Қазақстан заңгерлерінің одағы құрылды

Мансұр ХАМИТ (фото)

Кеше Астанада алғаш рет заңгерлердің республикалық съезі өтті. Ойдағы-қырдағы заңгерлердің басын қосқан съездің басты нәтижесі «Қазақстанның заңгерлер одағын» құру туралы ұсыныстың қабылданғаны болды. Алғаш өтіп жатқан съезге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауын жолдап, заңгерлердің басын қосатын қоғамдық ұйымның қажет екенін атап өтіпті. Оны Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед оқып берді.
Қазақстанның мемлекеттік Тәуел­сіз­ді­гі­не 20 жылдам астам уақыт өтті. Осы ке­зең­де бізде заманауи демократиялық мем­­лекеттің және нарықтық эконо­ми­каның та­лаптарына сай келетін ұлттық құ­қық­тық жү­йе қалыптасты. Бұл істе Қа­зақстанның мем­лекеттілігінің негізін қа­лаушы заңдар мен институттарды құру­дың басында тұр­ған біздің заңгерлеріміз орасан зор рөл ат­қарды. Халық даналығы айтқандай, біз­дің күшіміз – бірлікте, сон­дық­тан өтіп жат­қан съездің күн тәрті­бін­дегі басты мәселе, оның басты мақсаты – еліміздің заңгерлер қа­уымдастығының басын біріктіру болып та­былатын жаңа қоғамдық ұйым құру», – деп­ті Президент өз сөзінде. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы: «Заңгер­лер­дің жаңа ұйымын құру туын­­даған мәселелерді тиімді шешуге мүм­­кіндік береді, ал заңгерлер ұйымының жа­­сап шыққан ұсыныстары іс жүзінде жү­зе­­ге асып, заңдылықты нығайтып, елі­мізде заң мен құқықтың салтанат құруына сеп­ті­гін тигізетін болады», –  деп атап өтті.
Мемлекеттік хатшы да бұл шараны елі­міз­дің Тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосатын үл­кен форум болады деп есептеп, съездің жұ­мысына жеміс тіледі. «Елбасымыз Қа­зақ­стан Тәуелсіздігінің әр кезеңінде елі­міз­дің құқықтық дамуына ерекше көңіл бөліп ке­леді. Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жол­дауында да еліміздегі сот және құқық қор­ғау жүйесіне модернизация қажеттігін  атап өткенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Осы­ған байланысты түрлі құқық қорғау ор­ган­дарына арнайы тапсырмалар беріліп, қа­зір елімізде құқық қорғау жүйесін жа­ңар­тудың, жаңғыртудың жоспары бекітіліп, іс-шаралар жүзеге асырылып та кетті», – де­ді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Оның мә­лім­де­уінше, бүгінгі таңда Елбасының тап­сыр­ма­сына сәйкес, жаңа қылмыстық про­­цессуалдық кодекс дайындалып, құқық қор­ғау жүйесінің кадрлық әлеуетінің деңгейі көтерілуде. 
Съезде сөз алған республиканың бас заңгері – әділет министрі Берік Имашев кіріспесінде ел Тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылдығындағы Қазақстанның құқықтық дамуының қорытындылары және еліміздің заңгерлік қауымдастығы шешетін алдағы мін­деттер туралы айтып өтті. Ол: «Республи­ка­лық съездің басты мәні – жеке заңгерлер­мен қатар, қазірде жұмыс істейтін қоғам­дық бір­лестіктерді, мәселен, сот және ад­­во­кат­тар одағын, сондай-ақ республ­и­ка­лық но­та­риалдық палатаны біріктіруге мүм­кіндік бе­ретін қазақстандық заңгерлер­дің жаңа қоғамдастығын құруда жатыр», – деді.
Осының бәрін ескере келе, заңгер­леріміз «Қа­зақстан заңгерлерінің одағы» республи­ка­лық қоғамдық бірлестігін құр­ды. Одақ­тың төрағасы болып Парла­мент Мә­жілісінің де­путаты Рахмет Мұқашев сай­ланды. Да­уыс беру арқылы ұйымның жар­ғысы қа­был­данды, сондай-ақ бес адам­нан құрал­ған орталық кеңестің құ­рамы бекітілді.
Қазақ гуманитарлық-заң универси­те­тінің президенті Мақсұт Нәрікбаев жаңа одақ құқық саласында мемлекет пен қо­ғам­­ның одан ары қарай өзара іс-қи­мы­лына және жалпыұлттық мүдделерге құ­қық­тық тетіктермен қолдау жасау үшін қа­­жеттігін айтып отыр. «Заңгерлер одағы құ­қықтық реформа, заңгерлік білім беруді да­мыту, ғылыми заңгерлік мекемелерді ұйымдастыру мәселелері бойынша мем­лекеттік органдарға салмақты ұсыныстар жа­сауға қауқарлы болады», –  дейді  Мақ­сұт Нәрікбаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста