Этика және біз

Сынып сағаты: «Этика және біз»
Мақсаты: адамдармен қарым-қатынаста мінез-құлықтың негізгі этикалық талаптарын меңгеру, сыйпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Түрі: Брейн-ринг

Даярлық жұмыстары:
- сыныпты бірнеше 4-5 командаға 6 оқушыдан бөлу керек;
-әрбір команда капитанын сайлап, осы тақырып бойынша 1-2 апта даярланады;
-ойын өткізу үшін мыналар қажет:
-2 стол;
-Гонг;
-Секунттық стрелкасы бар үлкен сағат немесе секундомер;
-Командалардың жауап беру кезеңін анықтау үшін сигнал беретін ысқырғыш;
-Төрешілер алқасы;
-Сұрақтар мен жауаптар анық қылып бөлек-бөлек карточкаға жазылады;
-Жағдайларды көрініс түрінде көрсетуге болады.
Ойынның ережесі:
1.Ойын 6 ұпайға дейін жүреді;
2.Команданың кезегі жеребе бойынша анықталады;
3.Талқылау 1 минуттан аспайды;
4.Бірінші сигнал берген команда жауап береді;
5.Жеңген команда басқа командамамен ойнауы керек.

Сұрақтар:
1.Бір-бірімен қалай сәлемдесуге болады және қандай жағдайларда?
2.Ғимаратқа кіргенде кім бірінші амандасады? (жасына немесе жынысына қарамай кірген кісі бірінші амандасады)
3.Біз адамдармен бірінші кездескенде кім бірінші болып амандасады? (әйел адам, ер адам, кішілері үлкендері, бастық) (үлкен кішіге қолын береді, әйел адам ер адамға т.с.с.)
4.Көшеде кім бірінші амандасады, тұрғаны ма, әлде кіріп бара жатырғаны ма? (өтіп бара жатырғаны)
5.Ер адам мен әйел адам ғимаратқа кірейін деп жатыр, қайсысы бірінші кіреді? (әйел адам бірінші кіреді)
6.Ер адам мен әйел адам театрда, кинозалда орнына отыруы керек. Кім бірінші жүреді? (ер адам орынды іздеп бірінші болып жүреді)
7.Ер адам мен әйел адам баспалдақпен көтеріліп және түсіп келеді. Кім бірінші жүреді? (екеуінде де ер адам, жоғары көтерілгенде – ер адам, төмен түскенде әйел адам)
8.Ер адам мен әйел адам транспортқа немесе шыққанда кімге бірінші жол беріледі?(бірінші болып әйел адам кіреді, сосын ер адам, шыққанда керісінше)
9.Телефонмен сөйлескенде кім бірінші болып амандасады? (телефон соққан кісі өзін таныстырып, бірінші амандасады)
10.Егер телефонмен сөйлесу үстінде байланыс үзілсе кім қайта телефон шалады? (телефон шалған адам)
11.Қандай уақытта жай және демалыс күндері телефон соғуға болады? (жай күндері: 8.00-11.00, демалыс және мейрам күндері: 9.00-11.00)
12.Сіз қонаққа сыйлықпен және гүлмен келдіңіз.Оларды қалай беру керек? Сыйлық алушы не істеу керек? (гүлді сол қолға ұстайды, сыйлықты ашып береді. Сыйлықты алған кісі сыйлықты ашып қарау керек)

Үстелде сервировка жасау.
Дастархан үстінде өзін-өзі ұстау.
Бір минуттың ішінде үстелдегі приборларды дұрыстау керек: тарелка, шанышқы, пышақ, қасық, бокал, рюмка,салфетка (Столдың шетінен 4,5 см шегінің, ыдыстарды түзу сызық бойымен қояды. Тарелканың оң жағына пышақ қойылады, сол жағына дөңес жағын төмен қояды. Тарелканың оң жағына төмен қылып шанышқы қойылады. Тарелканың алдына сол жаққа рюмка, оң жағына бокал қойлады. Салфеткаларды тарелканың үстіне салады немесе әсемдеп қояды.

1.Сіз қызбен көшеде келе жатырсыз. Қызды танымайтын досыңыз кездесе кетті. Таныстыру қалай өтеді. (Таныстырғанда рұқсат алады, жауап ретінде қыз қолын ұсынады, атын айтады)

2.Сізге қонақтар келеді. Сіз не істеуіңіз керек? (Ең алдымен сыртқы киімін шешуді ұсынасыз.Әуелі әйел адамға киімін шешуге көмектесеміз. Отырғышқа, диванға отырғызып әңгіме бастайсыз)

3.Жігіттерге бағалы әшекей тағуға бола ма? (Жігіттерге тек галстук, булавка, сағат, сақина тағуға болады)

4.Сіз қонаққа келдіңіз. Ондағылардың бәрі сізге таныс. Сіз алдымен қалай амандасасыз? (Егер де бәрі сізге таныс болса, бәріне қол беру міндетті емес.Тек үй иелерімен қол беріп амандасуға болады, қалғандарымен жымия амандасыңыз.
Қорытындылау


https://bilimsite.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста