Балалар еңбегін заңсыз пайдалануға қалай бақылау жасауға болады?

Балалар еңбегін заңсыз пайдалануға қалай бақылау жасауға болады?


Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаттанушы:
– Шынында да, жаз мезгілінде балалардың еңбегін заң­сыз пайдалану жиілеп кетеді. Жасөспірімдер базар­лар­да, кафелер мен барларда, автокөлік тұрақтары мен көлік жуу орындарында жұмыс істейді. Оларға азма-аз ақша беріп, ауыр жұмыстар жасатады. Оның үстіне, нақты еңбек келісімшартына отыр­ма­ғаннан кейін, балалар ауырып қал­са немесе еңбек жарақатын алған жағдайда олардың әлеу­меттік жағынан қорғалуы екі­талай. Бала еңбегін заңсыз пайдалануды алдын-алу жұ­мыс­тары бізде өте мар­дымсыз жүргізіледі. Сондықтан олардың ең­бегін заң­сыз пайдалануға қатысты заңдық норманы қа­тай­туымыз керек. Ата-ананың, жұмыс берушілердің балаға деген жауап­кер­ші­лігі жөнінде мәселе қоюымыз қажет. Жас­өс­пі­рімнің еңбегі заңсыз пайдаланылып отыр ма, онда бәріне ақ­ша­лай айыппұл салып, тіпті тағы да келеңсіз жағдай қай­та­ла­нар бол­са, қыл­мыс­тық жазаға тартуды қарастыруымыз керек. Сон­да ғана бала еңбегі заңсыз пайдаланылмайтын бо­лады.

Ғалия ЖҮСІПОВА, ОҚО балалар құқын қорғау департаментінің директоры:
– Базарларда, көлік жуу орындарында т.б. меке­ме­лер­де бала ең­бегі заңсыз пайдаланылса, онда біз еңбек инс­пекциясына хат жазып, оларға айыппұл салу мә­се­лесін қарастырамыз. Негізі, ба­ла­лар базарларда ата-анасына көмектесу үшін жүреді. Бұл ретте ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Заң бойынша бала қанша жастан бастап жұмыс істеуі керек, неше келіден ар­тық жүк көтеруіне болмайды, осының барлығын ай­та­мыз. Өкінішке орай, ата-аналар көп жағдайда мұны түсіне бермейді. Олар тек бір күндік табысын ғана ойлап отыр. Ауыр жүк көтеру, ыстық күннің астында көп жүру балаға қаншалықты зиян екендігін, оның физиологиялық дамуына кері әсер ететінін кейбір ата-аналар ұғынғысы келмейді. Сондықтан бұл ретте ата-аналардың бала ден­саулығына жауапкершілікпен қарауын ұдайы наси­хат­тап отыруымыз қажет.

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Бала еңбегін заңсыз пайдалану, мәжбүрлеп ауыр жұмыс істету – өте ауыр күнә. Елдің келешегі балалардың қолында бол­ғаннан кейін, олардың білімді, дені сау болуына барлық мекеме жауап­ты. Мұны тек Балалар құқын қорғау департаменттеріне артып қоя салуға болмайды, бұған ата-ана, құқық қорғау орган­дары, білім мекемелері, жергілікті әкімдік, тіпті базарларда бала еңбегі заңсыз пайдаланылса, онда базар әкімшілігі де жауапты болуы тиіс. Негізі, балалар құқығын қорғау бойынша кешенді іс-шаралар қажет, бүкіл мемлекеттік органдар жеке-жеке әрекет етпей, бірігіп, «бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарса» ғана іс нә­тиже береді. Баланың болашағына немқұрайды қарауға бол­майды. Мейлі, ол қандай отбасынан шықса да. Балаларды спорт­тық ойындар, қызықты клубтар, мәдени шараларға тарту қажет. Олар өздерінің қоғамға қажеттігін сезінуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста