Миграция мәселесін реттеудің қандай тың механизмдерін ұсынар едіңіз?

Миграция мәселесін реттеудің қандай тың механизмдерін ұсынар едіңіз?


Марат СӘРСЕНБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Негізі, ішкі миграцияда дабыл қағатындай проблема онша жоқ дер едім. Ал сыртқы миграция бойынша айтсақ, шешімін күткен түйінді түйткілдер, шынымен де, алаңдаушылық туғызуда. Жұмыс іздеп келіп жатқан жақын шетел азаматтарын ішке кіргізерде бос тұрған орындарды ескерген жөн. Өзіміз зәру болып отырған мамандық иелерін ғана қабылдасақ. Әйтпесе қолында рұқсаты бар екен деп бәрін бірдей қабылдап жатқанымыз. Есіктен пара беріп өтіп, төрімізде тайраңдап жүргендер аз емес. Бұрындары көші-қон департаменті Еңбек жә­не әлеуметтік қорғау министрлігіне қараған-ды. Қазір – ІІМ-нің құзы­рында. Менің ойымша, миграциялық заңбұзушылықтармен аталған сала айналысса да, көші-қонды қайта Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қайтарған жөн. Өйткені сыртқы миграция, негізінен, еңбекпен байланысты. Тағы бір айта кетерлігі, негізі, біздің елдің көші-қон заңының олқы тұсы жоқ. Уақыт талабына сай толықтырулар мен өзгерістер де енгізілген. Алайда сол заңды бұзып жатады. Егер заңға бағынып, тек соны басшылыққа алатын болсақ, дәл бүгінгідей жағдайға тап болмас едік.

Берік БЕКЖАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Әрбір шетел азаматының Қазақстанға кіргеннен бастап іште жүруі, миграция талабын заңды сақтауы, оның елден шыға­рылуы – бір күндік мәселе емес. Қоғам қажеттілігіне қарай тиісті, тиімді өзгерістер болып жатыр. Мәселен, Қа­зақ­стан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Назар­баевтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесін реформалау жөнін­дегі Жарлығына сәйкес, аталған салаларда, соның ішінде ІІМ-де ірі өзгерістер болды. Атап айт­сам, көші-қонмен бұдан былай тек бір ғана орган айналысады. Көші-қонды толықтай ҚР ІІМ құзырына өткізіп, дұрыс қадам жасадық деп ойлаймын. Механизмге келсек, менің ойымша, көші-қон заңын бұзғандардың ісін қарайтын әкімшілік соттарды аудандық жерлерде де құрса деймін. Ал қазір өздеріңіз білесіздер, мұндай соттар – тек облыс орталықтарында. Бұл бір жағы қосымша материалдық шығын болса, екінші жағы процессуалдық нормалар бұзы­лады. Бұдан басқа дәл қазір қандай да бір механизм енгі­зудің қажеттілігін көріп отырғаным жоқ.

Төлеужан ЖҮНДІБАЕВ, Алма­ты облысы ІІД-ның Көші-қон по­ли­циясы бас­қар­масының аға инспекторы:
– Шекара қызметі мигранттардың Қазақстанның қай қаласына, қай ауданына тоқталғандары туралы мәлімет бермейді. Әрине, бұл заңды. Кімнің нақты қай жерге уақытша орналасқандығын білмегендіктен, біз оларды бақылауға ала алмаймыз. Бұл көші-қон полициясына үлкен проблемалар туындатып жатады. Тағы бір айтпағым, оралмандардың қашан көрсең «квота алып алмайынша құжаттарымды азаматтық алуға бермей тұра тұрыңдаршы» деп жалынып жүргендері. Өйткені азаматтық алып алғаннан кейін квота алу мәселесі қиындап кететін көрінеді. Сондай-ақ, Өзбекстан, Қыр­ғызстан азаматтарына бізде визалық режим қарастырылмаған. Қазақстан аумағына келгендегі себебі тек көші-қон карточкасында ғана көрсетілген. Ал бұл азаматтар заң бұзса, оларды Қазақстан аумағынан шығаруда үл­кен кедергілерге тап боламыз. Сот виза болмаса, істі қарамайды. Мынаны да айтпай кету мүмкін емес, егер заң бұзғандарды сот алдында жауапқа тарт­қызайық десек, кейбіреулері тіл білмейтіндігін алға тартады. Түнеу күні бір ауданның соты әуелі бізге «істі өзбек тілінде жүргізіңдер» деп салды. Өйткені заң бұзған Өзбекстан азаматы болатын. Қысқасы, осы мәсе­лені де дұрыс жолға қоюды қолға алмаса болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста