Аз мөлшерде есірткі сақтағандарға жауапкершілікті жұмсарту есірткі таратушыларға жол ашып жүрмей ме?

Аз мөлшерде есірткі сақтағандарға жауапкершілікті жұмсарту есірткі таратушыларға жол ашып жүрмей ме?


Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:
— Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, Еуропаның кейбір мем­ле­кеттері есірткі пайдаланушыларға есірткінің белгілі бір мөлшерін өзінің пайда­лануы үшін, оны сақтауға рұқсат берген. Егер олар 5-10 миллиграмнан артық есірткі ұстамайтын болса, қылмыстық жазаға тартылмайды. Себебі есірткіге тәуелділікті емдеу өте қиын. Оған ұзақ уақыт керек. Ал бізде өзі үшін кішкентай есірткі ұстаса да, оған қылмыстық жаза қол­данамыз. Бұл дегеніңіз, есірткіге тәуелді сырқат адамдарға қатысты кемсітушілік болып қалмай ма? Сондықтан біз де есірткі сақтаудың мөлшерін белгілеуіміз керек. Бұл – есірткімен бай­ланысты қылмыстарға қатысты жауапкершілікті немесе осы сала­дағы заңнаманы мүлдем алып тастау керек деген сөз емес, қазіргі заңнамадағы мұндай әрекет үшін болатын жауапкершілікті жан-жақты талдау қажет. Есірткіні таратушылар көбіне балалар мен әйелдерді пайдалануда. Оларды абақтыға тоғыт­қанмен мәселе шешілмейді. Ал оның артында тұрған нарко­барондар қайда? Сондықтан әйел, бала-шағамен емес, оның артында тұрған­дармен күрес жүргізуіміз керек.

Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымы­ның докторы:
– Есірткіні аз не көп деп қарауға болмайды. Кейбір есірт­кілер­дің грамм-миллиграмының өзі өте қымбат болып, адамға үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан есірткіге тәуелділікті жою үшін, керісін­ше, жа­заны күшейту қажет. Кейбір елдерде, әсіресе мұсыл­ман елдерінде есірткіге байланысты ату жазасы бар. Өйт­кені ол – кесел, оны бір пай­­даланған адам үнемі соны іздеп тұра­ды. Оны емдеп-жазу өте қиын. Кейбір дәрігерлер «жаза­мыз, емдейміз» деп жатады, бірақ оның бар­лығы сөз жүзінде ғана. Ал нақты есірткіге тәуелділіктен толық емделіп шыққан­дарды мен көрген жоқпын. Сондықтан ол аз ба, көп пе, оған қа­рамау керек. Егер есірткінің аз мөлшерін пайда­лануға болады деп заңға өзгерістер енгізсек, онда есірткіге қарсы жауап­кершілікті де мүлдем алып тастай салу керек. Себебі қазірдің өзінде тиісті органдар мұнымен күресуге дәр­менсіздік танытып отыр. Ал ертеңгі күні оларға жол ашып берсек, онда Қазақстан есірткінің отанына айналып кетпей ме? Бұған қатысты заңды жұмсартамыз деу елімізді қылмысты қоғамға айналдырып жіберудің бір жолы деп түсінемін.

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Бұл – өте қиын әрі күрделі мәселе. Қазір елімізде 50 мыңнан ас­там адам есірткіге тәуелді болып қалған. Оларға дәрі-дәрмектерін уақытында беріп тұрмасаң, қиналып, ойына келген қылмысты жасауы мүмкін. Ал мәселеге екінші жағынан келсек, қазір есірткі таратушылар көбейіп барады. Сондықтан мұны кешенді түрде жан-жақты зерттеп, дұрыс шешімге келуіміз керек. Өйткені бұған әр мемлекет әртүрлі заң белгілеп қойған. Мәселен, Иран секілді шығыс мемлекеттері есірткімен ұстал­ғандарды бірден ату жазасына кеседі. Сен кімсің, қай мемлекеттің азаматысың, оған қарамайды. Есірткі алып келдің бе, атып тастайды. Ал кейбір Еуропа елдерінде есірткіні белгілі бір мөлшерде алып жүруге, қолдануға рұқсат берілген. Міне, бұған қатысты әлемде қалыптасқан бір жүйе жоқ. Сондықтан мұны жан-жақты зерттеп, пилоттық жоба ретін­де талқылауға салу керек. Бірақ мен өз басым есірткіні қолдануға да, таратуға да қарсымын. Себебі бұған тәуелді болған адам тірі өлік болып қалады. Бұл – болашақ ұрпағымызға қауіпті, тіпті геніміздің жо­ғалып кетуіне әкеп соғатын ауыр індет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста