Фастфуд өнімдерін тұтынуды азайту үшін оларға қосымша салық салу керек пе?

Фастфуд өнімдерін тұтынуды азайту үшін оларға қосымша салық салу керек пе?


Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:
– Әрине, керек. Онсыз болмайды. Тіпті Қазақ тағамтану академиясының мамандары да фастфудты халық көп тұтынбауы үшін оның бағасын көтеріп, қосымша құн салығын өсіру қажеттігін айтып отыр. Мұның барлығы тегіннен-тегін көтеріліп отырған мәселе емес. Фастфуд өнімдерінің ішіне гамбургер, хот-дог, қуырылған картоп, қытай кеспелері, кепкен нан, шаурма, чипси дегендер кіреді. Мұның барлығы адам ағзасына кері әсер етіп, түрлі ауруларды қоздырады. Жүрек-қан тамыр ауруларына, қауіпті ісікке, туберкулез, салмақтың өсуі, сосын диабет секілді ауруларға алып барады. Қазір бұлардың бағасы арзан болғаннан кейін әрбір адамға қолжетімді болып тұр. Егер бұл тағамдарға қосымша құн салығын көтерсек, онда тұтынушылар да азаюы ғажап емес. Әрине, қосымша салық салумен мәселе шешілмейді. Оның сыртында жұртшылық арасында үгіт-насихат жұмыстарын көптеп жүргізуіміз қажет. Әсіресе балаларға, жастарға ұғынықты етіп түсіндіргеніміз жөн.

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Жалпы, фастфуд өнімдерін қазақ еліне жолатпауымыз қажет. Тез дайындалатын, адам ағзасына айтарлықтай зиян келтіретін мұндай өнімдердің бізге түкке де керегі жоқ. Өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тағамдарымызды пайдалансақ, одан ұтарымыз көп. Біздің ағзамыз шетелдік тағамдарға емес, өзіміздің ұлттық тағамдарға бейімделген. Сондықтан шетелдік тағамдарды пайдалануға шектеу қоюымыз қажет. Бір жағынан, олар­дың тағамдарына түрлі химикаттар қосылады. Оның үстіне, мен Америкаға барып көрген адаммын. Тез дайындалатын тағам­ның отаны АҚШ-та халықтың 60 пайызынан астамы семіздікпен ауырады. 300-400 келі тартатын адамдарды көргенде төбе шашың тік тұрады. Мен мұны көзбен көріп келгеннен кейін айтып отырмын. Сондықтан біздің халқымыз мұндай кеселге ұшырамас үшін қазірден бастап алдын алуымыз керек. Шағын бизнесті қолдаймыз деп, халықты ауру-сырқауға душар етуге болмайды. Бұған мемлекет тарапынан шектеу қойсақ, дұрыс-ақ болар еді.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Егер Қазақ тағамтану академиясының мамандары мұны зиянды деп тапса, әрине, міндетті түрде қосымша салық салуымыз қажет. Бірақ бұған қосымша құн салығын көтеру арқылы шектеу қоя алмаймыз. Ол үшін заң арқылы тыйым салғанымыз дұрыс. Өйткені кезінде арақ өнімдеріне қосымша құн салығын көбейттік, бірақ одан елімізде арақ ішу азайды ма? Жоқ. Бұл да сол секілді. Сондықтан бұған тиісті заң арқылы шектеу қойғанымыз жөн. Онымен қоса, санитарлық жағынан да бақылауды күшейтіп, қадағалауды арттыруымыз қажет. Жалпы, гамбургер, ход-дог дегендерге ғана емес, кока-кола мен пепсилерге де тыйым салғанымыз дұрыс. Қазақ тағамтану академиясының мамандары фастфуд өнімдерінің адам ағзасына зияндығын нақты дәлелдеп, жаңадан сайланатын Парламенттің қарауына ұсынса, халық қалаулылары бұған бейжай қарамайды ғой деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста