Бензин сапасы жөнінен 100 елдің ішінде 90-орында тұрғанымызға намыстанбайсыз ба?

Бензин сапасы жөнінен 100 елдің ішінде 90-орында тұрғанымызға намыстанбайсыз ба?


Ізбасар Бозаев, Алматы сауда палатасының төрағасы:
– Еліміздегі бензиннің сапасыз болуына, ең алдымен, сы­бай­лас жем­қор­лық кінәлі. Жанармайдың сапасын, параметрін, құ­­ра­мындағы зиян­ды қоспаларды, ауыр элементтерді тек­се­­руді, стандартқа сай болуын мемлекеттік стандарттау бө­лі­­мі қадағалайды. Сол ор­ган жанармай саудагерлерімен жең ұшынан жалғасып, берген тиын-тебенін алып, нарыққа шы­­ғуы­на жағдай жасап отыр. Олар ұял­май-қызармай, 72-бен­зинді 93-96 деп сата береді. Ал сапасыз жанармайдың қор­шаған ор­таға, көлік моторына зиян келтіретіні белгілі. Еуропа стан­­дар­тына көшеміз деп жүрміз. Меніңше, соған жуық арада кө­ше қой­майтын шығармыз. Сапаны жақсарту үшін тексеруші ор­ган­дардың монополиясынан арылу керек.  Мәселен, мен тұ­тынушымын. Егер тәуелсіз сараптама компаниялары бол­са, олар маған сараптама жасап берсе, сапасыз бензин сат­қан­дар­дан материалдық шығынымды өндіріп алар едім. Әрине, мұ­­най өндіретін, мұнай өңдейтін ел болсақ та, 90-орында тұр­ға­­ны­мыз үшін намыстану керек. 

Тоқтамыс Меңдебаев, техника ғылымының докторы:
– Бензиннің сапасы, ең алдымен, мұнай өндіретін, мұ­най өң­дей­тін зауыттардың жұмысына байланысты. Ал са­палы өнім шығару үшін өндіріске үздік технология, дәлдігі жо­ға­ры құрал-жабдық енгізу қажет.  Екіншіден, мұнай са­па­сына да бай­ланысты. Әр елдегі мұнай әртүрлі болып ке­ле­ді. Мы­са­лы, Пар­­сы шығанағындағы елдердің  мұнайы са­па­лы. Ал біздің мұ­­най, шынын айту керек, сапасы жағынан тө­мен. Құра­мын­да күкірт, ауыр қоспалар көп. Бұл жағын да ескерген жөн.
Әрине, сапасыз жанармайдың кесірінен автокөліктер іс­тен тез шығады. Әрі  экологияға келтіретін зияны да шаш-етек­тен. Өйткені жанбай қалған бензин қалдықтары ауа­ға та­рай­тыны белгілі. Сондықтан бензин сапасын дұ­рыс­тағымыз кел­се, мұнай өңдейтін зауыттарды ең жоғары тех­но­логияға кө­ші­руіміз керек. Әлбетте, мұнайға бай елдің жанар­май са­па­сы жағынан артта қалуы – намыстанарлық жағдай. 

Ерасыл Әбілқасымов, саясаткер:
– Ең алдымен, бензин саудасымен айналысатындар оның ба­ғасын төмендетуі тиіс. Қазір жанармай бағасы қымбат, ол дұ­­рыс емес. Жұрттың көбі мәшине мінген заман. Естуімше, елі­мізде 4 миллиондай автокөлік бар. Дағдарыс жүріп жатыр, жұрт­тың айлығы төмендеді. Сондықтан жанармай бағасын көте­ретіндерді қыспаққа алып, оларды жиі-жиі тексерген жөн. Әл­гі бір-екі жанармай бекеті бар майда-шүйде фирмаларды жа­бу керек.  93-ті 96 деп сатқандарымен қоймай, оның үстіне түр­лі нәрсені қосады. Міне, соларға ең жоғары айыппұл салу керек. Сапасы нашар жанармай мәшиненің моторын бұзады, экологияға зиянын тигізеді. Қарап отырсақ, елімізде былтыр 65 мың тонна шамасында мұнай өндірілді. Соның бәрін сыртқа сатқанша, өзімізге де жаратсақ, бензин жағынан тапшылық көр­мес едік. Үш мұнай өңдейтін зауытқа 15 тонна мұнай жетер еді. Сондықтан бензин сапасы жағынан көш соңында жүргеніміз намысқа тиеді, әрине.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста