«Мемлекеттік тіл туралы» Заң қашан қабылданады?

«Мемлекеттік тіл туралы» Заң қашан қабылданады?

Парламент депутаттары жазғы демалысқа кетті. Халық қалаулылары кезекті сессияны қорытындылай отырып, өздерінің аз еңбек сіңірмегендерін, бас-аяғы екі жүзге жуық заң жобасын талқылап үлгергендерін сөз етті. Расында, Парламент мақұлдаған заңдар еліміздің тыныс-тіршілігіне қатысты түрлі саланы қамтиды екен. Алайда сол заңдардың арасынан көптен айтылып жүрген «Мемлекеттік тіл туралы» Заңды тағы көре алмадық. Мұндай заңды қабылдау өткен сессияны былай қойғанда, Парламенттің IV шақырылым депутат­тарының маңдайына жазбаған сияқты.
«Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы Пар­ламент қарауына ұсынылмаған да болып шықты. Заң жобасын ұсынуға құ­зыреті жететін үш-ақ мекеме бар. Депу­тат мырзалар «бізге осындай заң жоба­сын дайындайтын жұмыс тобын қамта­ма­сыз етуге қаржы бөлінбесе, өздігіміз­ден жасап шыға алмаймыз» деген жауап айтады. Осылайша Мәдениет министрлігі ұсынған «Мемлекеттік тілді дамыту» бағ­дарлама­сымен көңіл жұбатуға тура ке­летін сияқ­ты.
Өздігінен бастама көтеріп, өз күш-жіге­рімен мемлекеттік тіл туралы заңның нұсқасын дайындап шыққан азаматтар бар. Алайда жеке адамды былай қойғанда, қоғамдық ұйымдардың да заң жобасын ұсынуға құқы жоқ. Сондықтан еріктілердің құрап шыққан жобаларын ешкім «мына­уың құжат екен» деп қарап жатқан жоқ. «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшімнің айтуынша, же­келеген азаматтар тарапынан Парламентке екі бірдей заң жобасы ұсынылған бола­тын. Оның бірі – «Ұлт тағдыры» қозға­лысының атынан өзі ұсын­ған нұсқа болса, екіншісі – «Әділет» пар­тиясының төрағасы Мақсұт Нәрік­баев­тың нұсқасы. Өкінішке қарай, бұл заңна­малардың кемшіліктері қай жерінде еке­ніне, неліктен қарастырыл­май­тынына еш­кім жауап бермейді. Қыс­қасы, «Мемле­кет­тік тіл туралы» Заңның кө­лең­кесі де алыс­тап бара жатқан сияқ­ты.
Соңғы кездегі министрліктегі бірқатар шараларға қарап, «Мемлекеттік тіл тура­лы» Заңның мүлде қарастырылмауы мүм­кін бе деген сауал туындайды. Жуырда ғана Мәдениет министрлігі жанындағы Тіл комитетінде «Тіл туралы» заң жоба­сына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақ­са­тында арнайы жұмыс тобы құрылды. Яғни бұл мемлекеттік тілдің мәр­те­бесін көрсететін жаңа заң қабылда­май-ақ, қол­да­ныстағы заңға аз-маз толық­тырулар енгізумен шектеліп қалуы мүмкін деген сөз.
Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:
– Естуімше, «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын бірқатар депутаттар да жасап, ұсынған екен. Сондай осыдан үш-төрт жыл бұрын «Ұлт тағдыры» қозғалысы, кейіннен «Әділет» партия­сы да осындай заң жобасын ұсынған болатын. Бірақ олардың ешбірі Парламенттің қарауына жете алған жоқ. Еліміз үшін аса қажетті осы тақы­рыпты шешу­де депутаттар неліктен самарқаулық көрсетіп жүргеніне таңым бар. Меніңше, ұлтжанды депутаттар бір емес, бірнеше рет көтерсе, күн тәрті­біне еніп те кетер еді.

Шерубай Құрманбайұлы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры:
– «Тіл туралы» Заңға өзгерістер енгізу бо­йынша комиссия құрыл­ғаны жөнінде естідім. Бірақ оның құрамына кімдер кіре­тіні жөнінде хабарым жоқ. Ал «Мем­ле­кеттік тіл туралы» Заңның кешеуілдеп жатқаны өкі­нішті-ақ. Депутаттар демалысқа кетпей жатып қа­былданады деген уәде айтылғаны рас. Енді бұл іс келесі маусымға, мүмкін, тіпті келесі шақырылымның депутаттарына қалды.
Розақұл Халмұрадов, Мәжіліс депутаты:
– «Мемлекеттік тіл туралы» Заң Парла­мент­ке, Мәжіліске келіп түскен емес. Ал депу­таттар өздігінен бастама көтеріп шығу­ға қаржы керек. Конститу­ция бойынша Үкі­мет ол заңға оң қоры­тынды бермесе, ол Парламентте қарал­майды. Қазір Қазақ­стан­дағы тіл саясаты жөніндегі кейбір мәселелер бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыс тобы құрылып, Мәдениет министр­лігін­дегі Тіл комитетінде қаралып жатыр. Жал­пы, «Мемлекеттік тіл туралы» Заң қа­был­­да­нуы үшін алдымен Конституцияға өз­ге­­ріс­тер енгізуіміз қажет. Онсыз «Мемле­кет­тік тіл туралы» Заң қабылдануы мүмкін емес. Конституцияның 7-бабында «Мемле­кет­тік органдарда, жергілікті өзін-өзі бас­қару ор­гандарында орыс тілі мемлекеттік тіл­мен тең, қатар жүреді» деген тіркес бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста