Реформаларды көбейтеміз деп, Жол полициясын ойыншыққа айналдырып алған жоқпыз ба?

Реформаларды көбейтеміз деп, Жол полициясын ойыншыққа айналдырып алған жоқпыз ба?

karim-abdulla

Кәрім Абдолдинов, Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы Әуезов аудандық жол полициясының Әкімшілік істер жөніндегі инспекторы:

– Шынымен де, соңғы жылдары жол полициясы қызметіне бірнеше реформа енгізілді. Алайда олардың барлығы сайып келгенде, МАИ саласы жұмысын жақсартып, тиімділігін арттыру үшін жасалынып жатқан шаралар деп білемін. Сол реформалардың арқасында қызметімізге заман талабына сай өзгерістер енгізіліп, ішкі істер органы саласы уақытпен ілесіп отырған шетелдерден тәжірибе алмасып отыруға қол жеткізді. МАИ қызметкерлері «ойыншыққа айналған жоқ па?» деген тосын сауалдарыңызға айтарым, бұл қате ұғым болар. Өйткені керісінше қайта қазір МАИ қызметінің жұмысында батылдық байқалады. Ешкімнің түр-түсіне қарап жатқан жоқ. Мәселен, жол тәртібін бұзып, құжатынан айырылып қалған шенеуніктер менің алдыма аз түспейді. Олар көппен бірге тиісті жазаларын алып та жатыр. Бәлкім, жол күзетінде тұрған кейбір сақшыларымыз кейбір кеудемсоқтардың алдында кішірейіп те қалатын шығар? Алайда бәрі бірдей емес қой.

tolegen-muhamedjanov1

Төлеген Мұхамеджанов, Сенат депутаты:

– «Жол полициясын ойыншыққа айналдырып алдық па?» деп ойлауымыз артықтау болар. Десем де, жол полициясында орын алып жатқан олқылықтар тек жол күзетіндегі сақшыларымыздың кемшілігінен ғана емес. Соған әкеп тірейтін факторлар көп. Бұл мәселенің Парламентте де жиі көтеріліп жүргені өздеріңізге белгілі. Қазір жаңа заң қабылданды. Осы заң жүзеге асса, біраз проблеманың оң шешілетініне күмәнім жоқ. Ең бастысы, жол ережесін бұзғандардың барлығын бірдей жазалау керек. Жол тәртібін бұзғандардың қай-қайсысы да талапты орындап, заңға бағынуы тиіс. МАИ қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, оларды cынға ұшыратып жататын дәл осы «тізгінсіз» жүргендер дер едім. Осыдан барып жемқорлыққа да жол беріледі. Сөздің тоқетері, ең алдымен жүргізушілердің мәдениетін көтеріп, жауапкершілігін арттыру керек. Жол полициясының мәртебесі сонда ғана өспек.

01717

Әділ Бек Қаба, ҚР Бас прокуратурасы аппаратының Тіл саясаты және ақпарат басқармасының бастығы:

– Олай демес едім. Жол полициясы қызметіне соңғы 10 жылдың ішінде біршама реформалық өзгерістер енгізілгені рас. Менің ойымша, жол полициясы одан еш зардап шеккен жоқ. Қайта көптеген былық-шылықтарға тосқауыл қойылды. Мәселен, жүргізуші куәлігін алудағы талап күшейді. Жол полицейлерінің тасада тығылып тұрып, жүргізушіні себепсіз тоқтатуы сияқты жағдайларға тосқауыл қойылды. Ал көшедегі бейнекамералар желігіп жүргендердің аптығын басты. Былайша айтқанда, сол реформалардың жол ережесін сақтауда, жол мәдениетін қалыптастыруда және апат көлемін азайтып, МАИ қызметкері тарапынан жасалатын парақорлықты тыюдағы рөлі айрықша. Әрине барлық инспектор адал болып кетті дей қою қиындау. МАИ жол ережесінің сақталуын қадағалау құзырына ие болғандықтан олар үшін барлық жүргізуші бірдей болуы тиіс. Ешкімнің лауазымына, мансабына, қоғамдағы алатын орнына ешқандай да ерекшелік берілмеуі керек. Бар гәп осында. Талап бәріне бірдей қойылса, талай түйін шешілер еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста