Қазақстанның ғарыш саласындағы үлесі қандай?

Қазақстанның  ғарыш  саласындағы  үлесі  қандай?

Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт.
Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әс­кери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз­делген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бір­қатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерт­теулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыш­тық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласын­дағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Жалпы, капиталистік заманда кез келген тақырыпқа романтикалық қа­рым-қатынаста болу мүмкін емес. Яғни кез келген ел «ғарыштық держава» деген жа­лаң атақ үшін ғана бекер шығындала ал­май­ды. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда ғылым-білімнің ғарыш әлемін танып-білуге деген құштарлығы үшін салық төлеушілердің қалтасынан жиналған қаржыдан миллиардтар бөле алмайды. Әзірге ғарыштық ғылыми жобалар үшін қомақты қаражат құю төрт құбыласы түгенделген, дамыған мемлекеттердің қолынан келеді. Онда да әрбірінің емес. Ендеше, Қазақстанның ғарыш саласы үшін Марс пен Венерада не болып жатқаны, «Күн системасында қандай ауытқулар бар», «өзге ғаламшарлар мен жатпланета­лық­тар бар ма» деген секілді сұрақтар уа­қыт­ша қызықтырмауы керек. Демек, Қа­зақ­стан ғарыш саласын дамыту бары­сын­да негізінен өз жерімізді зерттеу мәсе­лесіне көп икемделгені дұрыс.
Қазақстан ғарыш саласын бейбіт мақсатта дамытады
Атом өндірісін әскери мақсатта пайда­лануға болмайтыны секілді, ғарышты да әскери қақтығыс алаңына айналдыруға бол­майды. Әрине, бұл БҰҰ деңгейінде қо­йылатын талап болу қажет. Себебі бұл сала­ның да теріс мақсатта пайдаланылуы атомдық қарулардан кем зиян әкелмейді. Қазір ғарыш саласын әскери мақсатта дамытуға күш салып жатқан елдер де бар. Әс­кери қорғаныс саласын жетілдіру жо­лын­да АҚШ пен Иран секілді  зымырандарға қарсы қорғаныс орнату үшін миллиардтар құю еліміз үшін тиімсіз болар еді. Оның үстіне, еліміз өзінің соңғы 20 жылдық тари­хында ешбір әскери амбиция танытқан емес, бейбіт имидж қалыптастыруда.
Ғарышты игеру саласын прагматикалық көз­қарасқа салатын болсақ, нақты мемле­кет қазынасына пайда түсіріп, ел азамат­та­рына игілік әкелетін жобалардың ғана маңыз­дылығы үстем. Мәселен, өткен жылы ресейліктердің қазақстандық қос ғарышкерді ұшырудан бас тартуын кейбір отандық баспасөз құралдары ұлттық трагедия етіп суреттеді. Әсілінде, бұл үшін сезімге беріліп, аталған салада көрші елмен «ат құйрығын кесісудің» тіпті де қа­жеттілігі жоқ. Себебі дәл қазір Қазақстанның ғарыш саласының дамуы дәл сол екі ғарышкеріміздің көкке көтерілуіне қарап қалған жоқ. Мұны Ұлттық ғарыштық агент­тігі де жақсы түсінетіндей.
Ғарышқа қанша ақша бөлінеді?
Әлемдік экономикалық дағдарысқа қа­рамастан, барлық дерлік ғарыш дер­жа­валары «жұлдызды» жобаларды қар­жы­ландыруды азайтудың орнына, ұлғайтып жат­ты. Космостық бағдарламалар бюджеті осыдан бір жыл бұрын АҚШ-та – 16,8 млрд, Жапонияда – 5 млрд, Қытайда – 1,5 млрд, Ресейде – 1,2 млрд долларды құрағандығы өзін-өзі байқатып тұр. Осы­лай NASA америкалық агенттігі ғарыш са­ла­сына салған әрбір доллардың 5-6 дол­лар болып қайтатындығын хабарлаған. Мамандардың бағалауынша, соңғы жыл­дары Ресейдің ғарыштық зымыран сала­сындағы пайдасы – үш есеге, ал оның қайтымы екі есеге өскен.
Ендеше, біз де елдің индустриялық-ин­новациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құ­р­ылуы мен дамуына, халықаралық ма­ңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасауға міндеттіміз.
Ғарыш пен байланыс
Соңғы жылдары еліміз Қазақстан да бұл бағытта тартынып жатқан жоқ. Сөйте тұра, ғарыштық жобалардың барлық салалары бойынша далақтай бермей, не­гізгі бағыттар бойынша ғана жұмыс жасау қа­жеттігін түсінеді. ҚР Ұлттық ғарыш агент­ті­гінің төрағасы Т.Мұсабаев Қазақстандағы ғарыштық саланы қалыптастыру страте­гия­сы мен еліміздегі ғарыш саласын дамы­ту­дың мемлекеттік басқару реформасы бо­йынша ғарыш саласына 2020 жылға де­йін жыл сайын 316 миллион АҚШ доллары көле­мінде қаржы қажет болатынын айта­ды. Ғарыштық жүйені дамытуға бағыт­тал­ған стратегияны жүзеге асыру барысында 2020 жылға дейін орбиталық топталған 12 ға­рыштық аппарат құрылатындығын, соны­мен қатар еліміздің спутниктік байла­ныс каналдарына сұраныс қанағаттан­ды­рылып және өңірлер көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз ету жоспар­ланған. Яғни ғарыш саласын дамытуда еліміз ең алдымен байланыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Еліміздің азаматтары «Қаз­сат» ұлттық жүйесін пайдалану – елі­міз­дегі байланыс саласын бірнеше есеге арзандатады» деп үміттенеді. «Қазсаттары­мыздың» жоғалып кетуіне қарамастан, Қазақстанның төл жерсеріктерін ұшыру­дан тайынбауы – осының бір дәлелі. Ғарыш сала­сының тағы бір мүмкіндігі – табиғи ка­таклизмдерді алдын ала болжау мүмкіндігі. Дегенмен бұл саланы айтулы ғарыштық державалардың өзі толық игеріп болған жоқ. Әлемде болып жатқан түрлі стихиялы апаттар адам шығынын болдырмау мақ­сатында табиғи болжамдарға қаржы құю­дың зая еместігін көрсетіп жатыр. Ға­рыш­тағы жалпы саны 23 жерсерігін, әлемдегі ғарыштық ұшулардың 40 пайызын қам­тамасыз етіп отырған Ресей де ғарыш саласында кенже қалып қоюымыз мүмкін деген қаупін жасырмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста