Қазақ идеологиясының негізгі діңгегі – Ясауи мұрасы

Қазақ идеологиясының негізгі діңгегі – Ясауи мұрасы

Кеше Алматыдағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы және қазіргі заманғы ислам» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған еліміздің аймақтарынан Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп жүрген ғалымдар мен мәдени қайраткерлер жиналды.

Қазақстанның ұлттық идеология мәселесі жайында әрқилы пікірлер айтылып жүр. Шетелдік, отандық сарапшылар, кейде тіпті өзіміздің зиялы қауым өкілдері де «Қазақстанда идеология жоқ» дегенді айтып қалады. Алайда идеологиясыз халық болмайды. Әлемдік қауымдастықтағы елдердің барлығында, дәстүрлі, кейде жасанды, кейде жалған принциптерге негізделген идеологиялар үстемдік құрып келеді. Ал Қазақстан қоғамы әртекті болғандықтан, өзінің негізгі қазығын таба алмай, айналшықтап жүргені рас. Алайда бұл идеология жоқ дегенді білдірмейді. Бар болғаны ұлт үшін ортақ идеологияның әлсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты кейбір батысшылдар Еуропа мен Американы негізге ала отырып, жаңа идеология құрастырып шығу қажеттігін айтады. Бұдан бөлек елімізде шығысшыл қауым бар. Олар қазақ қоғамының неғұрлым исламға бет бұрып, араб әлемімен селбесіп тіршілік еткенін қалайды. Осы тұста мемлекетіміздің сан ғасырлардан бастау алатын өзіндік идеологиясы бар екенін ескерген абзал. Бұл жағынан келгенде, қазақ және басқа да түркі халықтары үшін Қожа Ахмет Ясауидің рөлі ерекше. Қожа Ахмет Ясауи жайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында «Қожа Ахмет Ясауидің ілімі Қазақстандағы ислам дінінің таралуына, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына негізгі себеп болды» деп баға берілген. Елбасы көрсеткен негізгі бағамды жалғастырып әкету мәселесіне келгенде, Қазақстанның тарихшылары тым жайбасарлық танытып жатыр. Дәл қазіргі жағдайда біздің қоғам Қожа Ахмет Ясауиді бар болғаны әдеби-мәдени қайраткер ретінде ғана таниды. Ал оның түркі әлемі үшін және, ең алдымен, қазақ халқының мемлекеттілігі үшін ХІІ ғасырдан бері атқарған рөлі ескерілмей келеді. Конференцияда баяндама жасаған сарапшы Айдар Абуовтың айтуынша, өткен ғасырда КСРО басшылығы «Ахмет Ясауидің атын өшірсек, бұл ел бізге толық бағынады» деген ұстанымда болады. Себебі Ясауи ілімі бір кездері бүкіл түркі халықтарының басын қайта қосқан ортақ идеологияға айналған еді.
Қожа Ахмет Ясауи қоғамды жетілдірудің жолын көрсетіп, исламның негізгі ұстындарын жоғалтпай, түркі халықтарының табиғатына бейімдеп берді. “Әзірет Сұлтан” республикалық қорық-мұражайы ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Аманжол Мейірманның айтуынша, қазақтың қолданыстағы салт-дәстүрлерінің барлығы дерлік Ясауи салған сопылық ілімнен туындаған.
Ендеше, бүгінгі қазақтың болмысы да осыдан тоғыз ғасыр бұрын негізі қаланған мәдениеттен көрініс береді. Мәселен, біздің қазіргі билік ЕҚЫҰ негізінде көтеріп жүрген «толеранттылық» мәселесі кездейсоқтық емес. Бұл сипат Ясауи негізін қалаған идеология арқылы қазақтың бойына дарыған негізгі принциптерінің бірі еді.

Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ, Философия және саясаттану институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы:
– Қоғамды жетілдіру үшін міндетті түрде адамды, қоғамдық қатынастарды жетілдіру керек. Дүниенің ақиқаты – біздің жүрегімізде. Өзімізді, санамызды жетілдіру арқылы біз кемел адамға жетеміз. Ұлттық құндылықтарымызды бойымызға толық сіңіргенде ғана бәсекеге қабілетті боламыз. Біз Ясауи әлемінің есігін енді ғана аштық, оған кірген жоқпыз. Ясауи жолы – өзіңді танысаң, Алланы танисың. Оны зерттеу енді ғана басталды деп айтуға болады. Егер біз Ясауи мұрасын бойымызға сіңірсек, дәулетті де сәулетті ел болатынымыз күмәнсіз.

Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы:
– Ясауидің ілімін тек қазақ халқы ғана жалғастыра алады. Қазақтың мемлекеттілігінің өзі о баста осы Ясауи ілімінің негізінде құралған еді. Ясауи мемлекеттің дамуының төрт негізгі принципін көрсеткен: Заман, Накян, Ихуан және Сұлтан. Заман деген – тыныштық категориясы. Қандай да бір елдің дамуы болу үшін ол елде тыныштық болу керек. Накян – кеңістік деген сөз. Яғни Отаны мен мекені болу керек. Үшіншісі, Ихуан – яғни халықтың бауырмалдылығы (қазіргіше айтқанда, толеранттылығы). Төртіншісі – сұлтанның халқына адал болуы және халқының сұлтанына сенімі керек. Осы іспетті ұстанымдарын бүгінгі қоғамға дәл сол кесек қалпында қабылдай салуға болады. Мүлде ескірмеген.

Айдар Абуов, Әділет министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры:
– Біздің қазіргі қоғамда, әсіресе, БАҚ беттерінде суфизмді қаралау мәселесі белең алып барады. Әрине, олар суфизмді қаралау, айналып келгенде, қазақ мәдениетін қаралау болып шығатынын түсінбейді. Қазір елімізде түрлі діни ағымдар, оның ішінде фундаменталды исламның өкілдері, салафиттер бар екені белгілі. Солардың барлығына тойтарыс беретін бір ғана ілім бар. Ол – Қожа Ахмет Ясауидің ілімі.

Ой-түйін

Конференция барысында Қожа Ахмет Ясауи философиясының қазақ халқына идеология бола аларлық астары бар екені айтылды. Біз «елімізге Батыс мәдениеті, Шығыс мәдениеті, түрлі идеологиялар мен діни ағымдардың ықпалы қауіп төндіріп тұр» деп жиі шулаймыз. Олардың әрбіріне қарсы аттандап жеккөрінішті болғанша, төл мәдениетіміздің иммунитетін арттыра түскеніміз абзал шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста