Қазақтың тісі қай ғылымға батпай жүр?

Қазақтың тісі қай ғылымға батпай жүр?


Ахмет АЛЯЗ, Халықаралық «Қазақстан-Zaman» газетінің директоры:
– Қазақтың тісі ғылымның барлық саласына батады. Бірақ елімізде оған кедергі келтіретін факторлар бар. Мысалы, бірінші – күнделікті тұрмыс-тіршілік, екінші – ғылыми бағыт-бағдардың айқын еместігі, үшінші – ғалым адамның қолындағы мүмкіншілігінің жоқ­тығы, төр­тін­ші – ғылымға деген құрметтің болмауы. Қазір, Құ­дайға шүкір, қазақ­тың мықты математиктері, физиктері, химиктері, әде­биетшілері т.б жетерлік. Оның бәрі жоғарыдағы айтқан себептер салдарынан күн­көріс қамымен жүр. Есесіне, ғылымды ермек еткен, ғылымға үлес қос­паса да, атақ алғысы келетін азаматтардың саны көбейді. Сон­дықтан да бірінші кезекте – ғалымдардың күнкөріс мәселесі, екінші кезекте нақты бағыт-бағдар айқындалса, кез келген ғылымды ба­ғын­дыруға болады. Үшіншіден, бізде ғылымды ары өндіріске жалғап әкететін орта қалыптаспаған. Мысалы, көлік жасау елімізде дамы­маған делік. Сіз осы саланың қанша білгір маманы бол­саңыз да, елімізде өндірісі болмағандықтан алға жылжи алмай­сыз. Яғни теорияны практикаға ұштастыра білу керек. Біздегі бір­қатар саладағы ең үлкен проблема – осы. Осыған қарай отырып, біз­дің ғалымдар теорияны тәжірибеге айналдыруға тісі батпай жүр деп айтуға болатын шығар.


Сайын БОРБАСОВ, саясаттану ғылымының докторы, профессор:
– Біріншіден, бізде әлемдік ақпараттандыру ғылымы кен­желеп келеді. Ғалымдарымыз ақпаратты қалай ұйым­дастыру, ақпаратты қалай жеткізуді білмейді. Екін­шіден, биотехнология саласы дамымай отыр. Үшіншіден, қоғамға аса қажетті азық-түлік өңдейтін, өндіретін технология саласын игеруге де құлшыныс таныта алмай отырмыз. Бұл айтылған үш саламен айналысатын ғалым­дарымыз бола тұра, айтарлықтай жетістікке жете алмау­дамыз. Сонан кейін біздің ғалымдардың тісі машина жасау, кибернетика, технологиялық желілерді жасау, ғарыш саласын игеру деген секілді ғылым түрлеріне де батпай отыр. Адамзаттың бола­шағы ғарышпен байла­нысты болғандықтан, бұл салаға баса назар аударуымыз қажет екені белгілі. Десек те, біздің ғарыш саласындағы ғалымдарымыз некен-саяқ.. Сейс­мо­логия, гидро­ме­тология салаларында маман­да­рымыз бар дегенімізбен, сапа жоқ. Яғни бізде дамымай отырған ғылым саласы өте көп деп ойлаймын.


Қарлыға МЫСАЕВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің доценті:
– Қазір елімізде кенжелеп қалды делінетін жаратылыстану, соның ішінде биотехнология, нано­тех­нология, космостық қызмет, ақпараттық-коммуникациялық тех­но­логия саласына баса көңіл бөлініп, сең қозғала бастады. Сол себепті де қазақтың тісі қай ғылымға батпай жүр деген сауалдан гөрі, алдымен осы салаға үкіметтен бөлінген қыруар қаржылардың есебінен жүр­гізіліп жатқан ғылыми-инновациялық зерттеулердің біздің қо­ғамға қаншалықты пайдасы тиіп жатыр деген сұраққа жауап беріп ал­ған дұрыс сияқты. Үлкен бір конференцияда танымал шетелдік ға­лым: «Бұрынғы КСРО елдерінен шыққан көптеген ғалым көп жыл­дар бойы жүргізген ғылыми-зерттеулерінің нәтижесін қалай кітап етіп түптеп сөреге қоюды ойласа, біздегі ғалымдар оны қалай өнді­ріс­ке енгізуді, бизнес көзіне айналдыруды ойлайды» деген еді. Әрине, біздегі барлық ғылыми-зерттеу нәтижесі қағаз жүзінде қалып жа­тыр дей алмаймын. Бірақ бүгінде мейлінше ғылыми әлеуеттің дамуы қолданбалы ғылымға, өндіріске және бизнеске жақындау қажеттілігі сезіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста