Франциядағыдай 16 жасқа толмаған қыздар арасында сұлулық байқауын өткізуге тыйым салатын кез жеткен жоқ па?

Франциядағыдай 16 жасқа толмаған қыздар арасында сұлулық байқауын өткізуге тыйым салатын кез жеткен жоқ па?


Әбдуәлі МАМӘДІЛ, психолог:
– Мұндай байқауларға үзілді-кесілді қарсы болу керектігін бұрыннан айтып келе жатқандардың бірі – мен. Себебі баланың білімі, өнері емес, денесін көрсету арқылы ерекшеленуі – психо­па­тология, яғни қалыпты ойлаудан ауытқу. Себебі мұндай үрдіс ба­ланың өнері, ой-өрісін тежеп тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді, яғни бала кішкентайынан өзін тек сырты сұлу «қуыршақ» қылып тастайды. Ал соған қой деудің орнына, керісін­ше, дем беріп, тіпті өздері итермелеп, қаржыландыратын – ата-ана. Негізінен, бала ес біліп, етек-жеңін жиятын 9-10 жастан бас­тап ата-анасы, жақындары, ұстаздары оның бойында ұят деген се­зімді оятып, соған қайшы келетін іс-әрекеттен аулақ ұстауы қажет. Қазір, керісінше, көптеген ата-аналар мен ұстаздар бала­ның бойындағы жылт еткен ұялу, қымсыну сезімін «ұялма, шық, көрсет өзіңді» деп, сол бір ең аяулы сезімдерді барынша өлтіріп, жойып тастап жатқандарын сезбей де қалып жатыр. Сондықтан мен мұны қоғамның кері кетуі деп ұғып, кеш болмай тұрып ақылға келуді ұсынамын. Шектеу қоялық, оны балалардан бастайық.


Ләйла СҰЛТАНҚЫЗЫ, «Балапан» арнасының директоры:
– Біз бұл мәселені қаншалықты заңды тұрғыдан шеше аламыз деген екінші әңгіме, бірақ мен өз басым, шынында, кіп-кішкентай қыздардың шектен тыс сұлу­лыққа ден қоюына қарсымын. Неге? Біріншіден, қазіргі біздің 16 жасар қызда­ры­мыз баяғының дәл осы жастағы қызда­рындай емес, яғни бүгінгі қыздар пси­холо­гиясы заман ағы­мына сай күрт өзгерген. Екіншіден, біз балалар арнасы бол­ған соң алдымызға сан түрлі ата-аналар келеді, солардың іс-әрекетіне қарап, мен қоғамда қорқынышты бір үрдіс ден­деп келе жатқанын байқадым: бүгінгінің ата-анасы үшін баласының білім алғаны маңызды емес, олар үшін ең үлкен мәртебе – баласының «жұлдыз» болғаны. Талайы тіпті ма­ған өздерінше бармақ басты, көз­ қыстылық жа­сап, «қызым қалайда жұлдыз болуы керек» дегенді ашып та айтқан кездері аз емес. Айтайын дегенім, бұл жерде баланың еш кінәсі жоқ, яғни қыз­да­рымыздың қазір жасына жетпей беті-басын бояп, шашын жалбыратып, жасынан ерте бой­жетіп кетіп жатқаны тікелей ата-анасының кінәсінен, яғни ана кішкен­тайында өзі­нің қол жеткізе алмаған арманын баласы арқылы іске асырғысы келеді. Ал ол – балаға жасалған үлкен қиянат. Сондықтан бұл бастамаға толығымен қо­сы­ламын, яғни 16 жасқа толмаған балалар арасында тәнін жарнамалап, сыртқы кел­бетін үлкендерше сәндеуге ықпал ететін түрлі байқау, шоуларға тыйым салу қажет.


Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:
– «Қыз сыны» дей ме, «Мисс» дей ме, түрлі атпен ең ал­ғаш­қы ба­лалар байқауы мектеп, тіпті балабақшадан баста­ла­ды. Кезінде ол­ар әдеппен өтетін, ал қазір заман ағымына сай өзгеріп, ақыр ая­ғы өткенде Қарағандыдағыдай сора­қы­лыққа алып барды, яғни бүлдіршін қыздар шетелдік модель­дерге еліктеп, сахнаға ішкиім, суда жүзетін киіммен шықты. Ал дәл сон­дай сипатта болса, онда «Қыз сыны» немесе «Мисс» бола ма, бәрін атымен жою керек. Бұл ұлттық тәр­биемізге жат нәрсе ғой. Еуропа төріндегі Францияның өзі қыз баланың кәмелетке толмай денесін «саудаға салып», тәнін жа­лаңаштап көрсете­тіндей байқауға тыйым салып, кәдімгі қыл­мыс деп қарап жат­қанда, біздің тіпті солай ететін жөніміз бар. Се­бе­бі біз әуелден мұ­сылманбыз, қазақпыз. Қызы жа­ла­ңаш сахнаға шық­пақ түгіл, қырық үйден тыйым салған халық­пыз. Сол тұрғыдан кел­сек те, моральдық тұрғыдан келсек те, тыйым салатын жөніміз бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста