«Оқу оқып, карера жасап, үй, көлік алып, жағдайды оңдаған соң тұрмысқа шығамын» деу кәрі қыздар қатарын көбейтпей ме?

«Оқу оқып, карера жасап, үй, көлік алып, жағдайды оңдаған соң тұрмысқа шығамын» деу кәрі қыздар қатарын көбейтпей ме?


Алмагүл АЯҒАНОВА, психолог:
–Шаңырақ көтеру қоғамның ең маңызды бөлігі болып табылады. Дегенмен, осы отбасылық өмірге көзқарас әртүрлі. Ер-азаматтар мен әйел затының отбасы туралы пікірлері де екі түрлі. Жалпы алғанда отбасылық өмірге физиологиялық ғана емес, психологиялық және әлеуметтік тұрғыда толық дайындықтың орташа жасы — 22-25 жас. Бұл жас кезеңінде қыздар кәсіби мамандану деңгейінен өтіп, өмірдің бір белесіне жетеді. Осы жас кезеңінде тұрмыс құрудың қажет екен¬дігін сезеді. Ал сезініп болғанда кеш қалып жатады.
Көп жағдайда қыздар мамандық иесі ретінде диплом алып қана қоймай, карьера жасауды ойластырады. Олар материалдық жағдайын жақсартып алмайынша тұрмысқа шығуды екінші орынға сырғыта береді. Ал ойындағысы орындалғасын, өзіне сай деп тапқан жігітке де талапты мықтап қояды. Мысалы, тұлғалық ерекшелігіне, жеке мә¬де¬ниетіне, адамдармен қарым-қатынас жасауына мән береді. Жігіт оның жағдайын жасай ала ма, жоқ па, оны да естен шығармайды. Осы аталған жағдайларға қарай, қыздардың «кәрі қыз» атануына әртүрлі себептері бар. Біріншіден, көп қыздардың өз әкесін  идеал  ретінде қабылдауы. Дәл әкесінің бойында бар қасиеттерді жігіттің бойынан көргісі келеді. Көп жағдайда көп қыздар әкесіне ұқсайтын адарды өмір бойы кездестіре алмауы да мүмкін.


Халық РИЗАБЕК, әнші: 
–Бүгінде түндігі желбіремей, оң жақта отырып қалған қыздардың саны елімізде 350 мыңға жетіп қалыпты. Яғни жыл сайын кәрі қыздар қатары көбейіп барады деген сөз. Өкінішке орай, бұл көрсеткіш жыл өткен сайын ұлғайып та барады.
Оның үстіне бүгінгінің қыздары біздің , яғни, еркектердің темекісін де, арағын да, шалбарын да, көлігін де тартып алып жатыр.. Ал бұл өз кезегінде әйелдердің еркекке тәуелділігін айтарлықтай жоғалтып жіберген секілді. Бұрынғының әйелдері ерінен таяқ жеп жатса да, ажыраспауға тырысатын.. Өйткені ол уақытта «еркексіз күнің қараң» болатындай еді. Менімше, бүгінгідей техниканың дамып бара жатуы әйелдер мен қатар еркектердің де бір біріне тәуелділігін жойып жібергендей.
Қазіргі жастардың 30-40 пайызы отау құруға құлықты емес. Олар үшін бала табудан гөрі, жан бағу бірінші кезекке шыққандай. Әуелі материалдық жағдайды ойлайтын олар тұрмыс құруға келгенде тізгінді тарта тұруды жөн көреді. Жастардың отау құруына ынталы еместігіне бірнеше себеп те бар. Жалақының аздығы, баспананың болмауы, материалдық жетіспеушілік... Қыздардың көпшілігі білім қуып, жастық шағын сарп етсе, жігіттердің дені материалдық жағдайын түзеп алайын деп уақытын өткізіп алады.


Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, журналист:
–Көбейтеді, көбейткенде қандай... Жалпы көптеген қыздар материалдық қажеттіліктерді өз күшімен қанағаттандырғаннан кейін ғана отбасын құру туралы ойланады. Оған дейін оларға жол ортада небір жігіттер кездессе де мән бермей жүре береді. Содан арада жылдар өткеннен кейін өзі армандаған жігіті алдынан шыға келуі қиындай түсетіні белгілі. Содан «жігіт жоқ» деген пікірді қалыптастырады. Осындай жағдайға тап болмас үшін әрбір адам негізі бос уақытты үйлесімді ортада өткізуді жоспарлауы қажет. Кім біледі, сол ортада сіздің жүрегіңізді жаулап алатын жанның отыруы да мүмкін ғой.
Ел арасында тұрмысқа шықпаған қыздар көп жағдайда еркек мінезді, қатал, талапшыл, ашуланшақ болады деген пікір қалыптасқан. Әрине, бұл қате көзқарас та болуы мүмкін. Ал екінші жағынан шындыққа жанасатын да сияқты. Дегенмен, біреудің сүйіктісі болу, ана болу бақытын сезінген әйел өз өмірінен ләззат алады да сол себепті айналасындағылар¬ға мейіріммен  қарайды. Ал, бақытын  таба алмағандар өз тағдырына  көңілі  толмай  жағымсыз сезімді бастан кешіріп, өзінің  дәрменсіздігіне  налиды.
Сондықтан әрбір адам өз тағдырының қожайыны, бақытты болу да бақытсыз болу да өз қолында екенін түсінуі қажет. Сонда ғана жаны жалғыз жандар азаяды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста