Мемлекет басшысы Бақытжан Ертаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Бақытжан Ертаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында Бақытжан Ертаевтың өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ой-пікірін тыңдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жуырда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Әділетті Қазақстанның негізін қалайтын Адал азамат туралы ойларын ортаға салғанын атап өтті. Бұдан бөлек, сын сағатта басын қатерге тігіп, жанқиярлықпен ерлік танытқан, Отанына адал қызмет еткен тұлғаларды жастарға үлгі ету және  қарапайым еңбек адамын дәріптеу маңызды екеніне назар аударды.

 

Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев өзі басшылық ететін «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Сондай-ақ әскердегі тәрбие ісін нығайту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

 

Президент ұйымның бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Сонымен қатар Бақытжан Ертаевтың тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құруға  елеулі еңбек сіңіргенін атап өтіп, оның ел игілігі үшін атқарып жатқан қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста