Педофилияға байланысты қылмыстарға өлім жазасын енгізу керек пе?

Педофилияға байланысты қылмыстарға өлім жазасын енгізу керек пе?


Ербол Құтпанбаев, №2 Еңбекшіқазақ аудандық сотының төрағасы:
— Қай қылмыс болсын мейлі, қылмыстың аты – қылмыс. Қазақстан 2003 жылы азаматтық, саяси құқық туралы және адамның әлеуметтік, эко­но­микалық, сонымен қатар мәдени құқықтары жөнінде халықаралық пак­тіге қол қойып, халықаралық құқықтық қатынастарға байланысты өлім жа­засына мораторий жариялаудың алғашқы қадамдарын жасады. Ал ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылдың 17 желтоқсанында өлім жа­за­сына мораторий жариялау туралы Жарлыққа қол қояды. Міне, содан бері соттар осы Жарлыққа жүгініп келеді. Бұл – Қазақстанның демократия және адам құқығын қорғау принципін ұстанатындығын дәлелдейді. Ал, сіздер айтып отырғандай, дәл осы педофилизмді өзгелерден ерекшелеп, тек оларға қатысты мораторийді алып тастауға болмайды. Менің ойымша, өлім жазасын енгізудің керегі жоқ. Тек жазаны мейлінше қатайту керек. Әри­не, өкінішті, мұндай сұмдық етек алып барады. Тәжірибе көрсеткендей, бұ­рын­дары өлім жазасы қолданып жүргенде де қылмыскерлердің ішінде егер ұс­талып қалса, қандай жазаға кесілетінін біле тұра, арам пиғылдарынан қайт­па­ғандар болды. Менің айтқалы отырғаным – педофилдік қыл­мыс­тар­ға жол бермеудің, алдын алудың басқа да амалдарын қарастырған жөн.

Майра Айсина, Парламент депутаты:
– Әрине, мұндай азғындарды ең жоғарғы үкімге кесу­ге қарсы емеспін. Өлім жазасын енгізу керек деп те айтар едім. Ондай адамдық қасиеттен ада аң терісін жамыл­ған­дардың өмір сүруге еш құқы жоқ деп санаймын. Алайда мораторий­ді қайтеміз? Міне, осы ізгілендіру саясаты қан­дай да бір маңызды шешім шығаруға келген­де тізгін тартқызып қояды. Қазір ел арасында «педофил­дер оқы­ған-тоқыған, қызметте отырғандар арасында да жүр» де­ген әңгіме бар. Ол әбден мүмкін. Негізі, өздеріңіз біле­сіз­дер, медицинада педофилизмге ауру деп қарайды ғой. Егер де мана мен айтқан сауатты адам­дар сондай ауру болса, алдын ала емделсін дер едім. Жалпы, сөз болып отырған қылмысқа барғандар егер ақыл-есі дұрыс емес деп танылса, әлбетте, емделуге жібе­ріледі. Ал егер қыл­мыскер қараниетті болса, онда ол­арға қатысты жазаны мейлінше қатаңдатпаса болмайды. Әйт­песе жаза­ның жеңілдігі педофилдердің қатарын көбей­тіп, оларды тым еркінсітіп жібереді.

Артықбек Пашаев, Түркістан қаласының прокуроры:
– Өкінішке қарай, мұндай аса ауыр қылмыс қазақтың иман­дылық орнаған ортасы саналатын киелі Түркістанға да жат болмай кетті. Соңғы екі жылда үш бірдей оқиға тіркелді. Қазіргі кезде осы істерге байланысты тергеу амалдары қатаң бақылауға алынып отыр. Жәбірленуші сәбилердің ата-аналарының жүрегі­нің қарс айырылғанын көргенде, қабырғаң қайыспай қоймайды екен.
Негізі, педофилдік қылмыстарға барғандарды өлім жаза­сына кесуге қарсы емеспін. Алайда, өздеріңіз білесіздер, қазір Қа­зақ­стан­да өлім жазасы­на мораторий жарияланған. Сондықтан пе­до­филияға ең ауыр үкім қолдану үшін бірінші кезекте атал­ған қыл­мысқа мораторийді алып тастау қажет­тігін ойлау керек шы­ғар. Біз демократияға ұмтылған елміз. Мораторий – қыл­мыс­тық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған республиканың құқық­тық сая­сатын­дағы маңызы зор қадам. Осы жағын ескерсек, қазір қо­ғам көтеріп отыр­ған бұл мәселе қалай болар екен? Өрке­ниетті ел­дер үрдісінен тыс қалуға тағы болмайды. Ал ел қалау­лы­лары заң­ға өзгерістер енгізіп жатса, педо­филия­ға байланысты қыл­мыс­тарға өлім жазасын енгізуге, әрине, қосыла­мын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста