Экологиялық посттар ұлттық саябақтарды қорғау орнына ақша жинаумен айналысып отырған жоқ па?

Экологиялық посттар ұлттық саябақтарды қорғау орнына ақша жинаумен айналысып отырған жоқ па?


Дмитрий ПЕТРУХИН, Қазақстан географиялық қоғамының президенті:
– Ұлттық саябақтардағы экологиялық посттардың ақылы болуы дұрыс. Себебі еліміздегі ғажап табиғи аймақтар мен демалыс орындарын дамытып, оларды көркейту дегеніміздің өзі елімізге келетін қонақтарды, яғни туристердің қатарын көбейтіп, Қазақстанның имиджін көтеру дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, отандық туризм саласын дамыту үшін қосымша қаржы міндетті түрде қажет. Бұл жалғыз біздің елде ғана емес, бүкіл дамыған және дамушы елдердің бар­лы­ғында бар. Ал сол жиналған қаржының демалыс орындарындағы құрылыс және жылда қайта жөндеу жұмыстарына кететіндігін жақсы білеміз. Жасыратыны жоқ, әзірге демалыс орындарындағы демалушыларға жасалып жатқан жағдайлар аса бір жоғары деңгейде емес, дегенмен уақыт өте келе дамыған үстіне дами түседі деген үміттеміз.


Құсман ШАЛАБАЕВ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:
– Экологиялық посттарда жиналған қаржының қандай мақсатқа жұмсалатындығын білмеймін, бірақ ұлттық саябақтарға кірудің ақылы жүйеде жұмыс жасауы дұрыс деп есептеймін. Себебі біз Табиғат-Ананы қорғауға, аялауға, сақтауға тиіспіз. Адамның ең басты байлығы  денсаулығы болса, табиғат адамзат денсаулығымен тығыз байланысты. Қазір әр отбасы мүшесінің бас-басында бір-бірден көлігі бар, егер солардың барлығы демалыс орындарына тегін, емін-еркін кіріп-шыға беретін болса демалатын ауа да қалмас еді. Онсыз да көршілес ауыл-аймақтағы ағайындар қалаға жұмыс іздеп не адам тасымалдап келіп-кетіп жатыр. Сондықтан мұндай посттар тек демалыс орындарында ғана емес, қалаға кіреберіс жердің барлығында болуы керек деп ойлаймын. Темір тұлпарлардың санына шектеу қоюға немесе қатынауына тыйым салуға біздің заң жол бермейді. Сол үшін де ең алдымен азаматтардың жеке бас мәдениеті мен туған елдің табиғатына деген сүйіспеншілігін оятпай, жағдай түзелмейді. Ал түскен ақшаны реттейтін арнаулы органдар бар, ол мәселемен солар айналыссын.


Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы,саясаткер:
– Ұлттық саябақтардың кіреберісіндегі экологиялық посттардың ақылы болуы бір жағдайда ғана дұрыс, егер сол түскен қаржы мақ­сатты жұмсалып, демалушыларға қажетті жағдайлар қарастырылған болса ғана. Бірақ қазіргі таңда ол қаржының барлығы шенеуніктердің қалтасына түсіп жатқаны белгілі. Әйтпесе демалыс саябақтарында қарапайым қоқыс тастайтын жәшіктердің болмауы, от жағуға арналған айлақтардың қарастырылмауы осының дәлелі емес пе?! Одан да сол экологиялық посттардың жеке қорын ашалық. Жиналған ақша жариялы, ашық түрде жұмсалып, халыққа есеп берілсін. Қазір бірден банк арқылы шоттарға түсетін төлем түрлері бар, егер ақы төлеу карточкаларын шығарсақ, ақша бірден қордың жеке есепшотына түсіп, түскен қаржының нақты сомасы көз алдымызда болар еді. Әйтпесе экопосттарда алынатын қаржының қайда кететіні бізде өмірі белгісіз күйде емес пе?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста