Ғалымдар ұлттық құндылықтарымызды ғылыми негіздеуге неге самарқау?

Ғалымдар ұлттық құндылықтарымызды ғылыми негіздеуге неге самарқау?


Айжан БЕКҚҰЛОВА, ҚР Қолөнершілер одағының төрайы­мы, ҚР Суретшілер одағының және WCC - Europe мүшесі:
– Ғалымдарымыздың ұлттық құндылықтарымызды ғылыми не­гіз­деу­ге самарқау болуының негізгі себебі ұлттық құндылық деген ұғым­ның өзінің бүгінгі қоғамда маңызын жоғалтып алуында деп есеп­тей­мін. Ал оны жойып жатқан мына заманғы жаңа жылтырауық, ал­дам­шы, жасанды дүниелер. Әйтпесе ғылыми негіздеуге тұрарлық ұлт­тық құндылығымыз жетерлік. Мысалы, қазіргі екінің бірі сенетін фэн­­шуй. Оның қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қайдағы бір қытайлықтар шығарған нанымға иланған қазақтың өз басында да сол фэншуй бар. Ол – киіз үй. Есігін шығыс жаққа қаратып тіккен қа­зақ­тың қара шаңырағының өзі – сол молшылыққа бастайтын, ғажап дү­ние. Бірақ соны ғылыми зерттеп, киіз үйдің құдіретін паш еткен бір­де-бір ғалым табылмады. Қазақтың ою-өрнегі, құрақ көрпе мен киіз­де­­рінің өзінде қандай мән, мағына, терең зерттеуді қажет етерлік құ­пиялар жатыр. Бірақ зерттеусіз, негіздеусіз қалған ұлттық құн­­ды­лықтарымыздың жетім күйін бүгінде қазақта жалғыз қошқар мүйіз оюы бардай кейіп танытатындарға қарап білуге болады. Ал мұ­ның барлығына насихаттың аздығы, сұраныстың жоқтығы кінәлі, де­мек, бұл мәселе мемлекеттік тұрғыда қарастырылуы тиіс ірі мәселе ретін­де шешімін тапса деймін. 


Совет-Хан ҒАББАСОВ, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
– Қазақта нағыз ғалым қазір тым аз, себебі барлығы – көшірме ғалым­дар. Ол бұрын да аз болған. Біз кезінде Қанышқа, Әлкейге, Мұх­тар­ға қарап таң­ғалатынбыз. Ал қазір ғалымның аты көп, заты жоқ, өң­кей саны бар, са­пасы жоқтар. Сол үшін де бүгінгі ұлттық құнды­лық­тарымыздың ғылыми не­гізде зерттеліп, зерделенуіне келгенде артта қал­­ғанбыз. Әйтпесе бұрын­да­ры өз басым квантты физиканы оқыған­дар­дың киіз үйдің қасиеті жайлы зерт­теулерін көріп қатты таңданғанмын. Шаңы­рақ, уық, керегенің барлығы –  тұ­нып тұрған ғылым. Егер қырғыздың киіз үйі мен моңғолдың және қазақ­тың киіз үйлерін салыстырар болсақ, қа­зақ үйдің ерекшелігінде шек жоқ екен­дігі көрсетілген еді. Бірақ соны ғылы­ми жаңалық ретінде әлемге паш еткен отандық ғалым болды ма? Қа­зір соны бөтен елдер емін-еркін ием­де­ніп кетіп жатыр емес пе?! Бе­сігі­міздің жайы мынау, қасиетті бесікті пам­перс­­ке алмастырған ата-ана­ға қанша мәрте зияндығы жөнінде айтылса да, тыңдар құлақ табылмай ке­ле­ді. Менің осы тұста жалғыз айтарым бар, пам­персті қолданатын ана­ның бала тумағаны абзал! Себебі бүгінгі өзіне-өзі қол жұмсағыш жас­тар – туыла сала памперске бөленгендер. Ал­да­ғы уақытта бесіктің құді­реті жөнінде қазақтың бір ғалымы ғылыми дә­лел­­­деме жасап, ұлттық құндылықтарымыз мұра ретінде мәңгі сақталса, шіркін!


Ахмет ТОҚТАБАЙ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Қазақстандық ғалымдардың ұлттық құндылықтар жөнінде бірде-бір ғылыми зерттеуі не еңбегі жоқ деп жоққа шығаруға бол­майды. Қазақтың күй өнері, киіз үйі, домбырасы, бесігі мен жылқысы жөнінде, айта берсек, шек жетпейтін тақырыпта қаншама ғылыми зерттеулер жүргізіліп, еңбектер жазылды. Өз басым жылқы жөнінде кітаптар шығарып, кейіннен тазы ит жөнінде де еңбек жаздым. Мәселе – насихаттың тым аздығы мен ғылыми зерттеулер таралы­мының аз мөлшерде басылып шығуында. Әрі кеткенде 1000 – 3000 данамен таралымға шығатын еңбектер бар болғаны кітапха­наларға бір-бір данадан жетеді, осыдан келіп еңбек жазылмағандай көрінеді. Тағы бір үлкен мәселе – ғылыми еңбектерді ағылшын тіліне аударып әлем елдеріне тарату мәселесі. Аударма жұмыстарының қаншалықты қымбат екендігі белгілі, демек, мемлекет қолдауынсыз мұны да ғалымның өз бетімен іске асыруы мүмкін емес. Егер осы жағ­дайдың барлығы ескеріліп, қажетті қаржылай көмектер көрсеті­л­іп тұрса, ұлттық құндылықтарымызды барша әлемге таныту біздің де қолдан келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста