Елімізге шошқа тұмауының өтіп кетуі қатерлі дертке қарсы әзірлігіміздің әлсіз екендігінің белгісі ме?

Елімізге шошқа тұмауының өтіп кетуі қатерлі дертке қарсы әзірлігіміздің әлсіз екендігінің белгісі ме?

Әбутәліп Әспен, ҚазҒЗВИ ЖШС бас директорының орынбасары:
– Шошқа тұмауы сырттан келген экзотикалық ауру боп тұр ғой. Сондықтан оған қандай әзірлік жасау керектігі әзірге белгісіз. Тек жұрттың арасында сақтық шараларын ескертуге қатысты ағарту жұмыстары болмаса. Ал Астанадағы шошқа тұмауына шалдыққан адамдар байқамай жұқтырып алған болар.
Негізі, ғылыми орталықтарда кез келген ауруды зерттеу үшін белгілі бір әзірліктер жасалады. Қазір шошқа тұмауының штамдары жоқ. Ал зерттеу соған қарап жүргізіледі. Егер аурудың клиникалық белгілері айқындалса, өсінді бөлініп алынған соң, ғылыми мекемелер вакциналар алу арқылы зерттейді. Қазір бұл тұмаумен дәрігерлер айналысып жатыр. Бұл да – құс тұмауы сияқты сырқаттың жаңа түрі ғой. Астанада тұмауға шалдыққан адамдарға диагноз қойылған соң, нақты бағыттағы жұмыстар жүргізіледі. Сол кезде бізді де шақырады, зерттеу басталады. Әзірге қолымызда ешқандай материал жоқ.

Серік Сейдуманов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:
– Аса қауіп тудырып отырған бұл тұмау әлемнің 153 еліне таралды. Тұмауды жұқтырғандар саны жағынан Англия алғашқы орында тұр. Қазақстанда «тұмауды жұқтырды» деген күдікпен үш адам анықталды.
Менің ойымша, шошқа тұмауының елімізге жетуі әзірлігіміздің әлсіздігінен емес. Олай дейтін себебім, бізден де мықты елдердің өзі оған тосқауыл қоя алмай отыр. Қазіргі біздің мақсатымыз – күдікпен анықталған адамдарды әбден емдеп, аурудың таралып кетпеуіне жол бермеу. Еліміздің барлық облыстарында осыған қатысты шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
– Бұл – барлық елдерге төнетін жаһандық қауіп. Ең қиыны, әлемдік дағдарыс болғандықтан, жерде жатқан ақша жоқ. Кейбір аурулар циклмен келеді. Мәселен, кенелердің, құс тұмауының өршитін кезеңдері болады. Ондай ауруларға көбіне кедей мемлекеттер ұшырайды. Оларға дұрыстап есеп те жүрмейді. Мысалы, Африкада кімнің неден шетінеп жатқаны белгісіз. Биыл бізде бюджетті секвестрлеуге байланысты алдын алу шараларына ақша аз бөлінгендіктен, кененің құтыруы болды. Кеше Астанада шошқа тұмауының жеңіл түрі анықталды дейді ғой. Одан аса қауіп болмауы керек. Тек вакцина сатып алуды үлгеру қажет. Сосын аурудың қандай формада келетіні белгісіз. Сондықтан ауру өршіп тұрған Еуропа елдеріне бару аса қауіпті.
Негізі, мұндай аурулар тұрмысы нашар елдерде таралады. Сол себепті Өзбекстан, Қырғызстанға ауыр тиюі мүмкін. Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде халық кедей. Тазалық жоқ. Базарларында адам көп, лас. Бізде оларға қарағанда жағдай жақсы ғой. Ауру басталса, бірден қолға алынады. Мектептерде сабақ басталатын қыркүйекке дейін әлі уақыт бар. Оған дейін жағдай дұрысталатын шығар.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста