«ӨЗБЕКТІ ӨЗ АҒАМ» ДЕП ӨРЕКПИМІЗ, АЛ, ОЛАР ШЕ?

«ӨЗБЕКТІ ӨЗ АҒАМ»  ДЕП ӨРЕКПИМІЗ, АЛ, ОЛАР ШЕ?

Күлтегін мен Тоныкөктың заманы, иә, ол кез түркінің бірлігі бекем, ауызы ала кез емес-тұғын. Кейіннен араға жік түсті.  Қазтуған жырау дау екеу, би төртеу болған шақта «...Мен салмадым, сен салдың, қайырлы болсын сіздерге  бізден бұл  қалған Еділ жұрт!» деп Еділдің бойынан үдіре көшті. Сонан бері қаншама ғасыр өтті... Бүгінде егемен еліміз сол шашылып кеткен түркінің ұрпағын Тұранның даласына жинап жатқан жайы бар. Елбасы 2015 жылға дейiн Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткiзудi межелеп отыр. Осындайда шетте жүрген қазақ бауырларымыз еске түседi. «Таң бишілері» еліндегі  2 миллион, Өзбекстандағы 1,5 миллион, Шыңғысханның сары жұртында қалған 145 мың, орыста қап кеткен 800 мың, Түркіменстан ауған 100 мың, Памир үстіртін мекендеген 80 мың, Анадолыдағы 40 мың, қала берді Еуропадағы бір шоғыр қазақты қоссақ, 5 миллионға жуықтап қалады екенбіз.
Хош, әлемде қазақтар қоныстанбаған жер жоқ деп мақтансақ та болатындай. Алайда, сол шеттегі қаракөздің жағасына жат жармасса, жағдайы мүшкіл тарта бастаса қаншалықты ыстығына күйіп, суығына тоңа алдық?
Бүгінгі сөз еткелі отырғанымыз іргелес көрші Өзбекстандағы қазақтардың тағдры жағдайы болмақ. Орта Азия елдерінің көбінде кеден бекетінде  «кімнің кім екендігін» байқап қалып жатамыз. «Алаш айнасының» айтпағы, шекараның аржағындағы  қаракөздердің тағдыры.
ОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР «ӨЗБЕК» БОЛЫП ЖАЗЫЛЫП ЖҮР
Осындайда «Жағама қолдың тигенін жалғыздық сенен көремін, жамаулы киім кигенім, жарлылық сенен көремін» деген Ақтамберді жыраудың ащы жыры  ойға оралады. Бізде халықтардың ұлы достығы жарасқан, өзге этностарға бар жағдай жасалынған. Діни наным-сенім, дәстүр, білім алу, ем қабылдау  бәрі-бәрі тамаша. Ал, біз өзгені өзекке теппей әлпештеп отырғанда, өзгелер қандастарымызға әлімжеттік жасап жүр. Мәселен, тарихи деректерге қарағанда, Өзбекстандағы қазақтардың басым көпшiлiгi ешқайдан да ауып келмеген. Олар отырған жерлерiн өздерiнiң тарихи атамекенi санайды. Кешегi кеңестiк кезеңде шекара бөлiске түскенде Өзбекстан құрамына енiп кеткен. Бұл бертiнде болған жағдай. Ал, тарих бiр замандарда мұнда қазақтардың саны басым болған деген деректердi алға тартады. Ең өкiнiштiсi сол—өзбекстандық ағайындардың көпшiлiгiнiң ұлты төлқұжатта өзбек болып жазылып кеткендiгi. Егер бізде өзге ұлттың төлқұжатына рұқсатсыз «kazakh» деп жазылса, не болатындығын айтпаса да түсінікті...
Ендеше алатақиялы ағайынның арасында жүрген қаракөздердің алаңына назар салайық:
Бірінші, өзбектендіру саясаты әлі де қарқын алуда. Оның дәлелі өз елінде жүргізілген халық санағында қазақтардың саны жылдан жылға азая түсуде. Әр жерде әрқилы. Кейбiр деректерде миллионға жуық делiнсе, ендiгi мәлiметтерде бұл цифр одан да асып жығылады.  Соңғы жылдарда Қазақстанда «Көшi-қон» бағдарламасы жүзеге асқаннан соң өзбек елiндегi қандастардың тарихи отанына ағылуы арта түстi. Ондағы қазақтар негiзiнен Ташкент облысының Бостандық, Жоғарғы Шыршық, Орта Шыршық, Төменгi Шыршық, Жаңа жол, Қыбырай, Шыназ, Бөке аудандарында, сондай-ақ,  Науаи облысының Тамдыбұлақ, Кенимех аудандары мен Үшқұдық, Заравшан қалаларында, Сырдария, Жызақ, Бұхара облыстары мен Қарақалпақстан автономиялық республикасында мекендейдi. Қазақтың бағызыдан келе жатқан салт-дәстүрiн, жөн-жоралғыларын бұзбай ұстап, ардақ тұтып келе жатқан қазақтар негiзiнен жергілікті шарт-жағдайға қарай диқаншылық кәсiппен және мал шаруашылығымен айналысады.
Екінші, қазақ мектептері жоқтың қасы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елдегі басым көп санды мектептерде қазақ сыныбы жоқ. Барында қазақ тілді оқулық жағы шешілмеген. Мәселен, жоғары оқу орнында бізбен бірге оқыған Өзбекстанның Бостандық ауданынан келген  бауырмыз орта мектепті Ташкенттен бітірген екен. Айтуынша қазақ сынып аты ғана, сондағы қазақ диаспорасының түрлі жиындарында, Қазақстаннан қонақтар келгенде ғана қағаз жүзінде пәленбай қазақ сыныбы бар. Кітап қорымызда қазақтың пәлен мың дана кітабы бар деп жатады екен. Қалған уақытта өзбекше «гәпіреді». Мәселен, бір ғана Оңтүстік қазақстан облысындағы Сайрам ауданында өзбек мектептері жетерлік. Ал, Сарыағашта тәжік мектептері бар. Сонда біздікі не? Бір сөзбен «аттыға ілесем деп жаяудың таңы айрылыптының» кері боп тұр... 
Үшінші, қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары кемшін. Бүгiнде Өзбекстанда үш қазақ театры бар. Оның бiреуi — Нөкiстегi «Бес қала» театры, екiншiсi — Жызақ облысының Гагарин қаласындағы  Анарқұл Құлманов атындағы республикалық қазақ театры болса,  үшiншiсi — Ташкент облысының Жоғарғы Шыршық ауданындағы қазақ театры. Сондай-ақ, естуге ауыр ақиқаттар да аз емес. Мәселен, соңғы 10 жыл iшiнде Өзбекстанда 500-қазақ мектебінің саны жыл өткен сайын азайып бара жатыр. Қазақша газет-журнал іздесең таппайсың. Былтыр, Самарханда Жалаңтөс баһадүр бабамыздың мерейтойына байланысты елімізден  барған делегацияда қалам ұстаған зиялы қауымның өкпесі қара қазандай. Оңтүстікте, «өзбек драма театры», «Сайрам тв» телеканалы, «Жанубий Қозоғистон газетаси» бар. Тіті, біздің оңтүстіктегі шекараға жақын кей аудандар әліге дейін өзбектің телеканалын қарап отыр. Себебі ондағы идиология мемлекет құраушы ұлттың мүддесін бірінші орынға қойып отырғандығында. Тіпті, соңғы жылдары орыс телеарналарының өнімдерін эфирде беруге тиым сала бастапты. Егер бізде де шетелдік қаптаған телеарналардың санын азайтып, киоскіде қаптаған орыс газеттерін жазылымнан қысқартсақ қалай болар еді? деген сұрақ мазалайтыны белгілі.  
Төртінші, қазаққа «бұйым» (ақша, жылжымайтын мүлік, жеке пәтері) алып өту қиын, өзбекке «тиын» алып өту оңай.  Сіз Өзбекстан азаматтығынан бас тартып, атамекенге оралмақшы болсаңыз, ондағы жылжымайтын мүлікті саудалай алмайсыз. Ол сонда қалады. Алда-жалда жасырын саудалап жатсаңыз да арзымайтын тиын. Кеше ғана шымкенттің іргесінде Бозарық елді мекенінде екі бөлмелі там үйін әзер салып бітірген Арман Базарбаевтың шыршық ауданындағы 6 бөлмелі өзбек үлгісінде салынған үйін тым арзанға саудалағанын  айтып қоймайды. Сөзінде өкпе көп. Елге келгенде көп қиындыққа кездескен. Қысас қылғандай атамекенге келген жылы оралмандарға берілетін квота да 2015 жылға дейін тоқтатылып тасталыпты. Көші-қон барысында кеденнен оралмандар дүние-мүлкін алып өтуде қиындыққа кезігеді. Кеден салықтарының жоғарылығынан олар бүкіл мал-мүліктерін кеденнен өткізе алмайды. Сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалардың ішінде Түрікменстан мен Өзбекстанда үй-жайларды сатуға 10 жыл мерзімге дейін шектеу қойылған. Сондықтан олар жеке меншік үйлерін долларға немесе теңгеге сата алмай, тастап кетуіне тура келеді.
Бесінші, мемлекеттік жүйе ондағы «аға» ұлтқа қызмет етеді. Әлеуметтік көмектен қаракөздер шеттетілген. Мемлекеттік қызметке тұру қиынның қиыны. Алайда кейбір дереккөздерінде көрсетілгендей, Өзбекстандағы қазақтардың бірталайының ұлты өзбек деп жазылып кеткен. Себебі, қызметке тұру үшін сөзсіз өзбек болуы шарт. Негізі бейресми дереккөздерде ол елдегі қазақтар кем дегенде 1 жарым миллионға жуықтайды деген болжам бар. Бір жағынан бұл елде өзбектендіру саясаты халық санағын қолдан жасап отырмасына кім кепіл?  Кеңестік кезеңде орталықтың шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандары Өзбекстанға берілгені белгілі. Сол кезде жергілікті халық көрші елдің құрамында қалып қойды. Бүгінде олардың көпшілігі қоғамдық-экономикалық жағдайға байланысты Қазақстанға қайтуды қалайды.
ТАШКЕНТПЕН ҚОШТАСУ
Кезінде қазақтың Қадағаңы (Қадір Мырза Әлі) жылы бағалаған ақын Қасымқан Бегманның «Ташкентпен қоштасу» деген жыры бар еді. Онда жанары жасқа шыланған ақынның жатта қалған жер үшін кеудесі қақ айрылған-тұғын. Ендігіде, тарихшылар зерттеп жатыр. «Өзбекстандағы қазақтар өткен ғасырда өзағамнан да көп болған екен». Бұл тарихи зерттеу институтының тарихшыларының қортындысы. Сондай-ақ, кешегi отызыншы жылдары Қазақстанда ашаршылық жайлап тұрғанда Ташкенттiң тоқ қалаға айналғанын да жоққа шығаруға болмайды. Ашаршылықтан ағайын сағалап, ауа көшкен бiраз қазақ сол кезде Өзбекстанды паналады. Елге тоқшылық келген соң олардың бiразы Қазақстанға қайтып оралды, бiразы сол жақта бiржолата қалып қойды. Дегенмен, бүгiнгi Өзбекстандағы қазақтардың басым бөлiгi көп жылдан берi осы өңiрде өмiр сүрiп келгенiн мұндағы жер-су аттары дәлелдейдi. Сондай-ақ, арда қазақтың ардақтыларын жат жерге емес, өздерiнiң атақонысына жерлейтiнi тағы белгiлi. Ендеше, бұл орайда да ойланатын мәселелер жетерлiк. Солардың бiрi — Ташкент қаласының төрiнде орналасқан Төле би бабамыздың кесенесi, Бұхара, Самарқанның әмiрi болған Әйтеке бидiң бабасы Жалаңтөс-Баһадүр — Дағбыт мазары, Көкше мешiтiнiң маңындағы мазарда   ХVII ғасырда жерленген Сiргелi руынан шыққан Жабай ата зираты, Ташкенттiң солтүстiк-батысында орналасқан Шымыр бабамыздың кесенесi, оған қоса ру-тайпалардың атымен аталып келе жатқан  Сiргелi, Қыбырай аудандары, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Рамадан, Дархан, Оймауыт, Қараманас СЫНДЫ ауылдар атауы бұған толықтай дәлел бола алады.
Қыдырәлi САТТАРОВ, филология ғылымының докторы, профессор:
     —Ташкент  қаласы мен оның аумағында қазақтардың кешеге дейiн көп болған. 1912-1921 жылдардағы алғашқы халық санағы кезiнде Ташкент уезiнде 168 мың қазақ, 17 мың өзбек болғандығы статистикада көрсетiледi. Ол кезде ала тақиялы ағайындар қазiргi Өзбекстан территориясының 7 ауылы мен қаласын ғана мекен етiптi. 

Ықылым заманда Өзбекстандағы Замин тауларына қазақтар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» барған екен. Сондай-ақ, мұнда Қоралас ауылы және Құрама рулар да болған. Соңғы кездерi қазақ пен өзбектердiң араласуымен құрама рулар пайда болды деген жаңсақ пiкiр айтылып жүр. Шындығы, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезiнде  жаудың тұтқиылдан жасаған шабуылына тап болып, қырылып қалған халықтың жолға жарайтын бала-шаға, кемпiр-шалдарын көшке қосып, әрбiр рулы елден жиналған халықты Ташкент аймағындағы Ангрен, Шыршық, Сыр бойына әкелiп орналастырған екен. Сол кезде Ташкенттi билеп тұрған Төле бидiң «соғыстың тоқтағанына да он бес жыл болып қалыпты-ау, жаралы, аш-жалаңаштардан құрылған рулар құрамасынан 150 мыңдай халықты Ангрен, Шыршық аңғарына алып барып тастаған едiк. Олардың ахуалынан хабар ала алмай келемiз» деген сөзi бар.
Қысқасы, «Құрама халқының тарихы» туралы зерттеу мәселесi әлi тың жатқан дүние. Ташкент облысы мен бүкiл Өзбекстанда тарыдай шашылып жатқан құрамалардың қазақ арасындағылары қазақ болып, өзбек арасындағылары өзбек болып кеткенi көрiнiп тұр. Кезiнде мұнда қазақ ұлтының саны басым екендiгi ескерiлiп, заманның қиындығына қарамай Ташкент қаласында (1918-1928 жылдары) Қазақ педагогикалық институты ашылып, кадрлар даярланған.
Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні:
«Өзбек өз ағам» деп жатамыз. Алайда олар ше?  Кешегi кеңес заманында компартия басшыларының солақай саясаты салдарынан Өзбекстан аумағына өтiп кеткен аудандар қаншама? Ал біз үнсізбіз. Ара ағайындық, түбіміз түркіге тән, дініміз хақ ислам болғасын, даламыздың дархандығындай кеңпейілділікпен... Әйтсе, орта Азияда түркіден қалған бел жайлау, сары жұртын шегі қайда бармап еді???  Мақсат--тарихымызды түгендеу, шеттегі қазақтың мұңын билікке жеткізу.  Ол тарихтың бір парасында  шеттегі (Өзбекстандағы қазақтар)  ойып орын алары сөзсіз.  Ендеше, сондағы қаракөз толық «гәпіріп» кетпей тұрғанда қам жасаған жөн болар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста