Үкіметтік емес ұйымдар жұмысын қалай дамытамыз?

Үкіметтік емес ұйымдар жұмысын қалай дамытамыз?

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұй­ым­дардың диалог алаңына айналған Азаматтық форум кеше елордада өз жұмысын бастады. Осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған айтулы шараның басты тақырыбы «Қазақстан-2050» стратегиясы аясындағы азаматтық қоғам және заманауи сын-қатерлер мәселесіне арналып отыр.
Шараға еліміздің барлық аймақтары­нан келген ірі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, Президент Әкімшілігінің, Үкі­меттің, орталық мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Форумның жалпы отырысында сөз ал­ған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағ­лан Асаубайұлы Майлыбаев алқалы жи­ын­ға қатысушыларға құттықтау сөзін жол­дады. Б.Майлыбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыруға азамат­тық қоғам сүбелі үлес қосатынын, сонымен қатар стратегияның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды көздейтін басты міндеті мемлекет пен қоғамнан тең жауапкершілік пен жемісті ынтымақтастық талап ететінін атап өтті.
Дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткі­зілетін форумның жылдан-жылға беделі артып келе жатқаны да айқын. Бүгінде үкі­меттік емес ұйымдар, яғни сан алуан қо­ғамдық қорлар мен бірлестіктер әлеу­меттік маңызы бар мәселелерге етене ара­ласып, билік басында отырған азаматтарға өз ұсыныстарын жасап келеді. Бұл жолғы жиын барысында да мұндай мәселе таса­да қалып қойған жоқ. Мәселен, үкіметтік емес сектордағы біраз жұмыстың мемле­кеттік тапсырыс аясында орындалатыны бел­гілі. Дегенмен онда да бюджет қар­жысын тек белгілі бір ұйымдарға ғана тарату «дәстүрі» бар екендігі айтылады. Ал ауылды жерлерге ол қаржы мүлдем жет­пей жатады. Оны ресми билік те мойындап отыр.
Астанадағы VI Азаматтық форумның мінберінен сөз сөйлеген Премьер-министр­дің бірінші орынбасары Бақытжан Са­ғын­таевтың айтуынша, осы уақытқа дейін еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар­дың қыз­меті тиімділік жағынан арта түсті. Ұй­ым­дардың арқасында мемлекеттік ма­ңызды құжаттар да қабылданып іске асып жатыр. Мәселен, үкіметтік емес ұйымдар­ды қол­дауға арналған мемлекеттік бағ­дар­лама, мемлекеттік-әлеуметтік тапсы­рыс, жер­гі­лікті өзін-өзі басқару мен мем­ле­кеттік қыз­мет туралы заңдар да қоғам­дық бір­лестіктердің тікелей араласуымен әзір­ленген болатын. Бүгінгі таңда Қазақ­стан­ның азаматтық қоғам тұжырымдамасы да даярланған. Алдағы уақытта Елбасы ай­қындаған «Қазақстан – 2050» страте­гия­сын іске асыру саласында да үкіметтік емес ұйымдарға үлкен үміт артылып отыр. Ол үшін қоғамдық ұйымдар мемлекетпен бір­лесіп әлеуметтік мәселелерді шешу жұ­мы­сына білек сыбана кірісулері шарт. «Олар қоғамдық бақылауды күшейтіп, құ­қықтық мәдениетті көтеруі тиіс. Осылайша, еліміздің әлеуметтік жаңғыру науқанына өз үлестерін қосуы – басты міндет. Қазірдің өзінде мұндай әріптестік бар. Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар бизнес пен халық­аралық ұйымдармен бірлесе көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырады. Ол жобалардың сипаты сан алуан. Бірақ оның барлығы бір мақсатты – әлеуметтік мәсе­ле­лер­ді шешуді көздейді», – дейді Бақыт­жан Сағынтаев. Үкімет басшысының орын­басары атап көрсеткендей, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау деңгейі мемлекеттік орган басшыларының рей­тин­гісіне де әсер етеді. Сондықтан да бү­гінгі күні кез келген нормативтік актіні әзірлеу үдерісінде үкіметтік емес ұй­ым­дардың көмегіне жүгініп отыру маңызды. Бұл ғана емес, ЭКСПО-2017, «жасыл эко­номиканы» дамыту сияқты ұлттық жоба­ларға қоғамдық бірлестіктер атсалысуы ауадай қажет. Сол себепті мемлекеттік тап­сырыстың көлемі де жыл сайын артып келеді. Қазір бұл бағытта сегіз министрлік жұмыс істейді. «Мемлекеттік тапсырыстың аясы кеңейіп, қаладан ауылға дейін жете бастады. Биыл ауылды жерлерде әлеу­меттік жобаларды іске асыруға барлық ай­мақтарда тиісті қаражат көздері қарасты­рылған. Жалпы, ағымдағы жылы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қолға алынған жобаларға 6 млрд-тан астам теңге бө­лін­ген болатын. Бұл көрсеткіш қоғамдық ұй­ым­дардың белсенділігіне қарай алдағы уақытта да сақталады. Біз білеміз, мемле­кеттік тапсырыс саласында үкіметтік емес ұй­ымдар сан алуан қиыншылықтарға тап болады. Оның барлығы өз шешімін таба­тын болады», – дейді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Жақсыгүл МАХАНБЕТОВА, Маңғыстау облыстық альянсының президенті:
– Бүгінде біз азаматтық қоғам инс­титуттары ретінде билікке тиісті талап­тарды қойып отырмыз. Алайда біз би­лік­тен бұрын, ең әуелі өзімізге тура сон­дай міндеттерді қоюымыз қажет деп ойлаймын. Әлеуметтік жобалар­дың нақты нәтижесі қандай, оған кім қа­тысты, қанша қаржы тартылды деген секілді мәселелер бойынша есеп беруі­міз керек. Себебі бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйым­дарға бөлінетін бюджет қаржысы ұлғайып келеді. Ал оның тиімділігін еш­кім білмейді. Сондықтан біз қоғам алдында есеп беріп, ол арқылы ха­лық­қа жақындай түсуіміз керек. Сосын тағы бір мәселе, ол – мемлекеттік тап­сы­рыстың ауылды жерлерге жетпей жатуы. Бүгінде көп жағдайда респуб­ли­калық бюджеттен бөлінетін қаржы облыстық деңгейдегі әлеуметтік жоба­ларға жұмсалады да, ауылға жетпей жа­тады. Соның салдарынан ауылды жер­лерде жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар дамымайды.

Жалпы отырыста Мәдениет және ақ­па­рат министрлігінің жауапты хатшысы Жан­на Құрманғалиева, Қазақстан Азамат­тық альянсының жетекшісі Нұрлан Ерім­бе­тов, сонымен қатар еліміздегі белді үкі­мет­тік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.
Форум аясындағы жұмыс сессияла­рында мемлекет пен үкіметтік емес сектор­дың өзара әрекеттестігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Пікірталастардың қорытындысы бойынша үкіметтік емес сек­торды одан әрі дамыту жөніндегі ұсы­ным­дар енгізілген Қазақстанның Азамат­тық форумының қорытынды құжаты қа­был­данды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста