Қоғамдық тәрбиешілер институтын енгізуге қажеттілік бар ма?

Қоғамдық тәрбиешілер институтын енгізуге қажеттілік бар ма?


Құралай ҚАРАКЕН, Мәжіліс депутаты:
– Біз балалар тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Неғұрлым тәлім-тәрбиесіне көбірек көңіл бөлінген баланың ертеңі жарқын болмақ. Сондықтан оларды қоғамдық үйірмелерге қатыстыру арқылы, әртүрлі ұйымдардың мектептерге барып лекциялар өткізуі түрінде, түрлі іс-шараларға тарту арқылы олардың жағымсыз әрекеттерге бой ұрмауына барынша ықпал етуіміз керек. Әсіресе бүгінгідей ата-ананың балаға бөлетін уақыты жоқ, қарбалас кезеңде балалар үшін қоғамдық тәрбиешілер институтын енгізудің қажеттігі артып тұр. Қазір, шын мәнінде, балаларымыз жалғызсырайды. Үйде ата-анасы жұмыстан босамайды, ұстаздардың сыныптағы 30 баланың бәрімен бірдей жақын сөйлесіп, жанына үңіліп, біліммен қатар бойына тәрбиені сіңіруге уақыты жетпейді. Жанындағы достарымен сырласқысы келгенімен, құрдастары да өзіндей тәжірибесіз жастар. Осындай жағдайда оларға тегін кеңес беретін желілерді іске қосып, түрлі жолдармен қоғамның қолдауын сездіретіндей, тәрбиесіне көңіл бөлетіндей жағдай жасауымыз керек.


Айгүл ШӨПШЕКБАЕВА, Алматы қалалық ІІД кәмелетке толмаған­дар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция полковнигі:
– Қоғамдық тәрбиешілер институтын енгізуді мен қолдар едім. Өйткені дәл бүгінгі таңда қоғамымызда бала тәрбиесіне кері әсер ететін факторлар өте көп. Қазір баланы неше түрлі шетелдік сериалдарымен теледидар, қалағаныңыздың бәрін шығарып беретін ғаламтор, атыс-шабысқа толы компьютерлік ойындар тәрбиелеп жатыр. Үйдегі ата-ана мен мектептегі ұстаздардан гөрі балалар мен жасөспірімдердің санасына осылардың тәрбиесі басымдау болып тұр. Сондықтан қоғамдық тәрбиешілер институтын қалыптастыруға тырысуымыз қажет. Көбіне тәрбиесі қиын отбасыдан шыққан немесе анасы не әкесі жоқ балалар мектеп инспекторларының тізімінде тұрады. Демек, оларға қоғамның тәрбиесі жетіспейді деген сөз. Егер біз қоғамдық тәрбиешілер институтын қолға алсақ, мектептердегі тәрбиесі қиын балалардың санын азайта алар едік. Қазір, шыны керек, оқушылар ұстаздарды мойындай бермейді. Мұндай жағдайда оларға үлгі бола алатын тұлғалардың көмегіне жүгініп, олардың мектептердегі тәрбие сағатын ұйымдастыруын қамтамасыз етуіміз керек.


Арманай ЗАЙЫПОВА, Алматы қаласын­дағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназия­ның психологы:
– Әрине, бүгінгі күні қоғамдық тәрбиешілер институтын енгізу қажет-ақ. Бұл жерде тағы бір басты нәрсе: баланың үйдегі алатын тәлім-тәрбиесі болып тұр. Мектеп тарапынан бала психологиясына, тәлім тәрбиесіне оң әсер ететіндей дүние айтылып жатқанымен, оны үйде жалғастыратын ата-ана болмаса болмайды. Сондықтан ата-ана, ұстаз, қоғамдық тәрбиешілер институты арқылы бала тәрбиесімен кешенді түрде айналысу керек. Әрбір нәрсеге кешенді түрде ықпал еткенде ғана көбірек нәтиже болатынын ескерсек, біз ұрпақты қоғам болып тәрбиелеуді ойлауымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста