"Бесінші колонна" дегеніміз не?

"Бесінші колонна" дегеніміз не?

Санкцияларға жауап ретінде Қызыл Кремль Батыс елдерінде ресми Мәскеуді қолдайтын партиялар мен саяси тұлғалардың қарасын көбейте бастады. Ресейге қуатты қолдау көрсеткен елдердің бірі – провославтық Грекия. Осы елдің әсіре солшыл деп танылған «Сириза» партиясы билік басына келді. Сөйтіп оның басшысы Алексис Ципрас елдің премьер-министрі болып сайланды. Бұл партия Ресейге қолдау көрсетіп, Еуроодақтың санкцияларына қарсы шығуға кірісті.

Еуропалық сарапшылар «Сириза» партиясы мен Кремльді Еуроодақ пен еуроинтеграцияға қарсы мүдде мұңдас, мақсаттас етіп тұр деген пікір айтады.
Постсоциалистік елдер ішінде экономикалық дамуы мен саяси жүйесін демократияландыру тұрғысынан басқа көршілеріне қарағанда оқ бойы озып келе жатқаны Чехия болып табылады. Осы елдің президенті Милош Земан – Кремльдің саясатын қызу қолдап жүргендердің бірі. Еуропалық зерттеушілер Милош Земан президенттік сайлау науқаны кезінде Ресейдің «Лукойл» компаниясының Чехиядағы кеңсесінен қомақты қаржы алғанын айтады.
Кремль, әрине, Грекия мен Чехия сияқты әлеуеті төмен елдермен шектеліп отырған жоқ. Франциядағы әсіре оңшыл «Ұлттық фронт» париясының лидері Марин Ле Пен ханымды Путин режимі мен Мәскеу саясатының ықпалды қолдаушысы әрі жанашыры деуге болады. Айта кетейік бұл партия «Франция – француздар үшін» деген ұранды стратегиялық мақсаты санайды. Сондай-ақ Марин Ле Пен Франция үшін еуроинтеграцияның пайдасынан зияны көп деп санайтын саяси тұлға. Жуырда француз ақпарат құралдары Марин Ле Пеннің партиясы Кремльге тиісті саналатын орыс-чех банкісінен 9 миллион доллар көлемінде несие алғанын жазды. Ал осы «Ұлттық фронт» партиясының негізін салған, Марин ханымның әкесі – Жан-Мари Ле Пеннің Швейцариядағы есеп-шотына орыстың «Внешэкономбанкі» 2 миллион доллар аударғаны жайлы да деректер жарияланды.
Ал Британия ақпарат құралдары Кремльдің ел парламенті--Лордтар палатасының мүшелерін қаржылай қолдап келе жатқанын жазып жатыр. Лорд Питер Траскоттың «Газпром» компаниясынан, ал кезінде Тони Блэр үкіметінде министр лауазымында болған лорд Питер Мандельсонның орыс олигархтары Олег Дерипаска мен Владимир Евтушенковтың қаржылық құрығына түскенін сарапшылар ашық айтуда. 2013 жылы лорд Питер Траскотт Путинді Нобель сыйлығына ұсынған болатын. Британияның бұрынғы қаржы министрі Пол Майнерс Рейсейдегі ең бай олигархтардың бірі Алишер Усмановқа тиесілі «Мегафон» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі екенін айта кету керек.
Кремльдің құрығынан Германия да құтыла алмапты. Германияның радикалдық саналатын Ұлттық-демократиялық партиясы мен «Германия үшін балама жол» партиясы бүгінде Мәскеудің ырқынан шыға алмайтын ұйымдарға айналған.
Әрине, жоғарыда аты аталған әсіре оңшыл немесе солшыл партиялар бүгінде өз елдерінің саясаты мен даму бағытын айқындап, билік басында отырған партиялар емес. Негізінен бұл партиялар – өз үкіметтері мен Еуроодақтың саясатын жүргізетін Брюссельге оппозициялық бағыт ұстанған. Бірақ бұл партиялардың дауысы мен дүмпуі жер жармаса да, өз елдеріндегі тұрғындардың қоғамдық пікіріне ықпал етуге әлеуетті.
Саяси терминологияда құпия агенттер мен опасыз сатқындарды, дағдарысты жағдай кезінде ел ішінде үрей туғызып, диверсиялар жасайтын, жалпы өз елінің мүддесін емес, қаржы үшін немесе идеологиялық үндестігіне орай басқа елдің саясатын қолдайтын күштерді «бесінші колонна» немесе «бесінші лек» деп атайды. Кремль Батыс елдерінде осындай «бесінші колоннаны» негізінен қаржының күшімен жасақтап жатыр. Кезінде Америка да 5 миллиард доллар қаржы жұмсап, осы «бесінші колоннаның» көмегімен Киевте төңкеріс жасағаны жөнінде ақпарат көп. Саяси партиялар мен ірі ықпалды тұлғаларды қаржыға алдаусыратып, өз мүддесі жолында пайдалану дипломатия мен барлау қызметтерінің бұрыннан келе жатқан тәсілі. Римдіктер: «Үстіне алтын артқан есектің алмас қамалы жоқ» дейді. Сол қаржының көмегімен тек қамалдар алынбай, талай мемлекеттік төңерістер жасалуда. Қазан революциясы кезінде Владимир Лениннің неміс капиталын кеңінен пайдаланғаны жайлы деректер шаң басқан архивтерден табылып жатыр.
Қазақстанда да «бесінші лек» картасының ойналу ықтималы жоқ еместігін саясаттанушылар мен тәуелсіз сарапшылар айтып келеді. Осы тұрғыдан алғанда елдің бірлігі мен ынтымағы, «жоқ жерден жік шығып, екі құлағы тік шығып» қауымның тұтастығына іріткі түспеуін қадағалау ханның да, қараның да парызы болып тұр.

oinet.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста