Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына бір жыл

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына бір жыл

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына тура бір жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Осы аралықта Мемлекет басшысы 100-ге жуық заңға қол қойды.

 

Елімізде браконьерлер мен педофилдерге қатысты қолданылатын жаза күшейтілді. «Митинг» туралы жаңа заң қабылданды. Киік біткенге қырғидай тиетіндер қаптаған еді. Былтыр 47 браконьер қолға түскен. Аңдарға аяушылық танытпағандар абақтыға жабылды. Дүние-мүлкі түгел тәркіленді. Содан болса керек, қару асынатындардың қатары сиреген. Арқада ақбөкендер құралайын өргізіп, өріс таңдап жүр.

 

Нұрлан Кеулімжаев, Тірек бекетінің инспекторы:

 

– Қазір киіктердің төлдейтін уақыты. Осы Ақмола облысы Тайкеткен деген жерге биыл көп киік келді. Әдеттегіден 3 есе көп. Қазір біздің жұмысымыз – осы киіктердің кауіпсіздікте төлдеуіне мүмкіндік жасау. Тыныштығын сақтау. Көп киік егізден төлдеп жатыр. Бұл жақсылықтың нышаны деп білеміз.

 

Браконьерлерге жаза қатайған соң, аңдарға оқ ататындардың қатары сирейді деп сенеміз. Балаларға қол жүгіртетіндер де сап тыйылатын шығар.

 

Енді педофилдер кемі 20 жылға сотталады. Тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бала зорлау дерегін біле тұра, соны жасырып қалғандар да 6 жылға темір торға тоғытылмақ.

 

Митингке шыққандарды жаппай матап тастайтын. Енді бұқараның өз пікірін ашық білдіруіне болады. Бейбіт шеру ұйымдастыру үшін әкімдіктен рұқсат сұрап керек емес.

 

Марат Башимов, саясаттанушы:

 

– Оның пайдасы бар. Оны жақын күндері көреміз. Шерулер болады. Тек саяси ғана емес, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын шерулер өтеді. Тіпті профессорлар шеруге шыға алады. Барлығы орнымен болса, оның пайдасы бар деп айтуға болады.

 

Президент «Сайлау» туралы жаңа заңға да қол қойды. Енді саяси партиялардың қатарынан жастар мен әйелдерді жиі көреміз. Оларға 30 проценттік квота берілді. Жасы 29-дан аспаған маманның Парламент мінберінен сөз сөйлейтін кезі алыс емес.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

– Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін.

 

Қолданыстағы заңдар Президент тапсырмасына сай жыл сайын жетілдіріліп келеді. Қазір күн тәртібіндегі әлеуметтік, сондай-ақ құқықтық салаларға қатысты заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста