«Қыз бала анасымен бірге тұрмауы керек» — психологтардың бүгінгі насихаты дұрыс па, бұрыс па?

«Қыз бала анасымен бірге тұрмауы керек» — психологтардың бүгінгі насихаты дұрыс па, бұрыс па?

 Әлеуметтік желіде журналист Армангүл Тоқтамұрат қазірде психологтар ересек қыздарға анасымен бөлек тұруды насихаттап жүргенін жазды. Алайда біздегі психологтардың дені орыстар немесе орыс тілді қазақтар. Олардың ойы, дүниетанымы қазақы бояумен үйлеспей жатады.

Психологқа жүгінген көптеген бойдақ қыздардың әңгімесінен мына картинаны көрдім: психологтардың сөзінше, бүкіл проблеманың екі негізгі себебі бар. Ол — бала кездегі травма және ана мен әкеге реніш, не қарым-қатынастың бұрыстығы. Қыз бала бой жеткен соң анасымен мүлдем тұрмағаны абзал. Аналар — вампир. Балаларының жастығымен өмір сүреді. “Мен сенің анаңмын, мен сені асырадым, өсірдім, сен маған қарыздарсың” деген сөздермен сұмдық манипуляция жасайды. Әсіресе, тұрмыс құрмаған, не ажырасқан қыздар аналарымен алыстан сыйласқаны абзал. Әйтпесе, анасы энергетикалық тұрғыда қызының бағын байлайды. Сондықтан, аналарыңнан қашыңдар дейді психологтар. Мен де көп естігенмін өз басым. Құп,

деп жазды Армангүл Тоқтамұрат.
Алайда бұл қазақтың тәрбиесіне мүлдем жат дейді ол.

«Жұмақ анаңның табанының астында. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың. Алланың разылығы — ата-анаңның разылығында. Анаңды сыйла, ренжітпе, қарайлас, қамқор бол! Дауыс көтерме, аяғын жылы суға мал. Анаңның ақ батасын алмай, бағың ашылмайды дейді емес пе?! Сөйтіп, әлгі орыс не орыс тілді психологқа барған қазақы тәрбиедегі қыздың шақшадай басы шарадай болады. Өзі басы қатып жүргенде тіпті, миы ашып кетеді. Психологты тыңдаса анасынан алыстуы керек.

Тәрбиесіне сай қадам жасайын десе, кей тұста психологтың айтқаны ақиқатқа жанасады. Шеше қызын тура өз жолымен алып жүруге ұмтылады, өзін үлгі етеді. Парадокс”,

дейді журналист.
Пікір жазушылардың ойы екіге бөлінді. Бірі психологтарды қолдаса, басқасы қазақы дүниетанымды ұстану дұрыс дегенді айтады.

«Екі ортадағы балансты сақтау керек. Бөлек тұрып та сыйлауға, көмектесуге, мәпелеуге болады»

«Алыстан сыйласу мәдениетін қалыптастыру керек. Жағдайың жетсе көмектесіп, жақсы қатынасты сақтау керек. Ең құрығанда жылы сөз. Ал, алыстан араласу дәл бүгінгі күнде өте маңызды».

«Анасы бақытты болса, қызы бірге тұруға болады. Бірақ күйеуі бар әйелдің барлығы бақытты деп айта алмаймын…»

«Психологтармен келіспеймін. Олар көбіне батысты дәріптейді. Ешқандай ана бала бақытына кедергі келтірмейді, керісінше. Анасымен бірге тұрған адамның не арманы бар! Өз басым шешем үйімде отырса төрт құбылам түгелдей сезінем».

«Әр адам өзі психолог. Өзінің ойымен, өзінің ақылымен жүрсін. Қыз бала әке-шешеге жақын болады. Ақымақтар алыстап жүрмесе»,

деп жазды оқырмандар.
Психологтар қатігез бе?
Біз психологтар неге ата-анадан бөлек тұруды насихаттап жүргенін сұрадық. Психолог Анар Мәулиқызының айтуынша, ата-анадан бөлек тұру адамды ересек өмірге пісіп-жетілуіне көмектеседі.

«Әр қыз балаға кішкентай кезінен әке-шешесін тыңдау керек деген ұғым қалыптастырады. Бірақ неше жасқа дейін тек ата-анасының айтқанымен жүру керектігі туралы айтылмайды.

Психологиялық ерекшеліктері бойынша қыз бала 23-25 жастан бастап ата-анасынан бөлек өмірін қалыптастыру керек. Себебі әрбір қыз бала болашақта жеке отбасы болатындығын түсінеді және соған дайындалуы керек.
Бөлек шығу арқылы ол жеке кеңістікке ие болады, еркіндікке ие болады, өзінің өміріне жауапкершілікпен қарауға үйренеді, қаржылай тәуелсіз болуға үйренеді. Сондай-ақ, қаржыны сауатты қолдану әдеті қалыптасады және ата-анаға деген махаббаты, арасындағы сыйластық күшейеді. Тұрақты мінез-құлықтың қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді», — дейді психолог.

Ал, ата-анасы баласын бөлек шығарғысы келмейтіні — бұл заңдылық, бірақ ересек адамдар бұл сезімді еңсеріп, жеңуі керек.

«Көп ата-ана баласын жібергісі келмейді, бұл — заңдылық. Ата-ана арасында эмоционалдық байланыс өте мықты. Әсіресе қыз балаларды бөлек жіберуден қорқады, теріс жолға түсіп кетуінен қорқады. Бірақ ата-ана баласына жақсы тәрбие бергеніне, оны өзіне сенімді болып өсіргеніне байланысты оған сенім білдіргені маңызды. Өзін сыйлайтын қыз ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біледі, теріс жолдан ада болады.

Көбінесе ата-анасы баласы жеке шығып жатса да, оларға манипуляциямен немесе бұйрық беріп балаларын қадағалағысы келеді. Сондықтан бала 18 жаста немес 40 жаста бөлек шықса да эмоционалдық жағынан ата-анасымен байланысты үзе алмайды, ата-анасының айтқанымен жүріп қалады. Бұл өз-өзін қабылдау, өзіне сыйластықпен қарауға да әсерін тигізеді.
Психологиялық әдістердің бірі — ата-анадан бөліну, яғни сепарациялану. Кейде сепарациялану әр адамда әрқалай жүреді, себебі қыз бала үшін ата-анасының қамқорлығы маңызды. Бірақ жеке кеңістіктің болуы оған бұдан да маңызды. Себебі егер ол тек ата-анасымен үлкен жасқа дейін өмір сүрсе болашақта өзіне сенімсіз, біреудің ойымен ғана жүруге бейім болады. Жеке тұрған жағдайда ол өз өміріне жауапкершілік алады, тұрмыс құруға мүмкіндік береді, өзінің пікірімен өмір сүруге мүмкіндік береді, қаржылық жағынан тәуелсіз болады», — деп қорытындылады психолог.

kaz.globalnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста