Арал мәселесін саяси нысанаға айналдырмай, экологиялық тұрғыдан қарауға бес мемлекеттің ерік-жігері жете ме?

Арал мәселесін саяси нысанаға айналдырмай, экологиялық тұрғыдан қарауға бес мемлекеттің ерік-жігері жете ме?


Сайлаубай Жұбатыров, жазушы:
– Қандай іс болса да, астарында саясат жатады ғой. Дегенмен шын ықылас болса, ерік-жігері жетеді. Дамыған елдерде экология мәселесі өте маңызды тақырып болып табылады. Ал Орталық Азия — экологиясы жағынан, әлемдегі ең ауыр жағдайда тұрған аймақ. Сонысына қарамастан, осы күнге дейін бірлесіп жасаған шаралар жоқтың қасы. Дегенмен түптің-түбінде осы Арал мәселесін шешуде Орталық Азия мемлекеттері ортақ шешімге келеді деп ойлаймын. Өйкені Аралдың тағдыры тек Орта Азия елдерінің қолында. Арал проблемасының көтерілгеніне біраз уақыт болды. Осы мерзімнің ішінде мәселені шешудің жолдары жан-жақтан ұсынылды. Ұсыныс бергендердің қатарында шетелдіктер де болды. Арасында Қазақстанның атынан ұсынылып жүрген Ортаазиялық су-энергетикалық консорциум идеясы бар. Осы кон­сор­циумның ұстындарымен толық таныса алмадым, бірақ жалпы идеясы, бағыты өте дұрыс. Энергетика көздерін әділетті түрде қарастыру керек. Мәселен, Арал объектісінде Ауғанстанның да заңды мүддесі бар. Осы күнге дейін Арал мә­селесі саясат тұрғысынан ғана қаралып келді. Белгілі бір мемлекеттер оны та­би­ғи байлық ретінде қарастырып отыр. Дегенмен болашаққа сенім мол.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» одағының жетекшісі:
– Арал мәселесінің қандай ауыр проблема екендігін шын түйсінген адам­дар кемде-кем. Арты тағы да саясатқа ұласып кете ме деп қорқам. Бұл күнде экологиядан гөрі саясат негізгі тақырып болып тұр ғой. Әйтпесе, Аралдың қазіргі мүшкіл жағдайы –  ке­зек күттірмейтін мәселе. Баяғыдан ай­тып жүрген бір сөзім бар еді, Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері Арал проб­лемасын қандай дең­гейде тұрғандығын түсінгенде ғана барып, бұл мәселе өз шешімін табады. Алматыда болатын отырыста мұны қалай қарастырмақшы екендігін білмеймін. Мені бұл іске шақырған жоқ. Дегенмен ел басшыларының тарапынан ықылас болса, әрине, бір шешім жасалуы мүмкін.

Мұхтар Шаханов, қоғам қайраткері, ақын:
– Арал мәселесін алғаш көтерген адамдардың бірі екенімді білесіңдер ғой. Сол кездері «Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан» газеттері «Аралда жағдай жақсы, Шаханов жала жауып жатыр» деп менің мәселемді Кеңес өкіметінің қарауына жіберуді ұсынды. Біз енді оған қарап жатпай, Арал мәселесін ары қарай да көтеріп жүрдік. Нәтиже аз болған соң мен Американың Атланта деген қаласына барып, баяндама жасадым. Сол кезде мен «бұл проблемамен президенттер айналыссын» деген ұсыныс жасаған едім. Бес президентпен жеке-жеке жолығып, Арал мәселесін президенттерге аманат еткен болатынбыз. Сөйтіп, өзім «желтоқсан» мәселесімен айналысуға кірісіп кеттім. Содан бері біраз жұмыстар істелді. Міне, енді сол ұсынысты президенттер қарастырайын деп отыр. Әрине, осы экологиялық проблеманы шешу олардың қолынан келеді. Қолдарында билік бар, қаржы бар, ұтымды шешім жасалады деп сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста