Жаһандық бастамалар – қазақ елінің асыл мирасы

Жаһандық бастамалар – қазақ елінің асыл мирасы

Тамыры терең тарихта халқымыз алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды да бастан өткерді. Еңсесі биік елдігіне, тұғыры берік тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақстан жаһандық ірі бастамаларды ұқыпты ұйымдастыра білетін маңызды мемлекетке, сенімді серіктеске айналды.
Адамзатқа бейбітшілік сыйлаған ел
Қазақ елінің жаңа тәуелсіз дәуірге алғашқы қадамының өзі дүниежүзілік бастамадан басталған. Мәскеудің қуатты қарсылығына қарамастан, Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі аса ірі ядролық сынақ алаңы &ndash Семей полигоны біржола жабылды. Бұл дамыған елдердің Қазақстанға сенім артып, әріптес ретінде қабылдауына қуатты ықпал етті. Бұл әлемнің әр түкпіріндегі басқа да сынақ алаңдарының тегіс жабылуына түрткі болды.

Н.Назарбаев сондай-ақ қуаты жөнінен әлемде төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшысы атанды. Осылайша, адамзатты заманақырға бастаған қару-жарақ жарысына нүкте қойылды.

Қазақстанның ұсынуымен, әлемде жаңа атаулы мереке пайда болды: БҰҰ Семей полигоны жабылған күнді &ndash 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» деп жариялады.

Елбасы мемлекеттік награданы табыс етті
«Елбасының ерен еңбегін бағалап, ұғыну &ndash міндетіміз» &ndash Бердібек Сапарбаев
Елбасы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады
 
Бұдан бөлек, Қазақстанның бастамасымен және БҰҰ қолдауымен әлем елдері «Ядролық сынақтарға баршаға бірдей тыйым салу туралы» тарихи шартқа қол қойды. Яғни, бұдан былай бірде бір мемлекет ядролық қаруды сынамауы тиіс.

Ал Елбасының бүкіл әлем халқы мен көшбасшыларына арнаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті БҰҰ-ның ресми құжаты ретінде қабылданды.

Қазақстанның осы және басқа да бастамалары бейбітшілікке деген берік ұстанымымызды айқындап берді. Елбасының көреген басшылығымен Қазақстан мемлекетті атом қаруынсыз дамытудың әлемдік бірегей үлгісін қалыптастырды.

Осыдан екі жыл бұрын Елбасының әлемді ядролық қарудан босатуға бағытталған бастамасының бірі ретінде Өскеменде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкі құрылды. 2019 жылдың қазанында оған төмен байытылған уранның алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл банк &ndash ядролық қаруды таратпаудың бір тетігі. Ол уранды өз бетімен байытудан бас тартқан өзге елдердің АЭС-теріне отын жеткізеді, осылайша, атом энергиясын бейбіт мақсатқа қолдануды қолжетімді етеді.

Елбасының G-Global жаһандық жаңа коммуникативтік алаңына қатысты жобасы да әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға бағытталған.

Жаһандық саммиттер ордасы
Бақ-берекесі қашып, тынышы кеткен елде жоғары мәртебелі, аса маңызды тұлғалар жиналмайды. Одан аулақ жүреді. Демек, тарихта қалар саммиттерді өткізуі &ndash мемлекеттің өрлегенін, өркендегенін, өркениеттілігін аңғартады. Қазақстан тұрақтылықтың, тыныштықтың, діндер мен ұлттар достығының оазисі ретінде мойындалып отыр.

Мысалы, барлық дін өкілдерін бір жерде жинауға әртүрлі озық мемлекет талаптанып көрді. Солардың ішінде осы істі жүйелі жолға қоя алғаны Қазақстан болды. Аманшылық болса, пандемияның беті қайтса, 2021 жылғы 15-16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі осымен 7-ші рет ұйымдастырылмақ.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты. Құт қонған қазақ елі сан түрлі дін өкілдерінің басын қосып, барша діндарлардың сауабын алды. Бұл съез жаһандық «рухани дипломатияның» маңызды элементіне айналды.

Осының арқасында 2010 жылғы желтоқсанда еуропалық белді ұйым &ndash ЕҚЫҰ-ның XXI ғасырдағы алғашқы саммитін және посткеңестік кеңістіктегі жоғары деңгейлі тұңғыш құрылтайын өткізу мүмкін болды.

Ал осыдан үш жыл бұрын посткеңестік елдер арасында және түркі әлемінде тұңғыш рет Қазақстанның елордасында EXPO-2017 өткені мәлім. Ол әзірге әлемдегі соңғы халықаралық мамандандырылған көрме болып отыр. Осы жаһандық көрмені бас қаламызда ұйымдастыру &ndash Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі болды. Бүгінде көрме кешені орнында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы жұмыс істеуде.

Қазақстан және Ислам әлемі
Қазақстанның көптеген жаһандық бастамалары мұсылман әлеміне жеке бағытталған. Дүниежүзінде БҰҰ-дан кейінгі екінші ірі халықаралық бірлестік саналатын Ислам ынтымақтастығы ұйымына Қазақстан 1995 жылы мүше болды. Содан Қазақстанның Тұңғыш Президенті оған кіретін барша мұсылман елдерінің ұлы құрылтайын өткізу бастамасын ұсынды. Ол іске асты: 2011 жылғы 28-30 маусымда астанамызда Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы өтті. Ұйымның төрағалығы Қазақстанға табысталды. Бұл басқосуды тарихи оқиға деп атауға болады, өйткені, онда Елбасының ұсынысымен «Ислам конференциясы ұйымы» (ИКҰ) атауын Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгерту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғаш рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды.

VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумында Елбасы әлемде азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін ұйым аясында азық-түлік көмегін көрсету жүйесін әзірлеуді ұсынды.

«Бұған Ислам даму банкі және ұйымға мүше елдердің азық-түлік қоры топтары жүйесінде БҰҰ-ның FАО ұйымы үлгісіндегі аймақтық қордың құрылуы негіз болар еді. Оның штаб-пәтерін азық-түліктің экспорттық әлеуетін белсенді дамытушы ел ретінде Қазақстанда орналастыруды ұсынамын!» &ndash деді Н.Назарбаев.

Бұл жаһандық бастама да жүзеге асты. 2019 жылғы 11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) штаб-пәтерінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Бангладеш, Буркина-Фасо, Гамбия, БАӘ, Сауд Арабиясы және Түркия өкілдері кіретін АҚИҰ Атқарушы кеңесінің мүшелері қатысты. Бұл ретте рәсімнің Құран сүрелерін оқып, Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен басталуының ізгі символдық мәні болса керек.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбековтің айтуынша, ұйым аясында Халықаралық тамақ өндірушілерінің исламдық қауымдастығын құру &ndash мұсылман әлемінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экономикалық дамуға, сонымен қатар АҚИҰ мүше елдеріндегі тамақ өнеркәсібі мен кәсіпорындарының әлеуетін арттыруға ықпал етуі тиіс. Ұйымға мүше елдердің мүмкіндіктері мен ресурстарын азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы жалпы проблемаларды шешуге пайдалану міндеті жүктеліп отыр.

Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына Африка, Азия, Еуропа және Оңтүстік Американың 34 елі кіреді.

Қазақстанның төл жаһандық бастамалары мұнымен әрине, таусылмайды. Оның бәрін тізіп, тере берсе, тұтас томдарға жүк болмақ. Ең бастысы, осы бастамалары мен жобалары арқылы Қазақ елі өзінің бейбітшілік, достық, өзара құрмет пен мәдениетке негізделген қағидаттарды берік ұстанатынын төрткүл дүниеге паш етеді.

Сондай-ақ Қазақстанның бейбіт бастамалары қазіргі халықаралық қоғамдастық пен болашақ ұрпағымыз үшін ізгі, жақсы әлемді қалыптастыруға ықпал етеді.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста