапкер қылмыстық жауапкершілікке тар­тылуы тиіс. Өкінішке қарай, мұндай істер сот тәжі­ри­бесінде көп қолданылмайды. Осының салда­рынан кей­біреулер есіріп кетіп, соттың шешіміне пысқырып та қарамай қояды. Тіпті кейде сот орын­дау­шыларының өздерінің ар-намысына тиіп, қар­сылық көрсетіп, оларды да жүгіртіп, әбігерге салады. Сон­дықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабын қол­дануымыз ке­рек. Сот шешімін қасақана орын­дамаса, жауап­кер­ді қылмыстық жауапкершілікке тар­тып, оны бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында жа­рия етуіміз қажет. Сонда ғана бұл мәселе жөнге келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста