Интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асырудың алғышарттары қандай болуы керек?

Интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асырудың алғышарттары қандай болуы керек?


Ғарифолла ЕСІМ, сенатор:
– Интеллектуалды ұлтты қалыптастыру үшін үш мә­селені ескеруіміз керек. Аталған идея жүзеге асуы үшін ұлттың білімі жоғары деңгейде болуы шарт. Бұл жұмыстар өз кезегінде балабақшадан бастау алып, мектептерде, одан әрі университеттерде жалғасын табуы қажет. Бұл тұрғыда Елбасының бастауымен жүзеге асырылып жатқан «Балапан» бағдарламасын атап өткім келеді. Екінші мәселе – тілдік қатынастар қолданысының кеңейтілуі. Яғни қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз қажет. Біздің мыңжылдық тарихымызбен байланысымыздың, ата-бабаларымызбен сабақтастығымыздың үзілмеуі тек қана қазақ тілімен байланысты. Үшіншіден, қазақтар іскерлікті, прагматикалық қасиеттерді түбегейлі меңгеруі керек. Меніңше, осы аталған үш мәселе интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асырудың негізгі алғышарттары болуы керек.

Ерлан СЫДЫҚОВ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры:
– Бізде Президенттің тікелей тапсырмасымен кешенді бағдарламалар қолға алынып жатыр. Интеллектуалды ұлт идеясын жүзеге асыру үшін бір ғана алғышарт болуы керек деп айтқанымыз қисынсыздау. Себебі барлық мәселе бір-бірімен тығыз байланысты. Десе де, ескерте кететін жайт – білім саласына мейлінше көңіл бөлінуі керек. Мысалы, бір ғана ақпаратқа қолжетімділік мәселесін алып қарайтын болсақ, алыс ауылдарға әлі күнге дейін интернет жетпей жатыр. Бір ауылды бір күнде компьютермен қамтамасыз етуге болады. Бірақ тұрғындарды оқыту жағын да естен шығармауымыз керек. Мемлекет жыл сайын дәл осы оқытып-үйретумен айналысады деп информатика, ағылшын тілі бойынша мамандар даярлап жатыр. Ал сол мамандар бітіргеннен кейін жалақысына қызығып, шетелдік компанияларға кетіп жатыр. Яғни механизмдер толық әрі бір мезетте жүзеге асырылмаса, бүкіл цикл бұзылады. Меніңше, Үкімет әр саланың ғалымдарымен кеңесе отырып, жан-жақты зерттелген, қоғамның бүкіл саласын қамтитын құжат әзірлеуі керек. Қоғам талқысынан өткеннен кейін сол бағдарлама бойынша жұмыстың жүргізілуін қадағалау керек. Сонда ғана нақты дәрежеге жетуіміз мүмкін.

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
– Меніңше, ең негізгі төрт мәселені ескеруіміз керек. Бірін­шіден, рухани және саяси еркіндік. Адамдардың құқығы бәрі­нен де жоғары болуы және олардың еркіндігі сақталуы қажет. Екіншіден, жоғары технологиялы мемлекеттер қауым­дастығына ену. Яғни АҚШ, Еуропалық одақ, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты қуатты мемлекеттермен мейлінше жақындасу. Үшіншіден, ауқымды қаржылық ресурстар қа­лып­тастырып алуымыз шарт. Қаржылық мүмкіндік шектеулі болса, интеллектуалды ұлт құру идеясының жүзеге асуы екі­талай. Төртіншіден, ұзақ мерзімді бағдарламалар арқылы халықты ынталандыруды қолға алу керек. Яғни биыл бір мәселені басшылыққа алып, келесі жылы тіпті басқа салаға басымдық беру емес. Бағдарлама арқылы жүйелі жұмыс істеуді ұйымдастыру аса қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста