Ғылым туралы жаңа заң қабылданып жатса, қандай ұсыныс енгізер едіңіз?

Ғылым туралы жаңа заң қабылданып жатса, қандай ұсыныс енгізер едіңіз?

00118

Тұрсынбек КӘКІШЕВ, академик:

– Өкінішке қарай, 17 жылдың ішінде 12-13 оқу министрі өзгерді. Олар шетелге барып не көрсе соны біздің оқу жүйемізге енгізгісі келеді. Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздегі білім жүйесі бұзылды. Дегенмен кеңес заманында талай тәжірибеден өткізіліп жасалған оқу жүйесінің кейбір элементтерін бүгін де сақтауымыз керек. Қазіргі бакалавр, магистратура, PhD деп жүрген жаңа жүйе балаларға жасалып жатқаны обал. Осының нәтижесінде білім сапасы төмендеп кетті. Әсіресе гуманитарлық салаға жаңа жүйе тіпті қолайсыз. Біз қазір мылқау адаммен сөйлесеміз. Алдымызда отырған адамның ой-жүйесі қандай екенін, ойын қалай сөзбен жеткізе алатынын білмейміз. Техниканың тіліне бағынып қалдық. Мен бұрынғы жүйені қайтадан қалпына келтіру керек деп айтпаймын. Бірақ соның ең тиімді жақтарын алуымыз керек. Ғылым туралы заңды қабылдағанда барынша түпкілікті етуге, қайта-қайта өзгертпеуге тырысу керек.

00220

Ғалымжан ДҮЙСЕН, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

 – Қазіргі таңда Парламентте Ғылым туралы жаңа заңның жобасы қарастырылып жатыр. Онда ғалымдар тарапынан айтылған негізгі пікірлердің көбі қаперге алынуда. Алайда аталмыш заңда жас ғалымдар мәселесі назардан тыс қалып отыр. Меніңше, Ғылым туралы жаңа заңда жас ғалымдарға арналған, ең болмағанда, бір бап болса, жөн болар еді. Яғни жас ғалымның ғылымдағы орны, оған қолдау көрсету және жастарды ғылымда тұрақтатудың тетіктері қарастырылуы керек. Жас ғалымға арналған бапта оның құқықтары қысқаша болса да, көрсетілсе, тіпті дұрыс болады. Сонда жас ғалымның қоғамдағы, ғылымдағы мәртебесі айқындалар еді. Кезінде 90-жылдары біраз жас ғалымдар ғылымнан қол үзіп, коммерциялық құрылымдарға кетіп қалды. Сондықтан ғылымда жас алшақтығы пайда болды. Сондай-ақ жаңа заңда бұрынғы ғылыми атақтар мен дәрежелер қазіргі PhD атақтарымен дәрежеде қосарлана жүруі керек деп ойлаймын.

00310

Анар САЛҚЫНБАЙ, филология ғылымының докторы, профессор:

– Қазір жоғары оқу орындары үш кредиттік жүйеге көшті: бакалавриат, магистратура және PhD. Ал таза ұлттық ғылымдарды: қазақ әдебиетін, қазақ тілін, қазақ тарихын PhD бағдарламасына салып дайындау – аса күрделі. Әуелі PhD-де қазақ тілінің шифрын ашу қиынға соғып отыр. Өйткені қазақ тілі мен әдебиетінің ең мықты мамандары Қазақстанда ғой. Ал PhD-дің қалыптасқан бағдарламасына сәйкес қазақ тілін студенттер Америкадан, Франциядан, Германиядан оқуы тиіс. Өйткені аталған бағдарлама бойынша бекітілетін екі жетекшінің бірі міндетті түрде шетелдік болуы керек. Ал шетелден қазақ тілінің білікті маманын табу қиын. Сондықтан да қазіргі таңда қазақ тілінен бірде-бір маман PhD бағдарламасымен оқып жатқан жоқ. Бұған қазіргі Ғылым туралы заңның шикілігі әсер етіп отыр. Ендігі уақытта ғалымдар Ғылым академиясында емес, университеттер шеңберінде дайындалуы керек. Сондықтан мемлекеттік гранттар университтерге молырақ бөлінуі тиіс. Қазір магистрларды даярлауды шамасы келсін-келмесін барлық университеттер бөліп алған. Міне, осы мәселелер заңда ескерілуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста