Көлік кептелісін шешудің жолайрық салудан басқа жолы жоқ па?

Көлік кептелісін шешудің жолайрық салудан басқа жолы жоқ па?


Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Көлік кептелісін шешудің жолдары өте көп. Ол тек жолайрық салумен шешілмейді. Жолайрық тек бір қиылыстың кептелісін ғана ше­шеді, ал жолдың келесі бір қиылысына не бағдаршамға келгенде көліктер қайта кептеліске түседі. Оның үстіне мұның құрылысына өте көп қаражат кетеді. Оның орнына ұзын сонар жолдың алдына салынып қойылған көпқабатты үйлерді бұзып немесе тесіп еркін көше қылсақ қандай жақсы болар еді. Санамалайтын бол­сақ, қалада Абай мен Райымбек даңғыл­дарының арасында 15 көше бар екен. Алайда батыс бағытқа қарай осы көшелердің ішінде үшеуі-ақ Момышұлы көшесіне дейін барады: Абай, Төле би, Райымбек даңғылы. Аталмыш көше­лерде – үнемі кептеліс. Егер біз ең болмағанда тағы екі көшені Момыш­ұлына дейін баратын етсек, тіпті Қалқаман ықшамауданы, Алтынорда базарына дейін ұзартсақ, біраз тығынды таратар едік. Өйткені Абай даңғылы мен Төле би көшесі Момышұлына барып тіреледі де, Қалқаман мен Алтынорда базарына, ары қарай қаладан шығу үшін тек Райымбек көшесі ғана қалады. Нағыз кептеліс осы жерде басталады. Сондықтан Абай мен Төле би даңғылын Қалқаманға баратындай етіп созу қажеттігі туындап тұр.


Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, саясаткер:
– Бiзде көлiктер жол жиегiнде көп тұрады. Демек, екі жолақты жол болса, соның бірі жабылады. Осылайша жол өзінің жүргізу қабілетін жоғалтады. Мұны жол-патрульдық полициясы қызметкерлері ретке келтіруі керек. Олардың жұмысы – тығылып тұрып көлік ұстау емес, көлденең қойған көліктерге қатаң шара қолданып, айыппұл салу. Мысалы, шетелде салынатын айыппұлдың мөлшері көп. Осылай көлік жүргізушілерін мәдениеттілікке үйретуге болады. Әрине, біріншіден, оған жағдай жасауымыз қажет. Ол жағдай – жол жиектеріне тұрақтар орнату. Мейлі, екі талдың арасына бір көлік сыйса да, оған тұрақ жасау қажет. Сонда жолға кедергі болмайды. Бұған қаражат көп кетпейді. Сонымен қатар Астанада жердің үстінен шағын рельсті жолдар салынбақ. Мұның метроға қарағанда тиімділігі өте көп. Осы жүйені Алматыға да енгізуіміз керек. Әйтпесе оңтүстік астанадағы метроның бітетін түрі жоқ. Жылына бір-ақ шақырым ғана жол жасалады екен. Біз бұл тасбақа жүріспен метроны 100 жылда бітіре алмаймыз. Сондықтан оны жолдың үстіне шығарып, тез бітірудің амалын қарастырғанымыз жөн.


Амалбек ТШАН, қоғам қайраткері:
– Негізі, бізде барлық мемлекеттiк болсын, мемлекеттiк емес болсын мекемелер, тiптi түрлi сауда орындары да қала­ның нақ ортасына орналасқан. Ол маңда көлiктер сығылысып тұрады. Мiне, қала әкiмдiгi осындай көлiк көп келетiн орындарға өздерiнiң жанынан паркингілер салуды талап етуі керек. Сонда оларға келетiн автокөлiктер жол жиегiне емес, соларға тиiстi жерлерде салынған паркин­гілерге қойылатын болады. Ал ондай талаптарды орындамай ма, онда оларды қаланың шетiне көшiру керек. Негізі, бұл – тікелей жергілікті биліктің жұмысы. Сонымен бірге қандай жағдай болмасын, үлкен жылдамдықпен жүретін жолда көліктерді жаяу жүр­гіншілермен кездестірмеу керек. Ондай жерлерде жерасты немесе жерүсті өткелдерін салу қажет. Сонда көліктер бөгеліп қалмас еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста